Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензин мен дизель отынының алымын Жол қорына есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 ж. 15 шілде N 324 бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 542. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      4. "Қазақстан Республикасында өндiрiлген және әкелiнген бензин мен дизель отынының алымын Жол қорына есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы Нұсқаулық" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1998 жылғы 15 шiлдедегi N 324 бұйрығы (N 542 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)....

      Төраға

_______________________________  

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы министрлігінің
                                       1998 ж. 15 шілде N 324 
                                        бұйрығымен бекітілген

             Қазақстан Республикасында өндірілген және 
    әкелінген бензин мен дизель отынының алымын Жол қорына 
    есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы 
                         НҰСҚАУЛЫҚ  

      Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы"  U952701_  Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 маусымдағы  Z980231_  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасына әкелінген бензин мен дизель отынынан алынатын алымды Жол қорына есептеудің және төлеудің мынадай тәртібі белгіленді. 
      Бензин мен дизель отынынан алым төлеушілер: 
      Қазақстан Республикасының аумағындағы өндірілген бензин мен дизель отынын оларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырушы; 
      дизель шикізатын бензин мен дизель отынын өндіру үшін тапсырушы; 
      Қазақстан Республикасының аумағына бензин мен дизель отынын импорттаушы - заңды және жеке тұлғалар болып табылады. 
      Бензин мен дизель отынының алымы теңгемен төленеді. 
      Бензин мен дизель отынының алымын: 
      өндіруші - оларды сатып алушыға босатқан кезден (экспорттық жөнелтулерді қоспағанда), ал алыс-беріс шикізатынан өндірген жағдайда - оларды тапсырып беру сәтінде;
      кеден қызметінің органдары - Қазақстан Республикасының аумағына оларды әкелген кезде, - ұстап қалады.
      1998 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына импортталған бензин мен дизель отыны алымының ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді:<*>
      бензин жөнінде (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін 4000 теңге;
      дизель отыны жөнінде - бір метрлік тонна үшін 3490 теңге.
       ЕСКЕРТУ. Оныншы абзац өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 1998.07.30. N 348   V980581_   бұйрығымен.
     1998 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:<*>
      бензин бойынша (авиациялығын қоспағанда) - метрлік тоннасы үшін - 2000 теңге;<*> 
      дизель отыны бойынша - метрлік тоннасы үшін - 0 теңге;<*>
       ЕСКЕРТУ. Нұсқаулық он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 1998.07.30.
N 348   V980581_   бұйрығымен .

      1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап алымның ставкасы тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленеді.
      Бензин мен дизель отынын өндірушілер өздеріне қызмет көрсететін банктерде заңды және жеке тұлғалар төлейтін бензин мен дизель отыны алымдарының сомасын оларға есептеу үшін жұмсау құқығынсыз қосалқы шоттар ашады. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кеден комитетінің органдары Қазынашылық органдарында жұмсау құқығынсыз "Аманат бойынша сомалар" шотын, оларда импортталатын бензин мен дизель отынының алымдарының сомасын есептеу үшін ашады. 
      Алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинді және дизель отынын алғашқы сату кезінде бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның сомасы шот фактурасында жеке жолмен көрсетіледі және ҚҚС есептелген кезде есепке алынбайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 
1998.10.07. N 464   V980619_   бұйрығымен.
      Банктер мен Қазынашылық органдары аталған шоттардан күн сайын қаражаттардың қалдығын өзінің аманаттары арқылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің республикалық Жол қорының қосалқы шоттарына аударады. 
      Төленуге тиісті бензин мен дизель отыны алымдарының сомасы жұмсау құқығынсыз "Аманаттар бойынша сомалар" шоттарына түскен соң Бензин мен дизель отыны өндірушілер бұл материалдарды босатуды жүзеге асырады. 
      Бұл орайда бензин мен дизель отынын өндірушілер салық шот-фактура есебінен алымның сомасын жеке жолда көрсетеді және ҚҚС есептеген кезде қоспайды. 
      Өндіруші 1998 жылдың 1 шілдесіне дейін кредиторлармен есеп айырысқан жағдайда, бензин мен дизель отынын босату аталған алым төленген соң жүргізіледі. 
      1998 жылдың 1 шілдесінен соң, берерменге бензин мен дизель отыны құнының төленген уақытына қарамастан, республика кеден заңдарында белгіленген еркін айналыс үшін шығару режимінің талаптары орындалғаннан кейін, сондай-ақ бензин мен дизель отынынан алынатын алым сомасы жоғарыда аталған шоттарға түскен соң, импортталатын бензин мен дизель отынын кеден органдары еркін айналыс үшін босатады. Қосылған күн салығын есептеу кезінде, бензин мен дизель отыны әкелінген кезде, салық салынатын импортқа кедендік құн, кеден баждарының, салықтардың, алымдардың, оның ішінде тауарларды импорттау кезінде төленетін бензин мен дизель отыны алымының сомасы қосылады. 
      Бензин мен дизель отыны алымының ұсталуы, Жол қорына толық және уақытында аударылуы үшін жауапкершілік осы материалдарды өндірушілерге және кеден қызметі органдарына жүктеледі. 
      Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатынан өндірілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген бензин мен дизель отыны бойынша алымды оларды өндіретін тұлғалар ұстап қалады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Жиырма екінші абзац өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 1998.07.30. N 348   V980581_   бұйрығымен.  
      Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген алыс-беріс шикізатынан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары өндірілген бензин мен дизель отыны әкелінген жағдайда алым төлеушілер болып Қазақстан Республикасының аумағына осындай әкелімді жүзеге асырған тұлға саналады. 
      Жол қорына алымның уақытында төленбеген сомасы осы сома төленетін күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген кері қаржыландырудың 1,2 есе ресми ставкасы мөлшеріндегі өсімақыны есептей отырып, мерзімі өткен әрбір күн үшін (төлем күнін қоса) өндірушіден қайтарып алынады. 
      Бензин мен дизель отынын өндірушілер мен кеден органдары есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде, тоқсан сайын аумақтық салық органына Жол қорына есептелген және қосылған алымдардың сомасы туралы, төлеушілерге бөлінген мәлімет беріп тұрады. 
      Кеден органдары мен теміржол бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен дейінгі мерзімде, тоқсан сайын аумақтық салық органдарына заңды және жеке тұлғалардың осы аймаққа әкелген бензин мен дизель отынының көлемі туралы ақпарат беріп отырады.
      ТМД-ға мүше мемлекеттерден (оның ішінде Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерден), осы мемлекеттердің аумағында өндірілген бензин мен дизель отынын әкелген кезде алым жалпы белгіленген тәртіппен төлеуге жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады