2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 161-1-баппен толықтырылсын:
"161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
қабылдаудан бас тарту
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.";
2) мынадай мазмұндағы 354-2-баппен толықтырылсын:
"354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн
кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу -
өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 416-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 568-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"568-бап. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары
1. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары осы Кодекстiң
130,
139
(бiрiншi бөлiгiнде),
230,
231
(бiрiншi бөлiгiнде),
234,
235
(бiрiншi бөлiгiнде),
236,
238,
239,
278
(екiншi бөлiгiнде),
291,
387,
499-баптарында
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.";
6) 570-1-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"161 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 161-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
"166" деген цифрлардан кейiн ", 169-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 571-баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы "Қаржылық бақылау" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 571-1-баптың екiншi бөлiгi "орынбасарлары" деген сөзден кейiн ", аумақтық бөлiмшелердiң басшылары" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 630-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "467-471" деген цифрлар "467-469, 470 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 471" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
он үшiншi абзацындағы "139 (екiншi бөлiгi)," деген сөздер алып тасталсын;
он бесiншi абзацтағы "мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзац "154-157" деген цифрлардан кейiн ", 168-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
жиырма сегiзiншi абзац "354" деген цифрлардан кейiн ", 354-2" деген цифрлармен толықтырылсын;
отыз алтыншы абзацтағы "139," деген цифрлар алып тасталсын;
қырық бірінші абзац алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті