Алматы қаласының аумағындағы салынатын және реконструкцияланатын нысандардың әзірленетін жобаларындағы энергияны үнемдеуді сараптау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 4 наурыздағы N 220 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 21 тамызда N 175 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілгінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 4/867 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілгінің 29.10.2004 N 4/867 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Энергияны үнемдеу туралы" Заңына сәйкес қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Алматы қаласының аумағындағы салынатын және реконструкцияланатын нысандардың әзірленетін жобаларындағы энергияны үнемдеу сараптауды Алматы қаласы бойынша Энергияны үнемдеу департаменті жүргізеді деп белгіленсін.

      2. Энергияны үнемдеуді сараптау энергия ресурстарын тұтынатын, нысандарды салатын және реконструкциялайтын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

      3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті жобалау алдында және жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде "Энергияны үнемдеу" аталатын арнаулы бөлімнің міндетті шарттарын енгізе отырып, жобалау үшін сәулеттік-жоспарлық тапсырмалардың берілуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі В. Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады