Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институционалдық негіздері туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 396-II заңы

      Киевте 1999 жылғы 22 шілдеде жасалған Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құрудың институционалдық негіздері туралы негіздемелік келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құрудың
институционалдық негiздерi туралы шектемелі келісім
(Ресми емес аударма)

      Осы Келiсiмнiң қатысушы мемлекеттерi (бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын):
      мұнай және газды дүниежүзiлiк рыноктарға тасымалдаудың қауiпсiз бағыттары Тараптардың одан әрi гүлденуi мен энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып ;
      басқа да мүдделi мемлекеттер, сондай-ақ көмiрсутектi ресурстарды пайдалануды инвестициялайтын жергiлiктi және шетелдiк компаниялармен ынтымақтастықта мұнайдың және табиғи газдың және (немесе) оларды өңдеу өнiмдерiн тасымалдаудың транзитi жөнiндегi шешiмдер қабылдау кезiнде барлық құқықтық, техникалық, коммерциялық, экологиялық және қаржылық факторларға назар аудару қажет екенiн түйсiне отырып ;
      ЕҚ елдерiнде қолданылатын ережелер мен нормалар сияқты мұнай және газ секторларындағы нарықтық экономика ережелерiн сақтай отырып және мұнай мен газды тасымалдау қызметiн реттейтiн халықаралық ережелер мен практиканы дамытуға өз үлесiн қосуға тiлек бiлдiре отырып ;
      инвестициялық және транзиттiк қауiптi азайтуда мемлекеттердiң маңызды рөл атқаратынын түйсiне отырып ;
      халықаралық экономикалық құқықтың халықаралық тәжiрибеде қабылданған стандарттары мен нормаларына сәйкес шетелдiк инвестициялар мен инвесторларды қорғау, оларға жәрдемдесу және олармен жұмыс iстеу мұнай мен газды тасымалдау секторын дамыту жөнiндегi тиiстi шаралар болып табылатындығына иек арта отырып ;
      халықаралық мұнай және газ өнеркәсiбiнде қолданылатын нормалар мен практикаға сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн бiрыңғай ережелер мен тетiктердi белгiлеуге ниет бiлдiре отырып ;
      Энергетикалық Хартия туралы Шартта  жарияланған принциптердi назарға ала отырып ;
      мыналар туралы келісті:

Анықтамалар мен тақырыптар

      1. Осы келiсiмдегi терминдердiң мәндерi:
      І. Құрылыс  - мұнай және газ тасымалдайтын жаңа жүйелерiн немесе осындай жүйенiң кез келген жаңа учаскесiн салу.
      II. осы Келiсiмнiң 8-бабының 3-тармағында сипатталған Төтенше комитет  - табиғат апаты, жер сiлкiнiсi, радиоактивтi немесе химиялық улану азаматтық тәртiпсiздiктер, террорлық немесе астыртын әрекеттер, қылмысты түрде нұқсан келтiру және осы сияқты өзге де оқиғалар орын алған жағдайда осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн әрбiр Қатысушы Тараптың үкiметтерi өз аумақтары шектерiнде жасалатын барлық қадамдарды, шараларды және бiрлескен әрекеттердi үйлестiруге өкiлдiк берiлген барлық Қатысушы Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған комитет.
      III. Жобаны жүзеге асырудың бiрлескен нысаны  - осы Келiсiмнiң 7-бабында баяндалғандай, екi немесе одан да көп жекелеген функцияларды бiр заңды тұлғаның немесе заңды тұлғалар тобының орындауын көздейтiн мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құру үшiн Қатысушы Тараптар таңдап алған ынтымақтастық нысаны немесе басқа да кез келген бiрлескен нысан.
      IY. Мемлекетаралық комитет , осы Келiсiмнiң 8-бабының 3-тармағында сипатталған термин - барлық Қатысушы Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құрылған, сол Тараптардың атынан және мүдделерi жолында олардың мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп жүйесiн құру жөнiндегi шешiмдердi орындауын бақылау үшiн өкiлеттiктер берiлген комитет.
      Y. Мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi  - бiрден астам мемлекеттiң аумағын кесiп өтетiн мұнай немесе табиғи газ және (немесе) оларды өңдеу өнiмдерiн тасымалдау жүйесi.
      YІ. Техникалық қызмет көрсету  - тиiстi техникалық және экологиялық стандарттар мен қауiпсiздiк нормаларына сәйкес осы жүйе арналған мақсатпен мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн немесе сол жүйенiң кез келген учаскесiн немесе объектiсiн тиiстi жұмыс жағдайында ұстау үшiн қажеттi техникалық шаралар.
      YII. Техникалық қызмет көрсетуге жауапты орган  - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiне немесе оның кез келген учаскесiне техникалық қызмет көрсету функциясын атқару мақсатымен осы Келiсiмге сәйкес құрылған немесе таңдап алынған заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      YІІІ. Пайдалану  - тиiстi ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiнiң тұрақты, үздiксiз, тиiсiнше және тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi барлық қызмет түрлерi.
      IX. Пайдаланушы орган  - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн пайдалану үшiн осы Келiсiмге сәйкес тағайындалған немесе таңдап алынған заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      X. Басқа мүдделi заңды тұлғалар , осы Келiсiмнiң 3 және 6-баптарында аталып өтiлетiн термин - осы Келiсiмнiң 13-бабында сипатталған өкiлеттi құзыреттi органдар.
      XI. Қатысушы Тараптар  - осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi аумақтары арқылы өтетiн Тараптар.
      XII. Дағды мен дәстүр , кiрiспе мен 3-бапта аталып өтiлетiн терминдер - өнеркәсiптiң немесе рыноктың белгiлi бiр саласы шеңберiнде нақты техникалық, коммерциялық және қаржылық қызмет жүргiзудiң өнеркәсiптiң немесе рыноктың сондай саласында жұмыс iстейтiн мамандары белгiлеген және жалпылай қабылдаған нысандары мен әдiстерi.
      ХІІI. Жоба  - осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi шеңберiнде белгiлi бiр қызмет пен қызмет түрлерiн iске асыруға арналған жоспарлау мен iс-шаралар;
      ХIY. Жобаны басқару  - мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн сауықтыру немесе салу жөнiндегi бүкiл жобаны жүзеге асыру үшiн қажет, инженерлiк қызмет көрсетумен, жабдықтаумен, техникалық қадағалаумен және бақылау жасаумен, құрылыс жұмыстарына басшылық етумен және жұмыс кестесiне, сапа мен шығынға қойылатын талаптар шеңберiнде осындай жобаға мердiгерлiк берумен байланысты iс-қимылдарды қадағалауды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жауапты көп салалы топ жұмысын жұмылдыру.
      ХY. Жобаны басқару жөнiндегi орган  - жобаны басқару функциясын орындау үшiн осы Келiсiмге сәйкес тағайындалған немесе iрiктелген заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы.
      ХYI. Жобаны басқару жөнiндегi орган және Пайдаланушы орган  - осы Келiсiмнiң 6-бабының 2-тармағына сәйкес жобаны басқару (жоба аяқталғанға дейiн) және жобаны пайдалану (oл аяқталғаннан кейiн) жөнiндегi екi ұдай функция бiр заңды тұлғаға немесе заңды тұлғалар тобына тапсырылмаған болса ғана, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес принципiнде жобаның әртүрлi екi кезеңiнде - iске асыру мен пайдалануға қатысатын әр түрлi екi орган болып табылуы мүмкiн.
      XYII. Хаттама немесе Хаттамалар  - осы Келiсiммен белгiленген негiзгi принциптерге, ережелер мен рәсiмдерге сәйкес осы Келiсiм шеңберiнде және оны iске асыру барысында екi немесе одан көп Тараптар арасында жасалған және кейiн оған тiркелген кез келген кейiнгi келiсiм немесе келiсiмдер.
      ХYIII. Сауықтыру  - мұнай мен газды тасымалдаудың қолда бар кез келген мемлекетаралық жүйесiн немесе сондай жүйенiң кез келген учаскесiн қалпына келтiру, қайта жаңғырту, жөндеу, ұлғайту немесе жетiлдiру.
      XIX. Шектелмелi Келiсiм  - оның жүзеге асуы үшiн, сондай-ақ осы Келiсiммен белгiленген институционалдық негiздер шеңберiнде жұмыс iстейтiн кез келген үшiншi тараптарды қорғау үшiн басты принциптерге, ережелер мен ресiмдерге қатысты қажеттi құрылымды белгiлейтiн осы Келiсiм.
      2. Осы Келiсiмдегi тақырыптар сiлтемелер жасауды жеңiлдетуге арналған және осы Келiсiм ережелерiне түсiнiк берiлуiне ықпал етпейдi.

1-бап
Жалпы мiндеттемелер

      Тараптар осы Келiсiм шеңберiнде мұнай мен газды тасымалдаудың жұмыс iстеп тұрған жүйелерiн сауықтыру, қажет жерлерде мұнай мен газды тасымалдаудың жаңа мемлекетаралық жүйелерiн салу, сондай-ақ сол жүйелердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету жолымен мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан да көп мемлекетаралық жүйелерiн өзара қолайлы шарттар негiзiнде құру мақсатында ынтымақтасатын болады.

2-бап
Қолдану саласы

      1. 1-бапты жүзеге асыру үшiн Тараптар жұмыс iстеп тұрған немесе салынып жатқан, өз аумағы арқылы өтетiн осы Келiсiмге сәйкес құрылатын, қызмет көрсетiлетiн және пайдаланылатын мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң қандай учаскелерiн мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiне бiрiктiргiсi келетiнiн, сондай-ақ жоғарыда аталған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң құрамдас бөлiктерi ретiнде өз аумағында қандай жаңа, учаскелер салуға, қызмет көрсетуге және пайдалануға келiсетiнiн жеке Хаттамада белгiлеу үшiн басқа Тараптармен екi жақты және (немесе) көпжақты келiссөздер жүргiзуге немесе жүрiп жатса әрi жалғастыруға келiседi.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың екi және одан көп мемлекетаралық жүйелерi арасында жалғастыру буындарын жасауға нұқсан келтiрмейтiн мұндай көлiк жүйелерi дербес жобалар деп қаралатын, оларды әзiрлеу, қаржыландыру, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану түрлi техникалық, коммерциялық, қаржы және экологиялық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Әрбiр Тарап екiншi Тараптармен мұнай мен газды тасымалдаудың бiрден көп мемлекетаралық жүйесiн құру туралы келiсе алады.

3-бап
Пайдалану

      1. 7-баптың 2-тармағына нұқсан келтiрмейтiндей және осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың кез келген мемлекетаралық жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ереженi көздеу қажет екенiне назар аудара отырып, кез келген мұндай жүйенi пайдалану Тараптардың келiсiмi бойынша, келiссөз жолымен талқыланатын және Қатысушы Тараптармен және, егер бұл орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалармен келiсiлетiн принциптерге, нормалар мен рәсiмдерге сәйкес құрылатын немесе сайланатын ортақ Пайдаланушы органға тапсырылуы мүмкiн.
      2. Пайдаланушы орган Қатысушы Тараптармен және, егер орынды болса, соған сәйкес пайдаланылуға тиiстi принциптер мен нормаларын белгiлейтiн басқа да мүдделi заңды тұлғалармен осы Тараптар құрған мемлекетаралық мұнай және газ тасымалдау жүйесiн пайдалану туралы ортақ Келiсiм жасай алады.
      3. 7-бапқа нұқсан келтiрiлмейтiндей және егер осы Келiсiмге қоса тiркелген кейiнгi Хаттамада басқадай көзделмеген болса, жалпы Пайдаланушы орган мұнай мен газды жеткiзушiлерге және (немесе) сатып алушыларға және жеке келiсiмге сәйкес осындай көлiк қызметтерiне құқығы бар кез келген басқа да заңды тұлғаларға мұнай және газ өнеркәсiбiнiң халықаралық стандарттарын сақтай отырып мұнай және газ тасымалы туралы келiсiмдерге сәйкес ерекше көлiк қызметiн көрсете алады.

4-бап
Сауықтыру және құрылыс салу

      1. Егер осы Келiсiмде басқаша тiкелей көзделмеген болса, әрбiр Қатысушы Тарап мұнай мен газды тасымалдаудың екi немесе одан көп мемлекетаралық жүйесiн құруға қатысты бiр немесе бiрнеше Тараптардың шешiмiн iске асыру кезiнде мұнай мен газды тасымалдаудың өз аумағын кесiп өтетiн қолда бар мемлекетаралық жүйесiн сауықтыру және осы Тараптың аумағында қолданылатын ұлттық заңдарға, ережелерге және нормативтiк актiлерге сәйкес оның аумағын кесiп өтетiн мұнай мен газды тасымалдаудың кез келген жаңа мемлекетаралық жүйесiн салу құқығын өзiнде сақтайды және жауапкершiлiгiне алады.
      2. 1-тармақ ережелерi Тараптарды өзге Қатысушы Тараптармен олардың аумағын кесiп өтетiн мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесi учаскелерiн сауықтыру және салу туралы басқа да келiсiм жасасу құқығынан айырмайды. Осы мақсатпен екi немесе одан көп мүдделi Тараптар өз аумағы шегiнде орналасқан объектiлердi жобалау, сауықтыру және салу жұмыстарын жүргiзудi заңды тұлғаға немесе Қатысушы Тараптардың бiрлескен шешiмiне сәйкес құрылған немесе таңдап алынған заңды тұлғалар тобына тапсыруға шешiм қабылдай алады.
      3. 1 және 2-тармақтарға сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң мемлекетiшiлiк учаскелерiн сауықтыру мен салуға келiсiмшарт жасасу кезiнде мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң техникалық бiртектiлiгiн және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ондай Қатысушы Тараптар олармен келiсiлген мұнай және газ өнеркәсiбiнде халықаралық көлемде танылған деп табылатын жалпыға бiрдей қабылданған техникалық ерекшелiктердi қолдануға келiседi.

5-бап
Техникалық қызмет көрсету

      1. 4-бап ережелерi мұнай және газ тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiнiң осы Келiсiмге сәйкес сауықтырылған немесе жаңадан салынған учаскелерiне техникалық қызмет көрсетiлуге бiрдей дәрежеде қолданылады.
      2. 3-баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес, ортақ Пайдаланушы орган осы Келiсімге сәйкес құрылған мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн пайдаланған жағдайда және егер мұндай жүйеге техникалық қызмет көрсету заңды тұлғаға немесе 3-бапта көзделгендей, ортақ Пайдаланушы органның құрамына кiрмейтiн заңды тұлғалар тобына тапсырылған болса, мұндай көлiк жүйесiне техникалық қызмет көрсетiлуi үшiн жауапты заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы осы бап негiзiнде жасалатын Техникалық қызмет көрсету туралы келiсiмде және 3-баптың 2-тармағында көзделген Бiрлесiп пайдалану туралы келiсiмде тiкелей белгiленуге тиiс екенiндей, ортақ Пайдалану органының бақылауымен және қадағалауымен жұмыс iстейдi.

6-бап
Жобаны басқару

      1. Осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құру туралы олардың шешiмдерiн орындау кезiнде Қатысушы Тараптар және, егер бұл орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалар жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу, осындай мұнай және газ тасымалдау жүйесiн сауықтыру мен салуды жобалау және қадағалау үшiн толық жауапкершiлiктi Қатысушы Тараптар және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалар келiссөз жолымен талқылайтын және келiсетiн өзара жарамды принциптерге, нормалар мен рәсiмдерге сәйкес Қатысушы Тараптар және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалар құратын немесе таңдайтын жобаны басқару жөнiндегi ортақ органға жүктей алады.
      2. 7-баптың 2-тармағы ережелерiне нұқсан келтiрмей Қатысушы Тараптардың және, егер орынды болса, басқа да мүдделi заңды тұлғалардың Жобаны басқару жөнiндегi органның функцияларын 3-баптың 1-тармағында көзделген ортақ Пайдаланушы органға беруiне ешнәрсе бөгет болмайды.

7-бап
Жобаны iске асырудың бiрлескен нысандары

      1. Осы Келiсiмге сәйкес кез келген жеке мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жасауға қойылатын нақты техникалық, коммерциялық және қаржы талаптарын ескере отырып, Қатысушы Тараптар 3-6 баптарда жеке ескерiлген екi және одан көп функцияларды Қатысушы Тараптар құрған немесе таңдап алған заңды тұлғаға немесе заңды тұлғалар тобына беру туралы келiсе алады, олар:
      а) 5-баптың 1-тармағымен тiркестегi 4-баптың 2-тармағында сауықтыру (салу) және техникалық қызмет көрсету функциялары бойынша;
      б) 5-баптың 2-тармағымен тiркестегi 3-баптың 1-тармағында техникалық қызмет көрсету және пайдалану функциялары бойынша;
      в) 6-баптың 2-тармағында жобаны басқару мен пайдалану функциялары бойынша;
      г) 5-баптың 2-тармағымен тiркестегi 6-баптың 2-тармағында жобаны басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету функциялары бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi сипатталған.
      2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр немесе одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жасау туралы олардың шешiмдерiн iске асыру мақсатында жобаны жүзеге асырудың, бiрлесiп пайдалануды қоса алғанда, бiрақ онымен шектелмей, кез келген басқа бiрлескен нысанын бекiте алады.

8-бап
Тараптардың ерекше заңдық иелiгiне
жатқызылатын мәселелер

      1. Осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жасау туралы шешiмдi iске асыру барысында Қатысушы Тараптар жеке Хаттама жасау жолымен әрбiр Қатысушы Тараптардың ерекше заңдық иелiгiн өз аумағында, сондай-ақ олардың аумағында iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғаларға, әлеуметтiк қорғауды, еңбек заңын, құрылыс жөнiндегi нұсқаулықты, лицензиялау рәсiмдерiн, қауiпсiздiк және денсаулық сақтау шараларын, қазыналық және кедендiк мәселелердi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заңды қамтитын, бiрақ олармен шектелмейтiн, осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiнiң мемлекетiшiлiк учаскелерiн жобалауға, қаржыландыруға, сауықтыруға, салуға, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты мәселелер жөнiндегi қолдануға қатысты мәселелердi реттейтiн ережелердi белгiлейдi.
      2. Егер осы Келiсiмде немесе оған қосымша тiркелген кейiнгi Хаттамаларда басқаша тiкелей көзделмеген болса, бiрде-бiр Тарап осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамаларды iске асыру мақсатымен өзiнiң ұлттық заңдарын осы Келiсiм мен кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамалар күшiне енгеннен кейiн осы Келiсiмге және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларға сәйкес жасалған мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жобалауға, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану жағдайларын мұндай заң нашарлататындай шамада өзгертпейтiн болады.
      3. Тараптар осы Келiсiмге кейiн қосымша тiркелген Хаттама көмегiмен өкiлеттi Мемлекетаралық комитет құру мақсатында ынтымақтасады, ол Қатысушы Тараптардың атынан және олардың мүдделерi жолында өздерiнiң осы Келiсiмге сәйкес мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жасау туралы шешімнің орындалуына бақылау жасайтын болады.
      4. Тараптар осы Келiсiмге кейiн қосымша тiркелетiн Хаттама көмегiмен осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай мен газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды табиғат апаты, жер сiлкiнiсi, радиоактивтi немесе химиялық улану, азаматтық тәртiпсiздiктер, террорлық немесе астыртын әрекеттер, қылмысты түрде нұқсан келтiру сияқты және басқа да осындай оқиғалардан қорғау үшiн әрбiр мүдделi Тараптың үкiметтерi өз аумағы шегiнде жасайтын барлық қадамдарды, шараларды және бiрлескен әрекеттердi үйлестiретiн өкiлеттi Төтенше комитет құру мақсатында ынтымақтасады. Мұндай оқиғаларды, сондай-ақ Төтенше комитеттiң функциялары мен өкiлеттiктерiн мүдделi Тараптар осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай және газ тасымалдаудың әрбiр жеке мемлекетаралық жүйесi үшiн белгiлейтiн болады.
      5. Осы Келiсiмге кейiн қосымша тiркелетiн Хаттамалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Хаттамаларға қол қойған Тараптар үшiн ғана күшiнде болады.

9-бап
Қоршаған ортаны қорғау

      Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында Тараптар БҰҰ-ның климатты өзгерту жөнiндегi Шектемелi Шартының Киот Хаттамасымен және Энергетикалық Хартияның энергия тиiмдiлiгi мен тиiстi экологиялық аспектiлер жөнiндегi Хаттамасымен  жарияланғандай халықаралық нормаларға сәйкес, жергiлiктi экологиялық жағдайларды ескере отырып, iс-қимыл жасайтын ортақ институттар құруға және қоршаған ортаны осы Келiсiмге сәйкес құрылған мұнай мен газды тасымалдаудың бiр және одан көп мемлекетаралық жүйелерiн жобалау, сауықтыру, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану нәтижесiнде пайда болған кез келген терiс ықпалдардан қорғауға бағытталған ортақ саясатты жүзеге асыруға бағытталған неғұрлым тығыз үкiметаралық ынтымақтастықты дамытуға келiседi.

10-бап
Ұлттық заңдарға енгiзу

      1. Осы Келiсiмге Қатысушы Тараптар осы Келiсiм ережелерiн өздерiнiң ұлттық заңдарына қосу мен енгiзу үшiн қажеттi барлық шараларды қолданады.
      2. Егер осы Келiсiмге кейiнгi қосымша ретiнде жеке Хаттама қабылдануы осы Келiсiмде көзделген немесе жорамалданған болса, ондай Хаттама немесе Хаттамалар келiссөз жолымен талқыланады және олар Қатысушы Тараптармен осы Келiсiм шеңберiнде әзiрленетiн кез келген жеке жобаны жүзеге асыруға қойылатын нақты талаптар ескерiле отырып келiседi. Мұндай Хаттаманы немесе Хаттамаларды Қатысушы Тараптардың ұлттық заңдарына қосу мен енгiзу олардың Конституциялары мен заңдарының тиiстi ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Тарап осы Келiсiм және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттама бойынша өз мiндеттемелерiн орындамауын ақтау ретiнде өзiнiң ұлттық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасай алмайды.

11-бап
Мiндеттемелердi орындаудың мемлекеттiк
және мемлекетаралық кепiлдiктерi

      Әрбiр Тарап осы Келiсiм және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамалар бойынша барлық басқа Тараптар жөнiндегi, сондай-ақ осы Келiсiмге сәйкес жасалған мұнай және газ тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн жобалауға, сауықтыруға, салуға, қаржыландыруға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге осы Тараппен келiсiм-шарт немесе келiсiм жасасатын кез келген үшiншi Тарап жөнiндегi өз мiндеттемелерiнiң тиiсiнше және дер кезiнде орындалатынына кепiлдiк бередi.

12-бап
Дауларды реттеу

      Осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелген Хаттамаларды түсiндiру мен iске асыруға қатысты Тараптар арасында пайда болатын кез келген даулар, сондай-ақ осы Келiсiмге Қатысушы Тарап пен кез келген үшiншi Тарап арасында осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларды жүзеге асыру мақсатында жасалған кез келген келiсiм-шарт пен келiсiмдi түсiндiру мен iске асыруға қатысты осы Келiсiмге Қатысушы Тарап пен кез келген үшiншi Тарап арасындағы кез келген даулар осы Келiсiмге Қатысушы Тараптар әзiрлейтiн бөлек Хаттамада көзделген ережелерге сәйкес шешiлуi тиiс.

13-бап
Өкiлеттi құзыреттi органдар

      1. Әрбiр Тарап ұлттық органды, агенттiктi, мемлекеттiк кәсiпорынды немесе iшкi заңдарға және нормативтiк актiлерге сәйкес осы Келiсiмнiң ықпалына түсетiн әрбiр секторда (мұнай және газ) осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты болатын кез келген бiрлiктi тағайындайды және ол туралы басқа Тараптарды хабардар етедi.
      2. Тараптар осы Келiсiмдi және кейiн оған қосымша тiркелетiн Хаттамаларды орындау мақсатында сол органдар өздерiне қабылдайтын мiндеттемелердi өз мiндеттемелерi ретiнде қабылдайды және оларға кепiлдiк бередi.

14-бап
Басқа халықаралық шарттарға қатынас

      1. Осы Келiсiм ережелерi Тараптарды мұнай және газ тасымалдау секторындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзге де нысандарын қолдану құқығынан айырмайды.
      2. Осы Келiсiм ережелерiн мұнай және газ тасымалдау саласындағы кез келген күшiндегi басқа халықаралық шарттарды, сондай-ақ Тараптар мен басқа мемлекеттер арасында жасалған, қатыспайтын мемлекеттерден шыққан шетелдiк инвестицияларды қорғау, соларға жәрдемдесу және солармен жұмыс iстеу мақсатын iшiнара және толық көздейтiн басқа да халықаралық шарттарды осы Келiсiмге Қатысушы Тараптар аумағында өзгертетiн немесе олардың күшiн тоқтататын ережелер деп түсiндiруге болмайды.

15-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Келiсiм - мерзiмсiз болып табылады.
      2. Осы Келiсiм қол қою үшiн 1999 жылғы 22 шiлдеден бастап 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн ашық. Осы Келiсiмдi оған қол қойған мемлекеттердiң парламенттерi немесе басқа өкiлеттi органдары бекiтуi тиiс. Бекiту грамоталары Депозитарийге сақтауға өткiзiледi. Осы Келiсiм Депозитарийi болып Украина Yкiметi тағайындалады.
      3. Осы Келiсiм бекiту грамотасын осы Келiсiмге қол қойған Мемлекет сақтауға берген күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. Осы Келiсiм қосылуға ол қол қою үшiн жабылған күннен бастап ашық. Қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға берiледi. Бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы құжаттарды осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн беретiн әрбiр Тарап үшiн бұл Келiсiм олар Депозитарийге ұсынылғаннан кейiн күшiне енедi.
      4. Осы Келісім халықаралық құқықтың жалпы принциптерiмен қоса алғанда, халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена Конвенциясымен реттеледі.

16-бап
Мәтiндердiң бiрдейлiгi

      Жоғарыда айтылғандарды қуаттау ретiнде төменде қол қойғандар, бұған тиісті дәрежеде өкілетті бола отырып, осы Келiсiмге ағылшын тілiнде және әрбiр Тараптың мемлекеттiк тілінде қол қойды. Келiспеушілiктер болған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басым болады. Осы Келiсiм Депозитарийге сақтауға берiледi және оның мұрағаттарында сақталады. Осы Келісімге қол қойған әрбiр мемлекет Депозитарийден осы Келiсiмнің дәл көшiрмесiн алады. Осы Келісiмнiң Депозитарийі осы Келiсімнiң бiрдей көшiрмесiн тең шамада Бiріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына беруге міндетті.

      Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы шiлде айының жиырма екiншi жұлдызында Киевте жасалды.

      Армения Республикасы
      Әзiрбайжан Республикасы
      Беларусь Республикасы
      Болгария Республикасы
      Грузия
      Қазақстан Республикасы
      Қырғыз Республикасы
      Молдова Республикасы
      Румыния
      Тәжiкстан Республикасы
      Түркiменстан Республикасы
      Украина
      Өзбекстан Республикасы

      Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қыркүйек айының он тоғызыншы жұлдызында Бухаресте қол қойылды.

      Албания Республикасы
      Хорватия Республикасы

      Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қазан айының сегізінші жұлдызында Скопьеде қол қойылды.

      Македония Республикасы

      Бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы желтоқсан айының отызыншы жұлдызында Киевте қол қойылды.

      Беларусь Республикасы

      Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құрудың институционалдық негiздерi туралы шектемелi келісiм жөнiндегi Әзiрбайжан Республикасының айтқаны

      1. Әзiрбайжан Республикасы Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құрудың институционалдық негiздерi туралы шектемелi келiсiмде келтiрiлген құқықтардың, мiндеттемелер мен ережелердiң бiрде-бiреуi және кейiннен оған тiркелген хаттамалар, eгep де Армения Республикасы кipу, транзит аумағы немесе мұндай жүйелерге арналған жер болып табылса, мұнай мен газды тасымалдаудың өз аумағын кесiп өтетiн жүйесiн құруға, сауықтыруға, құрылысын салуға, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға қатысты қолданылмайтынын осымен мәлiмдейдi.
      2. Әзiрбайжан Республикасы осы қордалаудың 1-тармағының ережесiне кез келген уақытта өзгеріс енгізу немесе жоққа шығару құқығын өзiне қалдырады, және мұндай өзгерiстер мен жоққа шығару туралы басқа тараптарды жазбаша нысанда хабардар етiн болады.

      Әзiрбайжан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Бұл құжат нөмірленген, мөрмен бекiтiлген 12 беттен тұрады.
      Мен бұл Мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесiн құрудың институционалдық негіздерi туралы шектемелi келiсiмнiң дәл көшiрмесi екенiн растаймын.

      Шарттық-құқықтық басқарма бастығы

      В.Г.Корзаченко
      Киев қаласы 08.02.2000 ж.

      РҚАО-ның ескертуі: ары қарай ағылшын тіліндегі мәтін берілген.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады