Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 мамыр N 200-II


     Ялтада 1999 жылғы 8 қазанда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің арнаулы жүктер мен 
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының 
тәртібі туралы хаттама бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
        Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден
                    қызметтерінің арнаулы жүктер мен
           әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара
                      іс-қимылының тәртібі туралы 
                               Хаттама 

                         Ресми расталған мәтін
          
     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің 
Үкіметтері,


      1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағы туралы келісімнің ережелері мен 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Z990014_ Хаттаманы басшылыққа ала отырып,
      1993 жылғы 23 желтоқсандағы Қауіпті және дәрежелі жүктерді мемлекетаралық тасымалдаулар туралы келісім мен 1995 жылғы 26 мамырдағы Z990368_ Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар туралы келісімді (бұдан әрі - 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісім) дамытуға,
      жалпы танылған халықаралық нормаларға және Тараптардың ұлттық

заңдарының негіздеріне сүйене отырып,
     өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі кеңейтуге 
ұмтыла отырып,
     кеден қызметтерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етудің 
қажеттілігін мойындай отырып,
     мына төмендегілер туралы келісті:
     
                     І. Жалпы ережелер
     
                         1-бап
     
     Осы Хаттамада 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісімде қолданылған терминдер 
пайдаланылады.
     
                         2-бап
     
     Осы Хаттаманың мақсаты арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы 
өнімдердің Тараптардың кедендік шекаралары арқылы қозғалысының рәсімдерін 
тәртіпке келтіру болып табылады.
     
       ІІ. Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді
              тасымалдаулардың негізгі қағидаттары
     
                         3-бап
     


      Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісімде айқындалған Тараптардың тиісті құзыретті органдарының тасымалдауларды жоспарлауы кезінде, олар алдын-ала келісілгеннен кейін жүзеге асырылады.

                           4-бап

     Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік шекаралар 
арқылы өткізу, сондай-ақ олардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік 
аумағы арқылы транзиті оларды кедендік шекарасы арқылы өткізу жүргізілетін 
мемлекеттер құзыретті органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
     Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдердің мемлекеттердің 
кедендік шекарасынан өтуі белгіленген тәртіппен халықаралық қатынастар 
үшін ашылған өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
     
                 ІІІ. Кедендік ресімдеу
     
                         5-бап
     
     Мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын арнаулы жүктер 
мен әскери мақсаттағы өнімдер әр мемлекеттік ұлттық кедендік заңдарында 
көзделген тәртіппен кедендік бақылауға және ресімдеуге жатады.
     
                         6-бап
     
     Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік бақылау мен 
ресімдеу мемлекеттердің кедендік заңдарында осындай бақылау мен ресімдеу 
үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
     
                           7-бап
     


      Әскери қызметшілердің жеке мүлкі мен коммерциялық сипаттағы жүктерді

арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдер түрінде тасымалдауға тыйым 
салынады.
     
                          8-бап
     
     Орауыштар, пломбылар және мөрлер болмаған немесе бүлінген жағдайда, 
сондай-ақ арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдер түрінде ондайлар 
болып табылмайтын заттар тасымалданады деп ойлауға негіздемелер болған 
кезде осы жүктер Тараптардың құзыретті органдары уәкілетті адамдарының 
қатысуымен тексерілуі мүмкін.
     Мұндай жүктерді тексеру кезінде жоғарыда көрсетілген жүктер аумағында 
болған мемлекеттік ұлттық заңдары қолданылады.
     
                 ІV. Ақпараттар алмасу және беру 
     
                           9-бап
     


      Тараптар арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік шекара арқылы өткізуге, сондай-ақ олардың кеден аумағы арқылы транзитіне қатысты мәселелер туралы қолданылып жүрген ұлттық заңдар туралы ақпарат алмасады және бір-біріне олар енгізілгеннен кейін 20 күннен кешіктірмей заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

                            10-бап

      1. Аумақтары бойынша арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді жоспарлы тасымалдаулар жүзеге асырылатын мемлекеттер тасымалдаулар басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей мұндай тасымалдаулар туралы ақпараттар алмасады.
      2. Тараптар өздерінің заң актілерінің негізінде арнаулы жүктер мен

әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдауларды жүзеге асыру туралы ақпарат 
ұсыну туралы сұрау салуларды қанағаттандыруда бір-біріне жәрдем көрсетеді.
     3. Егер ол сұрау салынған Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне 
нұқсан келтіруі, оның заңдарына немесе ол алған халықаралық 
міндеттемелерге қайшы келуі мүмкін болса, Тараптар сұрау салуды орындаудан 
бас тартуға құқылы.
     4. Сұрау салушы Тарап сұрау салуды орындаудан бас тартудың себептері 
туралы белгіленген тәртіппен хабарландырылады.
     
             V. Ақпараттардың құпиялылығы
     
                        11-бап
     
     Осы Хаттамаға сәйкес Тараптардың бірі беретін арнаулы жүктер мен 
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар туралы ақпарат, сұрау салулар 
және басқа да мәліметтер осы мемлекетте ұлттық заңдарға сәйкес осындай 
сипаттағы және мазмұндағы өз ақпараттары үшін белгіленген осындай құпиялық 
режимімен қамтамасыз етіледі.
     
                        12-бап
     
     Тараптардың әрқайсысы алынатын ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз 
етеді және оны кімге де болмасын екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз 
бермейді.
     
                      VI. Қорытынды ережелер 
     
                          13-бап

     Осы Хаттама Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық 
шарттардың ережелерін қозғамайды.
     
                           14-бап
     


      Осы Хаттама депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін

қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны 
алған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек 
орындаған Тараптар үшін ол депозитарийге тиісті құжаттар тапсырылған 
күннен бастап күшіне енеді.
     
                           15-бап
     
     Осы Хаттама ол күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Бұл 
мерзім өткеннен кейін Хаттама, егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, әр 
жолы келесі 5 жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.
     
                           16-бап
     


      Тараптардың ортақ келісімімен осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Хаттаманың 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке құжатпен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

                            17-бап

      Осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі. Даулы мәселелерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына немесе өзге де халықаралық төрелік соттарға жүгінеді.

                            18-бап

      Кез келген Тарап осы Хаттаманың қолданылуы кезінде туындаған

міндеттемелерді алдын-ала ретке келтіріп, ол туралы депозитарийге шығуға 
дейінгі 6 айдан кешіктірмей жазбаша хабарламаны жолдай отырып, осы 
Хаттамадан шыға алады.
     
                           19-бап
     
     Осы Хаттама депозитарийге мұндай қосылу туралы құжаттарды беру 
жолымен, барлық Тараптардың келісімімен оның мақсаттары мен қағидаттарын 
бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылу депозитарий 
мұндай қосылуға келісетіндігі туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 
30 күн өткеннен кейін күшіне енген болып саналады.
     
     1999 жылғы 8 қазанда Ялта қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық 
данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке 
оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
     
     Әзірбайжан Республикасының         Молдова Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Армения Республикасының            Ресей Федерациясының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Беларусь Республикасының           Тәжікстан Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Грузия                             Түркіменстан
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының
     Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін
     
     Қырғыз Республикасының              Украина
     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
     
                ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің
          басшылары кеңесінің хаттамасына Украинаның ескертпелері
     
     "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден 
қызметтерінің арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау 
кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттама туралы"
     
                                            1999 жылғы 8 қазан
     


      Даулы мәселелерді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотында қарауға жол беретін ережелерді қоспағанда.

      Украинаның Премьер-Министрі

      Осымен қоса беріліп отырған мәтіннің 1999 жылғы 8 қазанда Ялта

қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер 
кеден қызметтерінің арнаулы жүктерімен әскери мақсаттағы өнімдерді 
тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттаманың 
дәлме-дәл көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
     Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
     
     Атқару комитетінің төрағасы
     ТМД-ның атқарушы хатшысы
     
                                                  
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады