Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шілдедегі N 464-ІІ Заңы

      1-бап.  2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 35-баптың бесінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтық авиация қызметкерлері - осы Кодекстің 443, 446-баптарында, 447-бабының бірінші бөлігінде, 477-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады.";

      2) 447-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
                ережелерін бұзу

      1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу, -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 447-1, 447-2, 447-3, 447-4-баптармен толықтырылсын:

      "447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
                  автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде
                  жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің
                  бұзылуы

      1. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, сол сияқты:
      1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
      2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
      3) жолаушыларды, багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралын басқаруы, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      447-2-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
                 автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз
                 немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру

      Шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жүргізушілердің, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты
                 емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде
                 автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар
                 тізімінің болмауы

      Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -
      айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      447-4-бап. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік
                 құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында
                 орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды
                 немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге
                 асыру

      Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 461-бап мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -
      жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 463-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қауіпті жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) мынадай мазмұндағы 467-1-баппен толықтырылсын:

      "467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
                  тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына
                  қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз
                  жүзеге асыру

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 541-баптың бірінші бөлігінде:
      "446 (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4" деген сөздермен толықтырылсын;
      "461 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "461 (үшінші және 6-1 бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "462 (үшінші бөлігінде)" деген сөздер "463 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "467 (бірінші - үшінші, бесінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін "467-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      8) 547-баптың бірінші бөлігіндегі "447" деген цифр "447 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 549-баптың бірінші бөлігіндегі "447, 463 (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерінің бұзылуы бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 620-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;";

      11) 630-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "Кодекстің" деген сөзден кейін "447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "462," деген цифрдан кейін "463 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігінде "Шағын көлемді кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекцияның" деген сөздер "көлік бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылып, "кемені ұстауды" деген сөздерден кейін "өз өкілеттіктері шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацындағы "445," деген цифрдан кейін "447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 461 (6-1 бөлігі), 463 (екінші және үшінші бөліктері), 467-1," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:
      "көлік бақылау инспекторының" деген сөздер "лауазымды адамдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "457-бап" деген сөздерден кейін ", 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.  Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады