Қобда ауданының ауылдық округтерi мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің жиырма төртiншi сессияда қабылдаған 1999 жылғы 21 сәуiрдегі N 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 24 мамырда N 111 тіркелген.

      Ескерту. Тақырыбында қазақ тілінде "селолық", "селоларының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының" сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "аульный", "аульных", "аул" сөздері "сельский", "сельских", "село" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-шi бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қобда ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Қобда ауданындағы:

      Бесқопа ауылдық округi Сарыбұлақ ауылдық округi

      Калиновка ауылдық округi Бегалы ауылдық округтерi болып;

      Осы ауылдық округтердiң орталықтары:

      Сарыбұлақ селосы Сарыбұлақ ауылы болып, аттары өзгертiлсiн.

      2. Осы шешiм Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынылсын.

      Облыстық Мәслихаттың
сессиия төрағасы
Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады