Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 2 желтоқсан N 360-II

      Минскіде 2001 жылғы 1 маусымда жасалған әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы келісімге Хаттама бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің
шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы
шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж
мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге
ХАТТАМА

      1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге қатысушы-мемлекеттер оны мынадай редакцияда көрсетілген Келісімнің 2-бабына өзгерістер енгізу туралы келісті:

"2 бап

      Әртүрлі мемлекеттердің аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сот қорғауы үшін тең мүмкіндік дауларын шешу кезінде қамтамасыз ету мақсатында мына бағада (Ресей Федерациясының рублінде) талап-арызбен басқа мемлекеттің сотына жүгіну кезінде мемлекеттік баждың мынадай ставкалары белгіленсін:

      10 мың рубльге дейін       - талап-арыз бағасынан 3 процент;

      10 мың рубльден астам -    - 300 рубль+10 мың рубльден
      50 мың рубльге дейін         астам сомадан 2,5 процент

      50 мың рубльден астам -    - 1 мың 300 рубль+50 мың рубльден
      100 мың рубльге дейін        астам сомадан 2 процент;

      100 мың рубльден астам -   - 2 мың 300 рубль+100 мың рубльден
      500 мың рубльге дейін        астам сомадан 1,5 процент;

      500 мың рубльден астам -   - 8 мың 300 рубль+1 млн рубльден
      1 млн рубльге дейін          астам сомадан 1 процент;

      1 млн рубльден астам       - 13 мың 300 рубль+1 млн рубльден
                                   астам сомадан 0,5 процент;

      Осы Хаттама оған қол қою сәтінен бастап, ал заңнамасы ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындауды талап ететін мемлекеттер үшін - депозитарияға тиісті құжаттарды беру күнінен бастап күшіне енеді.

      2001 жылдың 1 маусымында Минск қаласында түпнұсқалық бір данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады