Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 1 наурыз N 158-ІІ

      Душанбеде 2000 жылғы 13 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулердi өзара тану туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы Ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы
Келісім

(2001 жылғы 21 наурызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi,
      Екі мемлекеттiң кеден қызметтерi арасындағы ынтымақтастықты бұдан былай да дамытуға әрi нығайтуға ұмтыла отырып,
      тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiндегi кедендiк шарттылықтарды жеңiлдету мақсатында,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң атынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi болып табылады.
      Тәжiк Тарапынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi  уәкiлеттi орган Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi болып табылады.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.

2-бап

      Тараптар әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарының шеңберiнде кедендiк және валюталық ережелердiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден мәселелерiнде жан-жақты ынтымақтасады және бiр-бiрiне қажетті көмек көрсетедi.

3-бап

      Осы Келiсiмде көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар жүк және жолаушылар қатынасындағы, пошталық алмасудағы кедендiк ресiмдеудi жеделдетуге, кедендiк бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, сондай-ақ көлiк құралдарының, жүктер мен жолжүгiнiң, пошталық жөнелтiлiмдердiң, валютаның, басқа да төлем құралдары мен валюталық құндылықтардың (бұдан әрi мәтiн бойынша - тауарлар) заңсыз әкелiнуiнiң, әкетiлуінiң және транзитiнiң алдын-алуға бағытталған қажеттi шараларды қабылдайтын болады.

4-бап

      Тараптар шекара арқылы өтетiн тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк және валюталық ережелерiне жауап беретiн, сондай-ақ жүк, жолаушылар мен пошта қатынастарында қолданылатын тиiстi құжаттармен қамтамасыз ететiн болады.

5-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң аумағы арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына транзитпен өткiзiлетiн, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында ресiмделген және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитпен өтетiн тауарлар олардың әкелiнуiне, әкетiлуiне және транзитiне Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған деп санайтын негіз болған жағдайды қоспағанда кедергісiз тасымалданатын болады не Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес кеден төлемдерi мен салықтарын кепiлдiк төлеудi қамтамасыз ету сомаларын енгiзу туралы талап қолданылады.

6-бап

      Тараптар кедендiк құжаттарды, көлiк құралдарындағы, жүктердегі және пошталық жөнелтiлiмдердегі кеден пломбыларын, мөрлер мен мөртаңбалардың бедерлемелерiн, ресми белгiлердi өзара танитын болады. Олар, сондай-ақ, экспедиторлық және көлiктiк ұйымдардың пломбылары мен мөрлерiн, олардың көлiк құралдарындағы ресми белгiлерiн де өзара танитын болады.

7-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 5-бабында аталған кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулердің үлгiлерiмен, сондай-ақ мемлекеттерiнiң  аумақтары арқылы әкелiнуi, әкетiлуi немесе транзитi шектелген немесе  Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған тауарлардың  тiзiмдерiн алмасады.

8-бап

      Тараптар өзара уағдаластық бойынша кеден құжаттарын бiр iзге түсіруге ұмтылады.

9-бап

      Егер бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар кедендiк, валюталық, санитарлық, карантиндiк немесе малдәрiгерлiк ережелердiң және/немесе әкелу нұсқаулықтарының негiзiнде не қауiпсiздiк түсiнiгi бойынша өткiзiлуге жатпайтын болса, Тараптардың кеден органдары өз мемлекеттерiнiң аумағына осы тауарларды өткiзуден бас тартудың себептерi туралы хабарлайды.

10-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының және Тәжiкстан Республикасының азаматтары осы елдердiң аумақтары арқылы үшiншi елге өткен кезде қол жүгi мен жүктi кедендiк бақылау және шығару Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын сақтай отырып жүргiзiледi деп келiстi.
      Осы мақсатта:
      - Қазақстан Республикасының кеден органдары Тәжiкстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жүгiндегі тауарларды шығаруды Қазақстан Республикасының кеден органдары куәландырған кеден декларациялары негiзiнде жүзеге асырады.
      - Тәжiкстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жүгіндегі тауарларды шығаруды Тәжiкстан Республикасының кеден органдары куәландырған кеден декларациялары негiзiнде жүзеге асырады.

11-бап

      Тараптар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпаратты бiр-бiрiне беретiн болады.
      Тараптар нормативтiк құқықтық актiлердегi, қызметтiк нұсқамалардағы және кедендiк құжаттар мен қамтамасыз етулердiң нысандарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды.
      Тараптар жазбаша немесе ауызша нысанда кеден iсi мәселелерi жөнiнде тәжiрибе алмасуды жүйелi түрде жүзеге асыратын болады.

12-бап

      Кедендiк құжаттар жөнелтетiн мемлекеттiң ұлттық заңдарында көзделген тiлде, сондай-ақ қажет болған жағдайда орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалады.
      Тараптар арасындағы хат-хабар алмасу орыс тiлiнде жүргiзiледi.

13-бап

      Осы Келiсiмдi орындауға, түсiндiруге және өзгертуге байланысты барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер арқылы шешiледi.
      Осы Келiсiмге екi Тараптың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын, хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

14-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа да халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерi қабылдаған мiндеттемелерге ықпал етпейдi.

15-бап

      Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмнiң қолданысы келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады және Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап 6 ай өткенге дейін күшінде болады.
      Душанбе қаласында 2000 жылғы 13 маусымда қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру қажеттілігі кезінде орыс  тіліндегі мәтін негізге алынады.

      Қазақстан Республикасының       Тәжікстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс министрлігі   Үкіметі жанындағы Кеден
                 үшін                        комитеті үшін

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады