Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 шілде N 227-II.

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Z970094_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат, N 23, 921-құжат):
      1) 21-баптың 2-тармағы "ортақ шаруашылық" деген сөздердiң алдынан "кемiнде бес жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 29-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;";
      2) тармақшадағы "жаңа" деген сөз "тұрмысқа жайлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 116-бапта "жаңа" деген сөздер "тұрмысқа жайлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
      "119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттiк
                  қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға (сатып
                  алуға) байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде меншiкке
                  тұрғын үй беру ерекшелiктерi
      Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қойған (сатып алған) кезде алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы алып қойылатын (сатып алынатын) тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.
      Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғын жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады."

      2. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Z980230_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат):
      1) 3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жердi алып қою (сатып алу) туралы шешімдер қабылдайды, бұл орайда жер учаскелерінің меншік иелері немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар учаскелердi алдағы кездегi алып қоюдан (сатып алудан) кемiнде үш ай бұрын бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жазбаша хабардар етiлуге тиiс"; <*>
      Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 9 шілдедегі
                N 12/2 S010012_ қаулысын қараңыз.
      2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою
                (сатып алу) ерекшелiктерi

      1. Жер пайдалану құқығын сатып алған меншiк иелерi мен мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою алдағы кезде жер учаскелерiн сатып алуға дейiн үш айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оларды мiндеттi түрде хабардар ете отырып сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осындай хабар алған күннен үш ай өтпей тұрып жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiнiң жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары жөнiнде олармен келiсiмге қол жетпесе, астананың атқарушы органы үш ай өткеннен кейiн жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап қоюға құқылы.
      2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын анықтаған кезде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың және онда тұрған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны, сондай-ақ жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдар, олардың үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты шегетiн залалдарын қоса алғанда, барлық залалдар қосылады.
      3. Уақытша өтеусiз жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға толық көлемiнде залалдардың орны толтырылады, сондай-ақ олардың тiлегi бойынша басқа жер учаскесінің берiлуi мүмкiн.".

      3. "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 4, 21-құжат):
      1) 67-баптың 2-тармағының бірінші және екінші сөйлемдері "жер

пайдаланушыға" және "жер пайдаланушы" деген сөздерден кейін ", егер 
Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе," деген 
сөздермен толықтырылсын; 
     2) 70-баптың екінші бөлігі "жер пайдаланушысына" деген сөздерден 
кейін ", егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше 
көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады