Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 3 мамыр N 180-II

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Z952676_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      11-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "- "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев)";
      12-1-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев"

орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет 
мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наградталуы мүмкін."; 
     мынадай редакциядағы 12-2-баппен толықтырылсын: 
     "12-2-бап. "Барыс" орденімен наградтау: 
     - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту 
ісіндегі; 
     - бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін 
қамтамасыз етудегі; 
     - мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық 
қызметтегі; 
     - халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық 
мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер 
арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін 
жүргізіледі. 
     "Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады: 
     - I дәрежелі "Барыс"; 
     - II дәрежелі "Барыс"; 
     - III дәрежелі "Барыс". 
     I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III 
дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. 
     Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының 
шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін."; 
     34-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
     "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері "Отан" орденіне немесе 
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне 
ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі 
тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады.". 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады