Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451-ІІ Заңы

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 жылғы 9 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      28-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы алып тасталсын;
      30-бап мынадай мазмұндағы 1-1 бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы iстердi қарайды.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      538-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары;";

      541-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "541-бап. Соттар";

      бiрiншi бөлiктегi "Аудандық және соларға теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      655-бапта:
      екiншi бөлiктегi "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      661-баптағы "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      664-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Аудандық және оған теңестiрiлген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      668-баптың бесiншi бөлiгiндегi "Аудандық және оған теңестiрілген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      672-баптағы "аудандық және оған теңестiрiлген соттың", "аудандық және оған теңестірілген соттардың", "аудандық және оған теңестiрiлген соттар" деген сөздер тиiсiнше "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрілген әкiмшiлiк соттың", "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың", "мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшiлiк соттар құрылғанға дейiн осы Заңмен олардың соттауына жатқызылған iстердi аудандық және соларға теңестiрілген соттар қарайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады