Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы полициясы органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 12 шілде N 240-II

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат, N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Z010183_ Қазақстан Республикасының Заңы; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 137-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салықты және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде төлеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексерудi салық қызметi органдары, ал осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы полициясы органдарымен бiрлесiп жүзеге асырады.";
      2) ХII бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ХII бөлiм. Салық қызметi және қаржы полициясы органдарының мәртебесi мен құрылымы";
      3) 167-бапта:
      тақырыбы "Салық қызметi" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi ", Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полициясы комитетiнен және оның аумақтық органдарынан" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "Салық полициясы" деген сөздер "Қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын, "арнаулы" деген сөз алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктегi "Салық полициясы органдарына" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық полиция комитетi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық полициялары басқармалары, салық полициясының ауданаралық (аймақтық) бөлiмдерi немесе аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерi" деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қаржы полициясы агенттiгiн Төраға басқарады, оны қызметке Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайды.
      Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтарын, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша ауданаралық (аймақтық) қаржы полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын және олардың орынбасарларын қызметке Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы тағайындайды.
      Облыстық және қалалық қаржы полициясы басқармаларының, ауданаралық (аймақтық), аудандық қаржы полициясы бөлімдерінің қызметкерлерін облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша, көліктегі қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары тағайындайды.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы

ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
     4) 170-бапта:
     тақырыбы "Салық қызметі" деген сөздерден кейін "және қаржы полициясы" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     2-тармақтың 6) тармақшасындағы "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     3-тармақтың бірінші абзацындағы "Салық" деген сөз "Қаржы" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     5) 45-тараудың тақырыбы "Салық қызметі" деген сөздерден кейін "және 
қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
     6) 171-бапта:
     тақырыбы "Салық қызметі" деген сөздерден кейін "және қаржы полициясы" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     3-тармақта:
     бірінші абзацтағы "Салық" деген сөз "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;


      2), 3) және 4) тармақшалардағы "салық полицияларының" деген сөздер "қаржы полицияларының" деген сөздермен, 5) және 6) тармақшалардағы "салық полициялары" деген сөздер "қаржы полициялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қазақ тіліндегі мәтіндегі 6-тармақшадағы "қолдануға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті негіздер болған кезде салық органдарының нұсқамалары негізінде салық органдарымен бірлесіп салық тексерістерін жүргізуге құқығы бар.";
      7) 173-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Салық қызметі және қаржы полициясы органдары жедел деректер алған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қозғауға себептер мен негіздер болған кезде салық төлеушiлердi бiрлесiп тексерудi жүзеге асыру үшiн өздерiнiң лауазымды адамдарын жiбередi.
      Өздерiнiң лауазымды адамдарын жiберу туралы шешiм тиiстi сұрау салу келiп түскен күннен бастап бес күн iшiнде қабылданады.";
      6-тармақтағы "салық полициясы органдарының", "салық полициясы органына" деген сөздер тиiсiнше "қаржы полициясы органдарының", "қаржы полициясы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 46-тараудың тақырыбы "Салық қызметiнiң" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясының" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 176-бапта:
      тақырыбы, 1, 2-тармақтар "Салық қызметiнiң" деген сөздерден кейiн, 3, 4, 5-тармақтар "салық қызметiнiң" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясының" деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақ "салық қызметi" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы "Салық", "салық" деген сөздер тиiсiнше "Қаржы", "қаржы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтiк жәрдемақы төлеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.";
      10) 177-баптың тақырыбы мен 1-тармағы "Салық қызметi" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 178-баптың тақырыбы мен мәтiнi "Салық қызметi" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Z980267_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2001 жылғы 16 маусымда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2001 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Z010206_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 2-тармағындағы "салық полициясы мен әскери полиция" деген сөздер "қаржы полициясы мен әскери полиция" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы K010155_ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат):
      1) 35-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 355-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 359-баптағы "Салық қызметi" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 570-1-баппен толықтырылсын:
      "570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
      1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
      5) 619-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;";
      6) 620-баптың 9) тармақшасындағы "салық полициясы" деген сөздер "қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
      жиырма бiріншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (172, 179, 183, 184, 188, 203-баптар);";
      мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "қаржы полициясы органдарының (137, 138, 140 (екiншi бөлiгi), 142, 143, 148-158, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 162, 163, 176 (бiрiншi бөлiгi), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);";
      8) 638-баптың бірінші бөлігіндегі "ал салық салу саласында әкімшілік

құқық бұзушылық анықталған жағдайда салықты тексеру аяқталғаннан кейін" 
деген сөздер "ал салық тексерісі барысында анықталған салық салу 
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - ол аяқталғаннан кейін" 
деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.