Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң уақытша Ережесi туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 24 шешiмi. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 7 қазанда № 111 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      "1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22-ші шілдедегі № 1036 қаулысы және сонымен қатар қолданылып жүрген әлеуметтік жәрдемақыларды төлеудің тәртібін реттейтін заңдарға сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Жергілікті бюджеттен балалы отбасыларына әлеуметтік көмек, бала туғанда және жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегінің, жұмыссыздарға және жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмектің мөлшерін тағайындау мен төлеудің уақытша Ережесі бекітілсін.

      2. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес өлеуметтік көмекті төлеу төмендегідей мөлшерде белгіленсін:

      1999 жьшдың 1 қаңтарынан бастап:

      - тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес;

      - жұмыссыздарды жерлеуге он еселенген есептік көрсеткіштің мөлшерінде.

      1999 жьлдың 1-ші сәуірінен бастап:

      - бала туылған кезден 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына әлеуметтік көмек ай сайын әр балаға 360 теңге мөлшерінде;

      - жұмыссыздарға материалдық көмек екі еселенген есептік көрсеткіштің мөлшерінде;

      1999 жылдың 18-ші сәуірінен бастап:

      -бала туғандағы әлеуметтік көмек "1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңда тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы және басқада төлемдерді есептеуге арналған есептік көрсеткішінің төрт еселенген мөлшерінде;

      - жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге он бес еселенген есептік көрсеткіштің мөлшерінде;

      3. Балалы отбасыларына осы жылдың бірінші тоқсанына тағайындалған әлеуметтік көмектің мөлшері 1999 жылдың 10 шілдесінде облыстық мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылуы анықталсын.

      4. Осы жылдың 1-ші қаңтарынан 17 сәуіріне дейінгі, жұмыс берушілердің экономикалық жіктелімнің 113 ерекшелігі бойынша үнемделген еңбекақының есебінен тағайындалып төленген сонымен қатар, тағайындалып төленбеген міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылардың (уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша, жүкті болуы мен бала тууы бойынша жөргек пұл жәнс жерлеуге жәрдемақы) төлемдері "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 17 қаңтарындағы № 323-1 Заңына сәйкес, республикалық бюджеттің есебінен қалпына келтірілетіні қаперге алынсын.

      5. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері мен еңбек және халықты әлеуметгік қорғау департаменті (М.Маселеева), халықты еңбекпен қамту басқармасы (А. Жұмабаев) олардың жергілікті органдары балалы отбасыларына әлеуметгік көмек, бала туғанда және жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегінің, жұмыссыздарға және жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмекті тағайындау мен төлеуді екінші деңгейдегі банюлер арқылы азаматтардың жеке есеп шотына атаулы жүргізілсін.

      6. Осы қаулыңың орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Қуандықовқа жүктелсін.

      Әкім С. НҰРҒИСАЕВ

  Облыс әкімінің
  1999 жылғы 2 қыркүйектегі
  № 24 шешімімен бекітілген

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесі

Балалы отбасыларына әлеуметтік көмек

      Балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жергілікті бюджеттен қалалық, аудандык еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі мен оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 292-ші қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Бала туғанда төленетін әлеуметтік көмек

      1. Бала туғанда төленетін атаулы әлеуметтік көмек қалалық, аудандық еңбек және халықты өлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы, егер отбасының жанбасына шаққандағы айлық жиынтық табысы "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерді есептеуге арналған есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

      2. Екі немесе одан да көп бала туылғанда әлеуметтік көмек әр балаға жеке төленеді.

      3. Бала туғанда анасының қайтыс болуына байланысты алынбаған әлеуметтік көмек, баланың әкесіне немесе баланы негізінде тәрбиелейтін адамға беріледі.

      4. Бала өлі туылған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетілмейді.

      5. Бала туғанда берітетін әлеуметтік көмекті алатын адам төмендегідей құжаттарды тапсыруы тиіс:

      - әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі өтініші;

      - азаматтық хал актілерін жазу органдарынан берілген бала туылғаны жөніндегі анықтама;

      - отбасының кұрамын куәландыратын құжат ;

      - отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама жұмыс, оқу, қызмет орнынан ұсынылады ;

      - заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарының анықтамасын ұсынады;

      - жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздығы бойынша алатын материалдық көмектің мөлшері көрсетілген анықтаманы ұсынады.

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік және материалдық көмек

      1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді ұйымдастырушы адамға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      2. Жерлеуге көрсетілетін әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен тиісті жылға белгіленген мөлшерде төленеді.

      3. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті негізгі қүжаттар:

      - өтініші;

      - азаматтық хал актілерін жазу органынан берілген қайтыс болғаны жөніндегі куәлігі;

      - жұмыс орнынан анықтама.

      4. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге материалдық көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті негізгі құжаттар:

      - өтініші:

      - азаматтық хал актілерін жазу органынан берілген қайтыс болғаны жөніндегі куәлігі;

      - еңбек биржасынан жұмыссыздық мәртебесі берілгені жөніндегі анықтама.

Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетудің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй жәрдемақысы

      1. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетудің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй жәрдемақысының тағайындауы мен төленуі қалалық, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы арыз жазылған айынан бастап әр тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437-ші қаулысымен бекітілген аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің Ережесіне сәйкес және оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1297 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау халықтың аз қамтамасыз етілген азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы № 1266 қаулысымен бекітілген пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі, оның ішінде:

      - электр қуаты 1 адамға 1 айға 45 киловатт/сағат ;

      - сұйық газды тамақ дайындауға, су ысытуға, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдалануға 1 адамға 1 айға 8,2 килограмм;

      - тұрғын үй заңдылығына байланысты санитарлық пайдалану нормасы 1 адамға 18 квадрат метр;

      - жылуға қажетгі қатты отынның тұрғын үйдің 1 шаршы метр көлеміне жіберілетін мөлшері 66,8 килограмм.

Су және аяқ су

      - су құбыры, аяқ су, қатты отынмен жұмыс істеп жылитын ваннасымен 1 адамға сөткесіне 150 литр;

      - су құбыры, аяқ су, ваннасыз 1 адамға сөткесіне 95 литр;

      - жаңадан тұрғызылудағы үйлерде сутартқы колонкаларынан суды пайдалану 1 адамға сөткесіне 50 литр.

      3. Меншіктің барлық нысандарындағы үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

      4. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге жұмсалатын есептік-нормативтік шығындарды анықтау, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті және басқа да уәкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.

      5. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1297 қаулысының талабына сәйкес еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жасақтаған тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың тізімі мен алатын сомасының көлемін жинақтаған ведомость арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы азаматтардың жеке есеп-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыссыздарға материалдық көмек

      1. Материалдық көмек белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған азаматтарға көрсетіледі. Жұмыссызды кәсіби оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберген жағдайда, қаржылық көмек көрсету жұмыссызды есептен шығармастан оқу немесе жұмыс басталған күннен бастап тоқтатылады. Материалдық көмек көрсетудің жалпы мерзімі он екі ай ішінде алты айдан аспауы тиіс.

      Сонымен катар. жұмыссыздарға материалдық көмек, егер отбасының жанбасына шаққандағы айлық жиынтық табысы "1999 жылғы республикалық бюджет туралы" Заңда бекітілген есептік көрсеткіштің екі есе мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

      2. Жұмыссыздық бойынша материалдық көмекке құқық белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған азаматтарға беріледі, оның ішінде:

      - жұмыстан әр түрлі себеппен босатылған (еңбек тәртібін бұзғаны үшін босатылған тұлғалардан басқалары);

      - мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын, күндізгі аспирантураны бітірушілер;

      - Қарулы күштер, Республикалық Ұлан, шекара, ішкі және әскердің басқа түрлерінен, ішкі істер органдары және ұлттық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс бөлімдерінен және басқа да әскери құрамаларынан зейнетақысыз запасқа шығарылған әскери қызметкерлер;

      - соңғы жұмыс орнынан босатылу негізіне қарамастан, ұзақ (бір жылдан астам) үзілістен кейін еңбек іс-әрекетін кайта орнатуға ұмтылғандар;

      - сот шешімі бойынша жазалау немесе мәжбүрлік емдеуді орындайтын ұйымдардан босағандар;

      - балалар үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілері.

      3. Жұмыссыздық бойынша материалдық көмек алуға құқық жұмыссыз мәртебесін алған келесі азаматтар түрлеріне берілмейді:

      - еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылғандарға (жұмыстан шығарылған күннен бастап алты ай ішінде);

      -бұрын жұмыс істемегендер (кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын бітірушілерден басқалары);

      - бұрын жұмыс істегендерге, бірақ он екі календарлы аптадан аз жалпы еңбек стажы барларға.

      4. Осы тәртіптің 3 тарауының 2, 3 тармақтарында көрсетілген тұлғалар санындағы жұмыссыздар, еңбекпен қамту сұрақтары жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша календарлы аптадан кем емес еңбек стажын жинаса, оларға жұмыссыздық бойынша материалдық көмек алуға кұкық беріледі.

      5. Жұмыссызға жұмыссыздық бойынша материалдық көмек белгілеу туралы шешім қалалық және аудандық әкімшіліктер жанындағы жұмыссызға мәртебе беру жөніндегі комиссиямен қабылданады.

      6. Жұмыссыздық бойынша материалдық көмек айына кемінде бір рет төленеді.

      7. Жұмыссыздық бойынша материалдық көмек сомасынан белгіленген тәртіппен нәпаха өндіріледі.

      8. Жұмыссыздық бойынша материалдық көмек алған кезде жұмыссыздар жұмыс іздеуге және тұрғылықты жеріндегі еңбек биржасына жеті күнде кемінде бір рет баруға міндетті.

      9. Материалдық көмек жұмыссыздықтың толық айына төленеді.

      10. Материалдық көмек тағайындау үшін жұмыссыз жоғарғыда көрсетілген комиссияға төмендегідей құжаттар тапсырады:

      - өтініші;

      - отбасының жанбасына шаққандағы орташа айлық жиынтық табысы туралы анықтама;

      11. Материалдық көмекті тағайындау жөніндегі комиссияның шешімін қабылдағаннан кейін, оның төлемі тұрғылықты жеріндегі Халықтық банкі арқылы жүзеге асырылады және облыстық еңбекпен қамту басқармасынан түскен қаржы есебінен жұмыссыздың жеке есеп-шотына есептелінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады