"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 15 қаңтар N 138-ІІ

      1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болып қалған қызметкерлер, мүгедектердің өздері еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) және сол уақытта еңбекте мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайда, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүріп-тұру құралдарымен, протез-ортопедия бұйымдарымен, медициналық және әлеуметтік-еңбектік оңалтудың басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі. Осы міндеттемелерді орындаудан жалтарған жағдайда жұмыс беруші мүгедектердің немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарының талабы бойынша мүгедектің пайдасына сот

тәртібімен жауапты болады. Мүгедектердің Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес еңбекке орналасу құқығы да сақталады.";
     2) 46-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
     3) 47-бапта:
     "одақтық," деген сөз алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
     "Сурдо-тифлотехника құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс 
шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.".
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады