"Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті тіркеуге алудың тәртібі туралы" Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 1998 жылғы 5 қазан N 175 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қарашада тіркелді. Тіркеу N 635. Күші жойылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 226 бұйрығымен. ~V991030

      "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңды, республика аумағында басылатын, әуе толқынына шығатын, оның ішінде шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық ақпарат құралдарын есептік тіркеуге алудың және қайта тіркеудің тәртібін реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қазанындағы N 1474 P971474_ қаулысымен бекітілген ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ережені жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қосып беріліп отырған "Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті

тіркеуге алудың тәртібі туралы" ұсынылып отырған Ережелер бекітілсін.
     2. Бұқаралық ақпарат құралдары Департаменті (Гурский А.С.) 
белгіленген заң тәртібімен осы Ережелері Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
     3. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау БАҚ Департаментінің 
директоры А.С. Гурскийге жүктелсін.
     
     Министр
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                  Ақпарат және қоғамдық  
                                                   келісім министрінің
                                              1998 жылғы 5 қазандағы N 175
                                                   бұйрығымен бекітілді
     
             Бұқаралық ақпарат құралдарын есепті
                  тіркеудің тәртібі туралы

                         ЕРЕЖЕЛЕР
     
     Осы Ережелер Қазақстан Республикасының аумағында басылатын, әуе 
толқынына шығатын, сондай-ақ шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық 
ақпарат құралдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін реттейді.
     Ережелер "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 
(28.06.1991 жыл, N 735) Заңның талаптарына сәйкес және Қазақстан 

Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы (Үкіметтің 1997 жылғы 31 қазандағы N 1474 P971474_ қаулысы) Ережесінің негізінде жасалды.

                I. Жалпы ережелер

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі БАҚ) тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының аумағында басылатын, әуе толқынына шығатын, сондай-ақ шетел аудиториясына лайықталған, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу мен талдау мақсатында жеке немесе заңды тұлға қызметі түрлерінің бірі ретінде жүзеге асырылады.
      2. Есептік тіркеуге алуды (қайта тіркеуді) баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы саясатты жүргізуші мемлекеттік басқару органы болып саналатын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (бұдан әрі "Министрлік") жүзеге асырады.
      3. Министрлік БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің, сондай-ақ күші жойылған немесе қайтарып алынған куәліктердің бірегей тізілімін жүргізеді.
      4. БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке тек қана

Ақпарат және қоғамдық келісім министрі немесе министрліктің БАҚ 
Департаментінің директоры қол қояды.
     5. БАҚ-ты есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік қазақ және орыс 
тілдерінде беріледі.
     
                II. Есептік тіркеу нысандары
     
     6. Есептік тіркеуге мынадай БАҚ жатады:
     1) жалпы таралымы 100 данадан асатын баспа басылымдары (газет, 
журнал, бюллетень) және олардың қосымшалары;


      2) электронды (телерадиокомпания, телекомпания, радиокомпания, радиостудия, эфирлік-кабельдік және кабельдік теледидар);
      3) ақпараттық агенттіктер, өйткені оларға бірден бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялық, баспалық, таратушылық мәртебесі және құқықтық тәртібі беріледі;
      4) компьютер көмегімен немесе олардың банктері мен базаларында сақталған деректерді баспасөз хабарламалары, материалдары, бейнелеу түрінде таратуға арналған баспа басылымдары.
      7. Есепті тіркеудің қажеттігі жоқ:
      1) өздерінің тек қана ресми хабарламалары мен материалдарын, нормативтік және басқа да актілерін шығару үшін заң, атқарушы және сот билігі органдары құрылтайшы болған бұқаралық ақпарат құралдарын;
      2) таралымы жүз данадан кем болатын мерзімді баспасөз басылымдарын;
      3) тұйықталған үйде яки бір мемлекеттік (мемлекеттік емес) мекеменің аумағында, оқу орны немесе өнеркәсіп кәсіпорнында кабельдік жүйе бойынша таратылатын телерадио бағдарламаларын.

                      III. Куәлікті беру тәртібі

      8. Есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік осы Ережелерде көрсетілген талаптар мен шарттарды орындай отырып, белгілі бір аумақтық шекарада бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылымын іске асыру құқығын растайтын құжат болып табылады.
      9. Есептік тіркеуден өткен бұқаралық ақпарат құралы Министрлікте қайталанып есепке қойылмайды. Егер есептік тіркеудің қайталанғаны анықталса, онда мерзімі бойынша бірінші өткізілген тіркеу заңды болып табылады.
      10. Бұқаралық ақпарат құралы құрылтайшыға тіркеу туралы куәлік берілген күннен бастап есептік тіркеуден өтті деп есептеледі.
      11. Есептік тіркеу туралы куәлік шектелмеген мерзімге беріледі.
      12. Құрылтайшының бұқаралық ақпарат құралын шығаруға кірісу құқығы

тіркеу туралы куәлік берілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Бұл 
мерзімді өткізіп алған жағдайда БАҚ-ты есептік тіркеу туралы куәлік 
жарамсыз деп танылады.
     13. Есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік соттың азаматтық сот 
жүргізу ретімен немесе Министрлік тарапынан мына жағдайлар жарамсыз деп 
танылады:
     1) егер куәлік алдау жолымен алынған болса;
     2) егер бұқаралық ақпарат құралы бір жылдан астам уақыт бойы 
шығарылмаса немесе эфирге таратылмаса;
     3) егер бір бұқаралық ақпарат құралы тіркеуден екінші рет өткізілген 
болса.
     14. Есептік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік жоғалған 
жағдайда (жоғалғанда, жойылғанда т.б.) Министрлік "Көшірмесі" деген 
белгісі бар жаңа куәлік береді.

                   IV. БАҚ-ты есептік тіркеуге алу
                       (қайта тіркеу) тәртібі
     


      15. Есептік тіркеуді өткізу үшін БАҚ-тың құрылтайшысы (жеке немесе

заңды тұлға) Министрлікке мынадай құжаттар тапсырады:
     1) "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 9 
бабына сәйкес Министрлік бекіткен үлгі бойынша арыз;
     2) БАҚ-тың құрылтайшысын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды 
тұлға  үшін), кәсіпкерлік қызметке патенттің (жеке тұлға үшін), Жарғының 
(Ережелердің) нотариалдық куәландырған көшірмелері;
     3) электронды БАҚ үшін оның қызметін одан әрі негіздеген түсінік 
жазбасы;
     16. Арыз және оған қосымша құжаттар Министрліктің кеңсесінде 
тіркеледі.
     17. Арыз бен оған қосымша құжаттарды Министрлік түскен күнінен бастап 
15 күн ішінде қарайды. Ұсынылған арыздар мен оған қосымша құжаттарды 
пысықтап, зерттеу қажет болса, есептік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі 
ұзартылуы мүмкін, алайда бұл бір айдан аспайтын болуы тиіс.
     18. Бұқаралық ақпарат құралдарын қайта тіркеу:
     1) құрылтайшы;
     2) құрылтайшының ұйымдық-құқықтық үлгісі;
     3) бұқаралық ақпарат құралының атауы;
     4) бұқаралық ақпарат құралының түрі;
     5) тарату аумағы;
     6) бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері;
     7) тілі өзгерген жағдайда жүргізіледі.
     19. Бұқаралық ақпарат құралын қайта тіркеу есептік тіркеу тәртібіне 
сәйкес жүргізіледі. Егер қызметі құрылтайшының немесе соттың шешімімен 
тоқтатылған болса, БАҚ-ты қайта тіркеуге жол берілмейді.
     20. Редакцияның немесе БАҚ құрылтайшысының орналасқан жері, шығару 
мерзімділігі, көлемі, таралымы өзгерген жағдайда бұқаралық ақпарат құралы 
қайта тіркелуге жатпайды.
     Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралының құрылтайшысы бір ай 
ішінде жоғарыда аталған өзгерістер туралы Министрлікке хабарлауы тиіс.
     
                  V. БАҚ-ты есептік тіркеуден
                    (қайта тіркеуден) бас тарту
     
     21. Министрлік бұқаралық ақпарат құралын есептік тіркеуден мына 
негіздер бойынша бас тартуға құқылы:


      1) егер өтініш "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
      2) егер бағдарламалық мақсаттары мен міндеттері "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 2-бөлімінің 5-бабындағы ережелерге қарама-қайшы келсе;
      3) егер құрылтайшы болуға тілек білдірген адам (немесе құрылтайшылардың бірі) қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған болса;
      4) егер Министрлік осындай атаумен және сол аудиторияға лайықталған бұқаралық ақпарат құралына бұдан бұрын куәлік берген болса;
      5) егер есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін өтініш сол құрылтайшының бұқаралық ақпарат құралының қызметін тоқтату туралы шешімнің заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл мерзім біткенше берілген болса.
      22. Министрлік есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішті берушіге қайтарып береді, егер құрылтайшының атынан өтінішті бұған өкілеттігі жоқ адам берген болса.
      23. Есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы хабарлама осы бөлімнің 1-тармағында көзделген бас тарту негізін келтіре отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде жіберіледі.

                     VI. Тіркеу туралы шешімнің күшін жою

      24. Бұқаралық ақпарат құралын есепті тіркеу туралы шешімнің күшін Министрлік "Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 14-1 бабына сәйкес мынадай жағдайларда:
      1) егер бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы шешім қолданыстағы заңдылықты бұза отырып, шығарылса;
      2) баспасөз туралы Заңның 1-бөлімнің 5-бабындағы, сондай-ақ 18, 19, 26 және 26-1 баптарындағы талаптар бұзылғанда;
      3) бұқаралық ақпарат құралы өзінің тіркеу туралы өтінішіндегі бағдарламалық мақсаты мен міндеттерін бірнеше рет бұзғанда жоя алады.

                   VII. Дауларды шешу

      25. Егер Министрлік IV бөлімнің 3-тармағында белгіленген мерзімде

бұқаралық ақпарат құралын есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізбесе 
немесе өтініш берушіге негізсіз бас тартатынын білдірсе, өтініш беруші 
белгіленген тәртіп бойынша Министрліктің бұл қадамын сот ретімен шеше 
алады.
     26. Министрлік БАҚ құрылтайшысының іс-қимылын осы Ережелердің 
3-бөлімінің 3-тармағында қамтылған себептер бойынша даулауға құқылы.
     27. Бұқаралық ақпарат құралын тіркеуден (қайта тіркеуден) негізсіз 
бас тартқаны, өтініштерді қараудың мерзімін бұзғаны, есептік тіркеу туралы 
куәліктің күшін негізсіз тоқтатқаны үшін Министрлік Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заң тәртібімен жауапкершілікке тартылады.
     
     Оқығандар:     
            Умбетова А.М.
            Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады