Аудиттің 11 "Кезең басындағы бірінші аудиторлық тексеру, шоттар сальдосы" ережесін (стандартын) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 19 мамыр N 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 901. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. "Аудиттің 11»"Кезең басындағы бірінші аудиторлық тексеру, шоттар сальдосы" ережесін (стандартын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 814 болып тіркелді).
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_  Заң күші бар Жарлығына сәйкес 
                               Бұйырамын: 

 
      1. Аудиттің 11 "Кезең басындағы бірінші аудиторлық тексеру, шоттар сальдосы" ережесі (стандарты) бекітілсін. 
      2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Аудиттің 11 "Кезең басындағы бірінші аудиторлық тексеру, шоттар сальдосы" ережесін (стандартын) заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін. 
      3. Аудиттің осы Ережесі (стандарты) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді деп белгіленсін. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-министрі Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін. 

 
      Министр 

                                             Қазақстан Республикасы

                                              Қаржы министрлігінің

                                              1999 жылғы 19.05. N 216

                                              бұйрығымен бекітілген

 
      Бірінші аудиторлық тексеру, кезеңнің басындағы шоттардың сальдосы 
                       11 аудит (стандарт) ережесі 

 
      Кіріспе 

 
      1. Осы аудит (стандарт) ережесiнің мақсаты қаржы есептемесiн бiрiншi рет жүргiзгенде немесе егер қаржы есептемесi аудитiн бұрынғы кезең үшiн басқа аудитор жүргiзген жағдайда, кезең басындағы шоттардың сальдосына қатысты стандарттарды белгiлеу және басшылықты жүзеге асыру болып табылады. Осы ереженi (стандартты) болжаусыз жағдайларда және кезеңнің басында жас алынған келiсiм-шарттардың шартты сомасына қатысты назар аударуды ескеру қажет. Аудит бойынша басшылыққа және салыстыруға қатысты аудиторлық қорытындылар талаптары осы стандартта қаралмайды. 
      2. Бiрiншi аудиторлық тексеру кезiнде аудитор тиiстi аудиторлық жеткiлiктi дәлелдемелердi алуға тиiстi, атап айтқанда: 
      1) кезеңнiң басында шоттардың сальдосы бұрмаланбайды, ол есептi 

 

кезеңнің қаржы есептемесiне елеулi ықпал ете алады.

     2) бұрынғы кезеңнің соңында шоттардың сальдосы есептi кезеңге дұрыс 

ауыстырылған болатын.

     3) тиiстi есеп саясаты тiзбектiлiкпен қолданылады, ал оның

өзгерiстерi ескерiледi және бiрдей ашылады.

     3. Кезеңнің басында шоттардың сальдосы бұрынғы кезеңнің соңындағы 

шоттардың сальдосында есептеледi және мынадай нәтижелердi бiлдiредi:

     1) бұрынғы кезеңдердiң операциялары;

     2) бұрынғы кезеңде қолданылған есеп саясаты.

     Бiрiншi аудиторлық тексеру кезiнде аудитор осы шоттардың сальдосын 

растайтын дәлелдемелердi кездестiрмейдi.

     

     Аудит рәсiмдерi

     

 
      4. Кезеңнің басындағы шоттар сальдосына қатысты аудитордың алуына қажеттi аудиторлық дәлелдемелердің жеткiлiктiлiгi және сәйкестiлiгi мыналарға байланысты: 
      1) субъектiлер қолданылатын есеп саясатына; 
      2) бұрынғы кезеңнің қаржылық есептемелiгiнде аудит жүргiзiлдi ме, және егер жүргiзiлсе, аудитордың қорытындысы өзгертілдi ме; 
      3) шоттардың мәнi және есептi кезеңнiң қаржылық есептемелiктiң елеулi бұрмалануының тәуекелдiгi; 
      4) есептi кезеңде қаржылық есептiлiк көрсеткiштерiне қатысты кезең басындағы шоттар сальдосының мәндiлiгi. 
      5. Аудитор кезеңнiң басында тиiстi есеп саясатын қолдану және осы есеп саясатының есептi кезеңдегi қаржылық есептемелiгiнде қолданудың тiзбектiлiгi шоттардың сальдосын бiлдiретiнiн қарауы қажет. Аудитор есеп саясатында немесе оны қолдануда әлдеқандай өзгерiстер кезiнде есептiң сәйкестiлiгi мен дұрыстығын және баламалылығын ашуын қарау керек. 
      6. Егер алдағы кезеңнің қаржылық есептемелiгi басқа аудитормен жүргiзiлген болса, аудитор бұрынғы аудитордың жұмыс құжаттарын қарай отырып, кезең басындағы шоттар сальдосына қатысты жеткiлiктi тиiстi аудиторлық дәлелдемелердi алуға мүмкiндiгi бар. Осындай жағдайларда аудиторға бұрынғы аудитордың кәсiби шеберлiгi мен тәуелсiздiгiн назарға ұстауы қажет. Егер өткен кезеңдегi аудиторлық қорытынды өзгерiлген болса, аудитор қорытындыға өзгерiстің енгiзiлу себебiн анықтауы тиiс. 
      7. Аудиторға осы қатынастарды реттейтiн аудиторлардың этикалық кодексiн басшылыққа ала отырып, бұрынғы аудиторға жолығуы керек. 
      8. Егер өткен кезеңдегi қаржы есептемесiне аудит жүргiзiлмеген болса немесе егер аудитор 6 параграфта көрсетiлген рәсiмдердің қолданылуына қанағаттанбаса, аудиторға 9, 10 параграфтарда көрсетiлген басқа рәсiмдерге жүгiнуi қажет. 
      9. Ағымдағы активтердi және мiндеттемелердi растау үшiн есептi кезеңдегi аудиторлық рәсiмдердің орындалу барысында аудиторлық дәлелдемелердің алынуы мүмкiн. Мәселен, есептi кезең iшiнде кредиторлық берешектердi алуға, жабуға, шоттарды төлеу олардың кезең басында нақтылығын, құқықтары мен мiндеттемелерiн, құнының аяқталуы мен айқындалуын кейбiр аудиторлық дәлелдемелер қамтамасыз етедi. Алайда, тауар-материалдық қорларды тексеру кезiнде аудиторға кезең басында болған олардың нақтылығын анықтау қиын. Сондықтан қосымша рәсiмдердi, атап айтқанда, тауар-материалдық қорларды түгендеу, керi шот жолымен есептi кезеңнiң басындағы тауар-материалдық қорлардың санын салыстыру, тауар-материалдық қорлар бiрлiктерi бағаларының дұрыстығын тексеру, сондай-ақ есептi кезеңнің соңындағы жалпы табыстың сомасын тексеру жүргiзу қажет. Осы рәсiмдердiң комбинациясы тиiстi аудиторлық дәлелдемелердi жеткiлiктi қамтамасыз етедi. 
      10. Ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi, атап айтқанда, негiзгi құралдарды, инвестициялар мен ұзақ мерзiмдi берешектердi растау үшiн аудитор кезең басындағы шоттар сальдосы бойынша есептi жазбаларды тексередi. Кейбiр жағдайларда аудитор үшiншi тараптан, мәселен, ұзақ мерзімдi берешектер және инвестициялар бойынша кезең басындағы шоттар сальдосының дәлелдемесiн алады. Аудитор басқа жағдайларда, қажет кезiнде қосымша аудиторлық рәсiмдердi тексере алады. 

 
      Аудиторлық тұжырымдар және қорытындылар 

 
      11. Егер жоғарыда айтылғандарды қоса, рәсiмдердi орындаудан кейiн аудитор кезең басындағы шоттар сальдосы бойынша жеткiлiктi тиiстi аудиторлық қорытындыларды ала алмайды, аудиторлық қорытынды оның негiзгi элементтерiнен басқа, мыналарды ұстауға тиiс: 
      1) шартты пiкiр, мәселен: 
      "Аудиторлар ретiнде бiздің тағайындалуымыз 19...1 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн болуына байланысты бiздiң тауар-материалдық қорларды түгендеу жүргiзу барысын қадағалау мүмкiндiгiмiз болмады. Бiз басқа аудиторлық рәсiмдердің көмегiмен осы күнге тауар-материалдық қорлар санағының қорытындысынан бiз қанағаттандырарлық нәтижелердi ала алмадық. 
      Бiздің пiкiрiмiз бойынша, мүмкiндiгi бар түзетулерден басқа, қажеттiлiк туған сәтте бiз тауар-материалдық қорлардың санағын қадағалау және жыл басындағы олардың қалдығы туралы толық ақпарат алуға мүмкiндiк болмады, қаржылық есептілік 19...2 жылғы 31 желтоқсандағы компанияның қаржылық жағдайы, оның қаржы-шаруашылық қызметiң және Қазақстан Республикасында бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес көрсетiлген күнге ақша қаражаты қозғалысының нәтижелерi туралы дәлелдi және объективтi (немесе барлық нақты аспектілер бойынша дәл берiлген) көрiнiстi бiлдiредi."; 
      2) пiкiр бiлдiруден бас тарту; немесе 
      3) шартты пiкiр немесе қызмет нәтижелерiне қатысты пiкiрден, және қаржылық жағдайға қатысты сөзсiз пiкiр бiлдiруден бас тарту, мәселен: 
      "Бiз 19...1 жылғы 31 желтоқсандағы тауар-материалдық қорлардың санағын қадағалай алмадық, өйткенi бұл күн аудиторлар ретiнде бiздi тағайындаған ... .... күнге сәйкес келедi. Бiз басқа аудиторлық рәсiмдердің көмегімен осы күнге тауар-материалдық қорлардың санағының қорытындысы бiздi қанағаттандырарлық нәтижелердi ала алмадық. 
      Компанияның 19... 2 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi жыл iшiндегi қаржы-шаруашылық қызметiнің нәтижелерiне қатысты жоғарыда айтылған мәселелердің ерекшелiгiне байланысты бiз осы нәтижелер және ақша қаражатының қозғалысы бойынша бiз пiкiр айтуымыз мүмкiн деп есептемеймiз және айтпаймыз да. 
      Бiздiң пiкiрiмiз бойынша, баланс 19...2 жылғы 31 желтоқсандағы компанияның қаржылық жағдайы туралы Қазақстан Республикасында бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес дәлелдi және объективтi көрiнiстi (немесе барлық нақты аспектiлер бойынша дәл берiлген) бiлдiредi...". 
      12. Егер кезең басындағы шоттар сальдосында есеп кезеңiндегi қаржылық есептемеге елеулi ықпал тигiзетiн бұрмалану болса аудитор ол туралы басшылықты хабардар етуге тиiс, және, оның рұқсатын алып бұрынғы аудиторға хабарлама жасау қажет, егер ондай болса. Егер бұрмаланудың нәтижелерi ескерiлмеген болса және ашылмаса, аудитор тиісті шарты немесе жағымсыз пікірлерді білдіреді. 
      13. Егер есеп саясаты үстіміздегі кезеңінде өткен кезеңдермен 

 

салыстырғанда өзгерсе және, егер бұл тиісті дәрежеде ескерілмесе және 

ашылмаса, аудитор шартты немесе жағымсыз пікір білдіреді.

     14. Егер өткен кезеңдегі аудиторлық қорытынды модификацияланған 

болса, аудитор мұның есепті кезеңнің қаржы есептемесіне қалай ықпал 

ететінін ескеруі тиіс. Алайда, егер есеп кезеңдегі қаржылық есептілік үшін 

өткен кезеңдегі қаржылық есептемеліктегі өзгерістер бұрынғыша елеулі және 

нақты болып табылса онда аудитор үстіміздегі аудиторлық қорытындыға тиісті 

модификациялар жасауы керек.

     

     Оқығандар:

          Омарбекова А.Т.

          Икебаева Ә.Ж.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады