Алматы қаласының өртке қарсы қызметiн нығайту және өркендету бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 18 ақпандағы N 189 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 21 тамызда N 172 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 4/978 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 02.12.2004 N 4/978 қаулысымен.

      Жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға қарамастан Алматы қаласының өртке қарсы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайы өте нашар халде.

      1998 жылдың өзiнде қалада 1453 өрт болып, одан 64 млн. теңге зиян шегiлдi, 42 адам қаза тапты. Соның салдарынан қаланың әлеуметтiк-экономикалық өркендеуi құлдырап, өртке байланысты белгiлi мөлшерде ресурстық зардап көрiп отырмыз.

      Қала шекарасының кеңеюi, өнеркәсiптiк, ғылыми және мәдени, тұрғын үй қорының өсуi жағдайында өрт санын барынша қысқарту, оның дер кезiнде алдын-алу мәселесi сондай-ақ, бұл саладағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру тым күрделене түсуде.

      Осыған байланысты қала бюджетi мен кәсiпорындардың қаражатын тиiмдi пайдалану қажеттiгi туындайды, өйткенi тұрғындарды тiлсiз жаудан сенiмдi қорғау, материалдық және мәдени байлықтарды сақтау үшiн мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң күшiн қалыптастырумен, басқарма органдарының құрылымын жетiлдiру аса қажет.

      Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы", "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы"; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, "Кәсiпорындар туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Заңды және ҚР Азаматтық Кодексiн басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдарға өз қаржысы мен жұмыс iстейтiн бұрыннан бар салалық, өртке қарсы қызметтi қалпына келтiруге мiндеттелсiн;

      2. Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi базасында "N№1 Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң отряды" құрылсын, оның жеке есеп-шоты болсын, шарт негiзiнде барлық меншiк түрiнiң объектiлерiнің өрттен қорғау үшiн, қалалық бюджет есебiнен күзетiлетiн объектiлерден басқалары.

      3. Қалалық бюджет есебiнен Алматы қаласы өртке қарсы қызметi өрт сөндiрудi жүзеге асыратын объектілер санаты бекітiлсiн (N 1 Қосымша).

      4. Алматы қаласы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бастығы (С.Д. Кребаев) 1 наурызға дейiн "N 1 Алматы қаласы мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң отряды" Қазыналық кәсiпорнының құжаттарын қарап шықсын және Алматы қалалық Әдiлет басқармасына тiркеуге берсiн.

      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцка жүктелсiн.

      Алматы қаласының Әкімі В. Храпунов

  Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 ж. 18 ақпандағы
N 189 шешiмiне
N 1 қосымша

Алматы қаласының Мемлекеттiк өрт қызметiнiң өрттi сөндiрудi қалалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын объектiлердiң Категориясы:

      1. Жекеменшiк формасына қарамастан тұрғын жайлар;

      2. Муниципалды меншiк объектiлерi;

      3. Прокуратура мен халық соттарының кеңселерi;

      4. Қалалық аудандық iшкi iстерiнің, қабылдау-бөлу өкiлеттiктерiнiң кеңселерi, тергеу изоляторлары және келiсiм-шарт бойынша ұсталатын шаруашылық объектiлерiнiң кеңселерi кiрмейдi;

      5. Төтенше жағдайлар бойынша комитет объектiлерi;

      6. Балалар үйi, қарттар үйi, психоневрология, онкология, туберкулез стационарлары және байқау-анықтау орталықтары;

      7. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, оқу және емдеу, бiлiм және мәдениет мекемелерi, бұған жалға берілген шаруашылық субъектілері кірмейді;

      8. Мемлекеттiк дәрежедегi сәулет және тарихи ескерткiштер.

      Ескерту: Қаланың бюджет есебiнен өрт сөндiру жүзеге асырылатын бұл объект категорияларына тиiстi құрылым ұсынысымен ғана (Қ.Ө.Қ. келiсiлген жағдайда) өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.

      Алқа хатшысы К. Тажиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады