Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ақпарат ашу қағидаларын бектіу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директораты 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 514. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 273 қаулысымен

        -----------------Қаулыдан үзінді----------------

       Бағалы қағаздар нарығының мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      3. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссия Директоратының   "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ақпарат ашу қағидаларын бектіу туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1034 нөмірмен тіркелген, ол 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілерінің жинағында жарияланған, ІІІ том)...

____________________________      

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы N 1084  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарының 2.I.I тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ақпарат ашу қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi). 
      2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгізiлетiндiгi белгiленсiн. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқарамасы, Лицензиялау және қадағалау басқармасы және Заң басқармасы жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң назарына жеткiзу жөнiнде барлық ықтимал шаралар қабылдасын. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы жоғарыда аталған Қағидаларды (олар күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға жоғарыда аталған Қағидаларды өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн. 

       Ұлттық комиссияның Төрағасы  

Қазақстан Республикасы      
Бағалы қағаздар жөніндегі    
ұлттық комиссиясы директораты  
1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 514 
қаулысымен бекітілді      

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЬI 

      Осы Қағидалар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикаскасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңының және "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң негiзiнде әзiрлендi және инвесторлардың және мүдделi тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар ақпаратты ашу тәртiбiн белгiлейдi. 
      1. Ұлттық комиссияда бар, көпшiлiкке рұқсат етiлген (оған рұқсат етiлу үшiн артықшылықтар талап етiлмейтiн) мынадай ақпарат ашылуға жатады: 
      1) Ұлттық комиссияның нормативтiк құқықтық актiлерi; 
      2) осы Қағидалардың 2-тармағында белгiленген нормаларды ескере отырып, осы Қағидалардың I-қосымшасында айқындалған көлемде эмитенттер және бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәлiметтер; 
      3) қолданылып жүрген заңға сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi (Ұлттық комиссия берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын) жүзеге асыратын ұйымдар туралы, осы Қағидалардың 1-қосымшасында айқындалған көлемдегi мәлiметтер.
      2. Осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген норма ашық акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ жабық акционерлiк қоғамдар:
      1) банктердiң;
      2) банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 
         ұйымдардың;
      3) сақтандыру ұйымдарының; 
      4) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының; 
      5) бағалы қағаздармен сауда-саттықтар ұйымдастырушылардың;
      6) инвестициялық қорлардың; 
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының; 
      8) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың;
      9) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның эмиссиялық қызметi туралы ақпаратты ашуға қолданылады.
      3. Осы Қағидаларға сәйкес ашылуға жататын ақпарат мынадай тәсiлдер:
      1) Ұлттық комиссияның осы ақпаратты Интернет желiсiндегi сайттарға (беттерге) орналастыруы арқылы;
      2) "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына немесе оның қосымшасына жариялау арқылы;
      3) осы ақпаратты оны жариялау (тарату) мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрi "БАҚ" деп аталады) ұсыну арқылы;
      4) осы ақпаратты инвесторлардың және басқа мүдделi тұлғалардың жазбаша сұрауларына жауап ретiнде ұсыну аркылы инвесторлардың және мүдделi тұлғалардың назарына жеткiзiледi. 
      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүйелi түрде Ұлттық комиссия ақпарат ұсынылатын БАҚ-дың тiзбесi Ұлттық комиссия Төрағасының бұйрығымен айқындалады. 
      5. Егер, инвестор немесе мүдделi тұлға бұрын жарияланған ақпаратты сұраған жағдайда Ұлттық комиссияның жауабында ақпаратты ашуға сұралған емес, ол жарияланған БАҚ-қа сiлтеме және оны iздеуге қажеттi өзге де мәлiметтер болуы мүмкін. 

       Ұлттық комиссияның төрағасы 

Қазақстан Республикасы    
Бағалы қағаздар жөніндегі  
ұлттық комиссиясы директораты 
1999 жылғы 13 желтоқсандағы  
N 514 қаулысымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы   
Бағалы қағаздар жөнiндегi  
ұлттық комиссиясының ақпарат ашу
ҚАҒИДАЛАРЫНА       

1-қосымша        

Эмитенттер және бағалы қағаздардың эмиссиялары
туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ 

      1. Эмитенттің атауы (оны мемлекеттік тіркеу қайта (тіркеу туралы) куәліке сәйкес). 
      2. Эмитенттің орналасқан жері(оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе статистикалық карточкаға сәйкес). 
      3. Эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеген (соңғы қайта тіркеген) мемлекеттік органның атауы; эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген (соңғы қайта тіркеген) күні және нөмірі. 
      4. Акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін эмитенттерге қатысты: мүшелерінің эмитенттің төлеген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің басқару органының (директорлар кеңесінің) құрамы (Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар соңғы мәліметтерге сәйкес). 
      5. Мүшелерінің эмитенттің төленген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің алқалы атқарушы органының құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес). 
      6. Лауазымын және аты-жөнін(тегін, өз атын және құжатта жазылса әкесінің атын), содай-ақ эмитенттің төленген жарғылық капиталындағы үлесін көрсете отырып эмитенттің бірінші басшысы(алқалы атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) туралы мәліметтер(Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес). 
      7. Эмитенттің байланыс телефондары мен факстерінің нөмірлері (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес). 
      8. Эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер: 
      1) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін тіркеуші жүргізген кезде: тіркеушінің атауы және орналасқан жері(оны мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес), тіркеушінің байланыс телефондары мен факстерінің нөмірлері(Ұлттық комиссияда бар соңғы мәліметтерге сәйкес), осы лицензияның жай-күйі туралы мәліметтерді көрсете отырып бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның нөмірі мен берілген күні; 
      2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін эмитент өзі дербес жүргізген кезде: эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын эмитент қызметкерінің аты-жөні; осы біліктілік куәлігінің жәй-күйі туралы мәліметтерді көрсете отырып осы қызметкерге берiлген Ұлттық комиссияның екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiнiң (бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердi атқару және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығын беретiн) нөмiрi және берiлген күнi. 
      9. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелген күндер (эмитенттің мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын бағалы қағаздар эмиссияларына ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi берiлген күндер); эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларына берiлген ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерi; эмитенттiң эмиссиялар проспектiлерiнiң (шығарылым шарттарының) және бағалы қағаздар эмиссияларының Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi тiркеу нөмiрлерi; эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларының жойылу күндерi. 
      10. Эмитенттiң бағалы қағаздарының шығару нысандары және орналастырылу тәсiлдерi. 
      11. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссиясының құрылымы. 
      12. Эмитенттiң Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептердi берген күндерi; осындай есептердi Ұлттық комиссияның бекiткен күндерi. 
      13. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларын тоқтата тұру және оларды болмаған деп тану туралы фактiлер туралы мәлiметтер. 
      14. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiнiң толық немесе ішiнара көшiрмелерi немесе осындай құжаттардың үзiндiлерi. 
      15. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептердiң толық немесе iшiнара көшiрмелерi немесе осындай құжаттардың үзiндiлерi. 
      16. Эмитент және оның бағалы қағаздарының эмиссиялары туралы өзге де ықтимал мәлiметтер. 

Қазақстан Республикасы      
Бағалы қағаздар жөніндегі    
ұлттық комиссиясы директораты  
1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 514 
қаулысымен бекітілген     

Қазақстан Республикасы     
Бағалы қағаздар жөнiндегi    
ұлттық комиссиясының ақпарат ашу 
ҚАҒИДАЛАРЫНА          

2-қосымша           

       Қолданылып жүрген заңға сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi (Ұлттық комиссия берген рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын) жүзеге асыратын ұйымдар туралы ашылатын ақпараттың
ҚҰРАМЫ 

      1. Ұйымның атауы (оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес). 
      2. Ұйымның тiркелiп орналасқан жерi (оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке немесе статистикалық карточкаға сәйкес). 
      3. Ұйымның нақты орналасқан жерi (Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) бар соңғы мәлiметтерге сәйкес). 
      4. Ұйымның байланыс телефондары мен факстерiнiң нөмiрлерi (Ұлттық комиссиясында бар соңғы мәлiметтерге сәйкес). 
      5. Лауазымын және аты-жөнiн (тегiн, өз атын және құжатта жазылса әкесiнiң атын), көрсете отырып ұйымның бiрiншi басшысы (алқалы атқарушы органның басшысы немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) туралы мәлiметтер (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес). 
      6. Осы лицензияның (рұқсаттың) жай-күйi туралы мәлiметтердi көрсете отырып бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензияның нөмiрi және берiлген күнi. 
      7. Бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарынан (қор биржаларын қоспағанда) және оқу орталықтарынан басқа өзге ұйымдар үшiн: ұйымның жарғылық және жеке капиталдарының мөлшерлерi туралы мәлiметтер (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес). 
      8. Оқу орталықтары үшiн: оқытушылардың тізімі (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес). 
      9. Кастониан-банктер және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялары үшін: 
      1) басқару органының (директорлар кеңесiнiң) құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес); 
      2) алқалы атқарушы органның құрамы (Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес); 
      3) қызмет көрсетiлетiн зейнетақы қорларының атаулары. 
      10. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялар үшiн: 
      1) компанияның акционерлерi туралы мәлiметтер (компанияның төленген жарғылық капиталындағы үлесiн көрсете отырып компанияның акционерлерінің атаулары және орналасқан жерлерi туралы Ұлттық комиссияда бар соңғы мәлiметтерге сәйкес); 
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына қызмет көрсететiн кастодиан-банктердiң атаулары; 
      3) жекелеген зейнетақы қорлары бойынша жеке-жеке, компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң мөлшерi (өткен немесе ағымдағы айдың барынша күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес); 
      4)жекелеген зейнетақы қорлары бойынша жеке-жеке, компанияның инвестициялық басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi (өткен немесе ағымдағы айдың бiрiншi күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес);
      5) зейнетақы активтерiн компания инвестициялық басқаруға қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерiнiң құрылымы (өткен немесе ағымдағы айдың бiрiншi күнi жағдайына Ұлттық комиссияның көкейкестi етiлген және салыстырып тексерiлген соңғы мәлiметтерiне сәйкес).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады