Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 171 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45 құжат):
      1) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң
                кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы

      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр айдан үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
      2. Денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның үш айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекет, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      2) мынадай мазмұндағы 114-1-баппен толықтырылсын:

      "114-1-бап. Клиникалық сынақтар жүргiзудiң және
                  профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және
                  медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен
                  құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу

      1. Медицина қызметкерiнiң клиникалық сынақтар жүргiзу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзуы, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және
                есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық
                беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз
                беру не қолдан жасау

      1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның үш айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару және белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекет, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 5-6, 31-құжат; N 8; 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын
               сақтамау және оны сапасыз көрсету

      1. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды aдамдарғa оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жиырмадан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы сертификатты тоқтата тұрып немесе керi қайтарып алып, айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 85-1, 85-2-баптармен толықтырылсын:

      "85-1-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық
                 туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн
                 бұзуы

      1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      85-2-бап. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк
                заттарды өткiзу ережелерiн бұзуы

      1. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн бұзуы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) Мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:

      "177-1-бап. Шығындарды өтеу ережелерiн бұзу

      1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу ережелерiн бұзуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 322-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық
                қызмет

      1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң алты жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Заңда белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi құжаттарсыз халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткiзу, -
      тиiстi емшi дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiнiң сыйақы алу мақсатымен дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жiберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 324-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерiн бұзу

      1. Дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды тiркеу және қайта тiркеу, өндiру, сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерiн бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      фармацевтикалық қызметiн тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпiс, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тiркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқпаса, -
      қызметiн тоқтата тұрып, тiкелей құқық бұзушылық объектiлерi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      тiкелей құқық бұзушылық объектiлерi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.";

      6) 325-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "325-бап. Медициналық қызмет көрсетудi дәйексiз жарнамалау

      Мұндай қызмет түрiне лицензиясы және оны жарнамалауға медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган берген рұқсаты жоқ жарнама берушiнiң медициналық қызметтер көрсету жарнамасын, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарының жарнамасын таратуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) мынадай мазмұндағы 328-1-баппен толықтырылсын:

      "328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық
                  қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу
                  кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар
                  ұсынуы

      1. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпараттар, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуi, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

      "380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және
                  (немесе) анықтаманы заңсыз алу

      1. Ауруды өтiрiк сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 381-1-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 516-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "516-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтары,
                сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы немесе қате
                аударма жасау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтар беруi, сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аударма жасауы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында ерiктi түрде, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.";

      11) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "80-86" деген цифрлар "80-84, 86" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "318-322" деген цифрлар "318-321, 322 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 543-баптың бiрiншi бөлiгi "311," деген цифрлардан кейiн "328-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 557-2-баппен толықтырылсын:

      "557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау
                  жөнiндегi мемлекеттiк орган

      1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде осы Кодекстiң 85, 85-1, 322 (бiрiншi, екiншi және бесiншi бөлiктерi) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның басшысы және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.".

      14) 571-бап "177," деген цифрлардан кейiн "177-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      15) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының он бiрiншi абзацында:
      "85," деген цифрлар алып тасталсын;
      "322" деген цифрлардан кейiн "(үшiншi және төртiншi бөлiктерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздер алып тасталсын.

      3. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):
      1) 25-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында лицензиялау ережелерi мен бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.".

      4. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      1) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кәсiби қызметпен айналысуды мақсат еткен медициналық бiлiмi бар азаматтар үшiн осы бапта аталған құжаттардан басқа, маман сертификаты болуы қажет.";

      2) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мемлекеттiк бiлiм беру гранттары шеңберiнде жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн үш жыл бойы ауылдық жерде одан әрi жұмыс iстеу шарты негiзiнде медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшiн квота белгiлейдi;";

      3) 30-бапта:
      3-3) тармақша "бiлiм берудiң" деген сөздердiң алдынан "медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң үлгiлiк (базистiк) оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "жалпыға" деген сөздiң алдынан "медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) денсаулық сақтау кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты қоспағанда, бюджет қаражаттары есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;".

      5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат; 2005 ж., N 24, 121-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 7-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "хабардар етуге мiндеттi." деген сөздер "хабардар етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушiнi оның еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.";

      2) 8-баптың 2-тармағының 15) тармақшасындағы "жүргiзуге мiндеттi." деген сөздер "жүргiзуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен профилактикалық, алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өткiзiлуге тиiс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.";

      3) 48-баптың 2-тармағы "Жүктi әйелдердi" деген сөздерден кейiн "және бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн аналарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, ерiктi түрде емделуден жазбаша бас тартқан азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейiн бiр ай бұрын материалдарды сотқа жiбереді.";

      2) 8-баптағы "заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық жерге жұмыс iстеуге жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары жүйесiн, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi мен оның мөлшерiн айқындау жатады.";

      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;";

      3) 31-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы "және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 226-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 4-1) және 8) тармақшалары тиiсiнше "мемлекеттiк" және "ғылыми" деген сөздердiң алдынан "денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-бапта:
      Мынадай мазмұндағы 6-1) және 14-1)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;";
      "14-1) тәуекелдi бағалау - жұқпалы және паразиттiк ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкiн санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзетiн, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн тауарларды өндiру мен әкелуге ғылыми негiзделген баға беру;";
      15) тармақшадағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) тармақшадағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерi кешенi, сондай-ақ өнiмдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiнiң санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында жобаларды сараптау;";
      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "32) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      2) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:
      1) тармақшадағы "әзiрлейдi" деген сөз "айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) - 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
      9) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ шаруашылық  қызметтерiне арналған өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу, сондай-ақ өндiру, қолдану және тарату тәртiбiн айқындайды;
      10) оларға қарсы алдын ала егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу тәртiбiн, мерзiмдерiн және жоспарлы егiлуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;
      11) шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
      12) пайда болу және таралу қаупi туындаған кезде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулардың тiзбесiн белгiлейдi.";

      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның
              құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу (тоқтату) туралы ұсыныс енгiзедi;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шараларды айқындайды;
      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн санитарлық ережелердi және нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      7) жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улануларды тiркеу, есепке алу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есептiлiк жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу, есептiлiк тәртiбiн және құжаттамалар нысанын белгiлейдi;
      9) халықтың декреттелген топтарын жұмысқа тұру және жұмысқа жiберу кезiнде мiндеттi алдын ала медициналық тексеру тәртiбiн және оларды өткiзу кезеңдiлiгiн белгiлейдi;
      10) алдын ала және мерзiмдi медициналық тексерiп-қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн белгiлейдi;
      11) медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      12) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
      13) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
      14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестiгiне және тиiстi құжат бере отырып, тәуекелдi бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      15) санитарлық паспорт беру, оны есепке алу және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      16) актiлер, хаттамалар, қаулылар, нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн бекiтедi;
      17) адамдардың жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулармен науқастану және улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеруiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
      18) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi.";

      5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
                саласындағы мемлекеттiк органның құзыретi

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жүргiзедi;
      4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      5) өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысады;
      6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдайды;
      7) мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртiптiк жаза қолданады;
      9) мемлекеттiк органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру жөнiнде салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;
      11) гигиеналық нормативтердi және мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн құқықтық актiлердi бекiтедi;
      12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiн тексерудiң дүркiндiгiн белгiлейдi;
      13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар бередi;
      14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтiру туралы талап қояды;
      15) өз құзыретi шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензия беруге байланысты қызметтi жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
      16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауiп төндiретiн химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасайды және жүргiзеді;
      17) өнiмге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттiк стандарттар жобаларын келiседi;
      18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетiстiктердi практикалық қызметке енгiзедi;
      19) салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiлетiн санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      20) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу жөнiнде сараптамалық комиссиялар құрады;
      21) балалар тағамы өнiмiн, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктердi), генетикалық түрлендiрiлген көздердi, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдердi керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайды;
      22) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi келiседi;
      23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады;
      24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;
      25) жұқпалы, паразиттiк, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асырады;
      26) тәуекелдердi бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бiрдей қабылданған әдiстерiн ескере отырып, тәуекелдердi бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшiн бiрыңғай әдiснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      27) егер осы iс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, басқа елдердiң санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларын баламалы ретiнде таниды;
      28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейi төмен аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн айқындайды;
      29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;";

      6) 7-1-бапта:
      тақырыбындағы "7-1" деген цифрлар "7-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      тақырыбындағы және бiрiншi абзацтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      15) тәуекелдi бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.";

      7) 8-бапта:
      11) тармақшадағы "әзiрлеуге қатысады" деген сөздер "әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақшадағы "бағдарламаларды iске асыруға қатысады" деген сөздер "өңiрлiк бағдарламаларды iске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақшадағы "және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi" деген сөздер алып тасталсын;
      19) тармақшадағы "жүргiзуге қатысады" деген сөздер "жүргiзудi ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;";
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) өз құзыретi шегiнде тәуекелдi бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.";

      8) 9-бапта:
      1-тармақта:
      10) тармақша "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздердiң алдынан "зертханалық зерттеулер мен тiршiлiк ету ортасы факторларын өлшеу бөлiгiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.";
      2-тармақта:
      1) тармақша "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздердiң алдынан "зертханалық зерттеулер мен тiршiлiк ету ортасы факторларын өлшеу бөлiгiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.";

      9) 10-бапта:
      1-тармақта:
      үшiншi, төртiншi абзацтардағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын және алтыншы абзацтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттiк шекарадағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттiк шекарадағы мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "мамандары уәкiлеттi болып табылады." деген сөздер "мамандары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары уәкiлеттi болып табылады.";
      3-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ "заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiмен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 11-баптың 1) тармақшасындағы "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 13-баптың 2-тармағындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 15-бапта:
      1-тармақтың бесiншi абзацындағы "жүргiзудi қамтиды." деген сөздер "жүргiзудi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесiмдi етудi қамтиды.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдiстемелiк ұсынымдар, әдiстемелiк нұсқамалар, әдiстемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.";
      4-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 16-бапта:
      3-тармақтағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ "Қазақстан Республикасында" деген сөздерден кейiн "тiркелген және" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      15) 27-баптың 2, 3 және 5-тармақтарындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин жекелеген объектiлерде тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектiлерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi басшыларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады).";

      17) 29-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер тиiсiнше "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган", "Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - аккредиттеудiң белгiленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сарапшылық бағалау жүргiзуге ерекше мәртебесi мен құқын тану рәсiмi;
      2) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнаулы қызметтiң болуы заңмен көзделiп, осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлiмшелердiң, бөлiмдер мен мекемелердiң жиынтығы;
      3) бейiндi маман - клиникалық бейiндегi белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық бiлiмдi медицина қызметкерi;
      4) дәрiгерлiк қызмет - жоғары медициналық бiлiмдi, тиiстi сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi;
      5) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы;
      6) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы;
      7) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      8) денсаулық сақтау субъектiлерi - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
      9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау iсiн мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық қызметтер органдары;
      10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
      12) емдеу - ауруларды жоюға және (немесе) бетiн қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
      13) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;
      14) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
      15) медициналық көмектiң сапасы - көрсетiлетiн медициналық көмектiң денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазiргi заң аяғы деңгейiнiң негiзiнде белгiленген стандарттарға сәйкестiк шарасы;
      16) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiби медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi;
      17) медициналық қызметтер көрсету - профилактикалық, диагностикалық емдеу немесе оңалту бағыттылығы бар медициналық қызметкерлердiң нақты адамға қатысты iс-қимылы;
      18) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган - аумақтық бөлiмшелерi бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудiң сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
      19) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылау - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектiлерiнiң денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актiлердi орындау бойынша бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүргiзетiн тексеру;
      20) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтiң әртүрлi салалары жай-күйiнiң деңгейiн, сапасын және дәрежесiн анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық iс-шаралардың жиынтығы;
      21) медициналық ұйымдар - негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары;
      22) профилактика - салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, аурулардың пайда болуының (және олардың асқынуының) алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешенi;
      23) тәуелсiз сараптама - медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
      24) тәуелсiз сарапшы - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген жеке немесе заңды тұлға;
      25) тәуелсiз сарапшылардың деректер банкi - тәуелсiз сараптаманы жүзеге асыру үшiн мәртебесi және құқықтық өкiлеттiгi бар, белгiленген тәртiппен аккредиттелген жеке және заңды тұлғалардың тiзiлiмi;
      26) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiлетiн медициналық қызметтiң Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбесi бойынша бiрыңғай медициналық көмектiң көлемi;
      27) халықтық медицина (емшiлiк) - халық жинақтаған емшiлiк құралдар туралы тәжiрибелiк мәлiметтердiң, сондай-ақ емшiлiк және гигиеналық тәсiлдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурудың алдын алу мен емдеу үшiн iс жүзiнде қолдану.";

      2) 3-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) дәрiлiк заттардың тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;";
      4) тармақша "медициналық" деген сөзден кейiн "және фармацевтикалық" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiханаларды қоспағанда, жеке меншiк нысанындағы денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тыйым салынады.";

      4) 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң денсаулық сақтау
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) денсаулық сақтауды дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      3) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласында нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
      4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      5) медициналық қызметтiң сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;
      6) осы Заңда белгiленген, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуын қамтамасыз етедi;
      7) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтiң бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялануының тәртiбiн бекiтедi;
      8) халықтың тығыздығы мен елдi мекендердiң шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
      9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудiң, аттестаттаудың, сертификаттаудың және стандарттаудың тәртiбiн айқындайды;
      10) азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды;
      11) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      12) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетудi сатып алудың тәртiбiн айқындайды;
      13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгi нысанын бекiтедi;
      14) бюджет қаражаты есебiнен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртiбiн айқындайды;
      15) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жүйесi мен шарттарын айқындайды.";

      6) 7 және 7-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның
              құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның iшiнде бiлiм беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары мен үлгiлiк оқу бағдарламаларын бекiтедi;
      5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
      6) азаматтар денсаулығының мүддесiне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      7) медициналық көмек көрсету тәртiбiн айқындайды;
      8) денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, нормативтiк құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекiтедi;
      9) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарды бекiтедi;
      10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      11) медициналық ұйымдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн айқындайды;
      12) тәуелсiз сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      13) медициналық қызметтердi, профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалаудың ережесiн бекiтедi және олардың жарнамасына рұқсаттар берудiң тәртiбiн айқындайды;
      14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен бiлiктiлiк сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгi штаттарын және штат нормативтерiн; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      15) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу, емдiк препараттарды (жануарлардың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөнiндегi лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етедi және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;
      17) бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртiбiн айқындайды;
      18) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар мамандарды, оның iшiнде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының бiлiктiлiгiн арттырудың және қайта даярлаудың тәртiбiн айқындайды;
      19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      20) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрiлiк заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
      22) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      23) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды бередi және лицензиялауға қатысады;
      24) конкурстық негiзде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
      25) конкурстық негiзде денсаулық сақтау кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттiк тапсырысты орналастырады;
      26) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтер тарифтерiн қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдiстемесiн айқындайды;
      27) денсаулық сақтау, оның iшiнде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      28) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар мен қызметтер сатып алу жөнiндегi тендерлiк құжаттаманы бекiтедi.

      7-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау
               жөнiндегi мемлекеттiк органның құзыретi

      Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
      1) өз құзыретi шегiнде медициналық қызметтер көрсету мәселелерi бойынша басқа да нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар қабылдайды;
      2) медициналық қызметтер көрсету саласын бақылауды жүзеге асырады;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрiлiк заттар сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптаманың жүргiзілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      4) дәрiлiк заттарды қоспағанда, медициналық қызметтердiң, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдары жарнамасын бақылауды жүзеге асырады;
      5) медициналық қызмет саласындағы бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      6) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан науқастарға дәрiлiк заттардың белгiленуiн бақылауды жүзеге асырады;
      7) денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүзеге асырады;
      8) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн бағалауға тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады;
      9) әртүрлi бейiндегi мамандар арасынан тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн қалыптастырады;
      10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және өткiзедi;
      11) денсаулық сақтаудың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсiби бiлiктiлiкке аттестаттауды жүргiзедi;
      12) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметi бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсету және уақытша еңбекке қабiлетсiздiк сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасы бөлiгiндегi медициналық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
      13) медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн бiлiктiлiк санатын беруге емтихан өткiзедi;
      14) дәрiлiк құралдарды қоспағанда, профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарының денсаулық сақтау практикасында қолданылуына рұқсаттар беру мен бақылауды жүзеге асырады;
      15) клиникаға дейiнгi және клиникалық базалар тiзбесiн бекiтедi;
      16) жеке тұлғаларға халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысуға куәлiктер бередi;
      17) азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудiң деңгейi мен сапасына қанағаттану дәрежесiн айқындайды;
      18) азаматтардың көрсетiлген медициналық көмек сапасы мәселелерi бойынша шағымдарын қарайды
      19) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау субъектiлерiне әкiмшiлiк жазалар қолданады;
      20) профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын енгiзудi үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
      21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.";

      7) 8-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн, сондай-ақ оларға әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерлерiн айқындайды;";
      4) тармақшадағы "жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастырады;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) денсаулық сақтаудың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларының қызметiн үйлестiредi;";
      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-1) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметi бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегiнен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсетудi және уақытша еңбекке қабiлетсiздiк сараптамасын, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда, медициналық қызметтi; дәрiлiк заттарды дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;";

      8) 9-бапта:
      6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттар мен медициналық қызметтер көрсетудi сатып алуды жүзеге асырады;";
      "8) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларын кәсiби бiлiктiлiкке аттестаттауды жүргiзедi;";
      11-1) тармақша алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      "9-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
                мемлекеттiк бақылау

      1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтарды жоюға және мемлекеттiк органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.
      2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн белгiленген стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында халыққа медициналық көмек көрсетудi жүзеге асыратын объектiлерге (қызметтiк куәлiк бойынша) кедергiсiз баруға;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы денсаулық сақтау субъектiлерiне нұсқамалар беруге;
      3) денсаулық сақтау субъектiлерiнен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      4) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерін түсiрiп алуға;
      5) аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға, маманды аккредиттеу туралы куәлiктi және оның сертификатын қайтарып алуға, денсаулық сақтау субъектiлерiне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру және медициналық қызметтi жүзеге асыру лицензиясын керi қайтарып алу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      6) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешiмдер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң мiндеттi орындауына жатады және оларға жоғары тұрған органға немесе сот тәртiбiмен шағым жасала алады.
      4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексерулердiң мынадай түрлерiн жүргiзуге құқылы:
      1) жоспарлы тексеру - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралығы ескерiле отырып жүргiзiлетiн алдын ала жоспарланған тексеру;
      2) жоспардан тыс тексеру - халықтың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне, арыздарына, жоғары тұрған органның тапсырмасына дереу ден қоюды талап ететiн, қалыптасқан жағдайға байланысты жүргiзiлетiн тексеру;
      3) қарсы тексеру - тексерiлетiн денсаулық сақтау субъектiсiмен шарттық мiндеттемесi не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкiлдiгiне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектiлiгiн анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру;
      4) рейдтiк тексеру - бiрнеше денсаулық сақтау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру;
      5) бiрлескен тексеру - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының сақталуы мәселелерi бойынша бiрнеше бақылаушы органның денсаулық сақтау субъектiсiнiң қызметiн тексеруi.";

      10) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

      1. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүзеге асырылады және ерiктi сипатта болады.
      2. Белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетiн заңды және жеке тұлғалар аккредиттеу субъектiсi бола алады.
      3. Денсаулық сақтау, аккредиттеу, аттестаттау, лицензиялау субъектiлерiнiң қызметiне сараптама жүргiзу және денсаулық сақтау саласындағы бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу үшiн белгiленген тәртiппен тәуелсiз сарапшылар тартылуы мүмкiн.";

      11) 13-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "құжаттамасын қамтиды." деген сөздер "құжаттамасын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) аккредиттеу стандарттарын қамтиды.";

      12) 14-бапта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтiк-диагностикалық көмек көрсететiн ұйымдар;
      2) стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;";

      13) 15-баптың 2-тармағындағы "Тиiстi бейiндегi" деген сөздер "Осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi бейiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн
               денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

      Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:
      мемлекеттiк медициналық мекемелер - жеке қаржыландыру жоспары бойынша;
      мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын нысандар бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде;
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн және бекiтiлген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.";

      15) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Шығындарды өтеу медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мен көлемiн бақылаудың нәтижелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.";

      16) 19-бапта:
      тақырып пен бiрiншi абзац "медициналық" деген сөзден кейiн "және фармацевтикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Денсаулық сақтау жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi қызметiнiң негiзгi және қосымша түрлерi олардың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалады.";

      17) 20-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек;";
      3-тармақтың 3) тармақшасында "денсаулық сақтау ұйымдарының" деген сөздер "медициналық ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек

      1. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерiн дәрiгердiң қатысуымен пайдалануды талап етпейтiн аурулар кезiнде медициналық орта бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн көмек.
      2. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.";

      19) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бiлiктi медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдiстерiн пайдалануды талап етпейтiн аурулар кезiнде жоғары медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн медициналық көмек.";

      20) 23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдiстерiн пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек.";
      2-тармақтағы "амбулатория-емхана" деген сөздер "алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек.";

      22) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары

      Медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетiлуi мүмкiн:
      1) жедел медициналық көмек;
      2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
      3) консультациялық-диагностикалық көмек;
      4) стационарлық көмек;
      5) стационарды алмастыратын көмек;
      6) санаторий-курорттық емдеу.";

      23) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулi зиянды болғызбау немесе өмiрге төнген қатердi жою үшiн аса шұғыл медициналық көмектi талап ететiн аурулар мен жай-күй туындаған кездегi медициналық көмек көрсету нысаны.";

      24) 28-бап алып тасталсын;

      25) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

      1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейiнде көрсетiлетiн, қолжетiмдi медициналық қызмет көрсету кешенiн:
      1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және емдеудi, сондай-ақ жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;
      2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы iс-шараларды және аурулардың профилактикасын;
      3) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, отбасын, ананы, әкенi және баланы қорғау;
      4) халықтың сумен қауiпсiз қамтылуы және тиiмдi тамақтануы жөнiндегi түсiндiру жұмыстарын қамтитын тәулiк бойы медициналық бақылаусыз дәрiгерге дейiнгi немесе бiлiктi медициналық көмек.
      2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектi мынадай мамандар: учаскелiк терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрiгерлерi, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер көрсетедi.
      3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың қызметi медициналық ұйымды еркiн таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және (немесе) бекiтiлген жерi бойынша медициналық көмектiң қолжетiмдiгiн қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргiзiледi.
      4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету түрлерiн, көлемiн, тәртiбiн, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тiркеу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастыруды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      28-2-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

      1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
      2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      26) 29-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Стационарлық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылауы бар бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiндегi стационарлық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған санының (шектелген көлемдерiнiң) шегiнде көрсетiледi.";

      27) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Стационарды алмастыратын көмек - бiр күннiң iшiнде ұзақтығы төрт сағаттан сегiз сағатқа дейiн болатын медициналық бақылауы бар дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны.";

      28) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Санаторий-курорттық емдеу - табиғи-климаттық, физиотерапиялық және басқа да емдеу факторларын пайдалана отырып, профилактика және медициналық оңалту жөнiндегi медициналық көмек көрсету нысаны.";

      29) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:

      "32-1-бап. Салауатты өмiр салтын насихаттау

      Салауатты өмiр салтын насихаттау медициналық қызмет көрсету түрi болып табылады және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, аурулардың профилактикасы және азаматтардың салауатты өмiрiмен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерiнде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды қамтиды.
      Салауатты өмiр салтын насихаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның үйлестiруi және әдiстемелiк басшылығы аясында денсаулық сақтау субъектiлерi қамтамасыз етедi.
      Салауатты өмiр салтын насихаттау, аурулардың профилактикасы және халықтың денсаулығын нығайту жөнiндегi iс-шараларды басқа да мүдделi министрлiктермен, халықаралық ұйымдармен бiрлесе отырып, қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.";

      30) 33-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 34-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтен түскен қаражаттарды пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";

      32) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Денсаулық сақтау жүйесiндегi мемлекеттiк
                 мекемелердiң ақылы қызметтер көрсету тәртiбi

      1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс, сондай-ақ медициналық емес сипаттағы ақылы қызметтердi санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелерi, денсаулық сақтау жүйесiнiң сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер көрсетедi.
      2. Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулез, психоневрология мекемелерi, денсаулық сақтау жүйесiнiң сот сараптамасы органдары, лепрозорийлер ұсынған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен пайдаланылады.";

      33) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

"5-1-тарау. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру

      34-2-бап. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру

      1. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыруды - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық көмек көрсетудi-денсаулық сақтау субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Денсаулық сақтау субъектiлерi:
      1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетудi;
      2) диагностиканың, профилактика мен емдеудiң әдiстерiн, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат берген дәрiлiк заттарды қолдануды;
      3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзiрлiктi;
      4) айналасындағыларға қауiптi болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсiби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөнiндегi профилактикалық медициналық iс-шараларды жүргiзудi;
      5) азаматтарға медициналық көмектiң нысандары мен түрлерi туралы тегiн, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақтауды;
      7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара iс-қимыл мен сабақтастықты;
      8) салауатты өмiр салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;
      9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргiзудi, денсаулық сақтау және мемлекеттiк статистика салаларындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген нысандар, түрлер, көлем, тәртiп пен мерзiмдер бойынша есептер тапсыруды;
      10) айналасындағыларға қауiптi болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мiнез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсiніктер бойынша көрiнген адамдар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ айналасындағыларға қауiптi болып табылатын аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi.";

      34) 35-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) медициналық қызметтер көрсету сапасының сараптамасы;";
      3) тармақша алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтедi.";

      35) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

      1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейi жөнiнде қорытынды жасау үшiн жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралар жиынтығы.
      2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және (немесе) тәуелсiз медицина сарапшылары жүргiзедi.
      3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптамаға:
      1) көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерiнiң негiздiлiгiн анықтау;
      2) медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң салалық нормативтер талаптарына сәйкестiгiн анықтау;
      3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгiленген нормативтерге сәйкестiгiн анықтау;
      4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
      5) азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудiң деңгейi мен сапасына қанағаттану дәрежесiн анықтау;
      6) лицензиямен белгiленген медициналық көмек түрлерiнiң сәйкестiгiн анықтау;
      7) сапасыз медициналық қызметтер көрсетудiң себептерiн анықтау, оларды жою және медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру жөнiнде шараларды қабылдау кiредi.
      4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.";

      36) 38-бап алып тасталсын;

      37) 39-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      38) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын мемлекеттiк денсаулық сақтау секторының медицина ұйымдарында сот сараптамасы органдары жүргiзедi.";

      39) 42-бапта:
      1-тармақтағы "биологиялық сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргiзу" деген сөздер "биологиялық, клиникаға дейiнгi сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргiзу, биоэквиваленттiгiн анықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "сараптама комиссиялары" деген сөздер "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сараптаманы дәрiлiк затты әзiрлеуге және өндiруге тiкелей қатыспаған, уәкiлеттi орган айқындайтын ұйым жүргiзедi.";

      40) 44-бапта:
      1-тармақтың төртiншi абзацындағы "органдары" деген сөз "органдары жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, бесiншi абзац алып тасталсын;
      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      41) 47-бапта:
      1-тармақтағы "айқындауды" деген сөз "қалыптастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылады.";

      42) 48-баптың 3-тармағы "куәлiк" деген сөзден кейiн ", маманның сертификаты" деген сөздермен толықтырылсын;

      43) 49-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Санат берiлмейтiн бiрiншi бiлiктiлiк емтиханы интернатурадағы, ординатурадағы, аспирантурадағы оқу аяқталғаннан кейiн, ал орта медицина қызметкерлерi үшiн колледждегi оқуын бiтiргеннен кейiн өткiзiледi. Бiлiктiлiк емтихандары әрбiр бес жыл сайын өткiзiлiп тұрады. Маман кезектi бiлiктiлiк емтиханына медициналық бiлiм беру қызметiне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл iшiнде бiлiктiлiгiн арттырған жағдайда жiберiледi.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Маманның тиiстi сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзiмi аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрiгерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынады.";

      44) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "кәсiби мiндеттерiн жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшiн көтермелеуге;";
      3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "өтемақылар берiледi" деген сөздер "әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек
               қатынастары

      1. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындайды.
      3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.".

      11. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат):
      13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн жарнамалау ерекшелiктерi

      1. Мыналарға:
      1) алкоголь өнiмдерiн;
      2) ана сүтiн жасанды алмастырушыларды;
      3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға тыйым салынады.
      2. Темекiнi және темекi өнiмдерiн жарнамалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы заңнамасымен реттеледi.
      3. Дәрiлiк заттарды жарнамалау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар туралы заңнамасымен реттеледi.
      4. Медициналық қызметтер көрсету жарнамасына, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарының жарнамасына, оларға лицензия мен (немесе) рұқсат болмаған, сондай-ақ оларды жарнамалауға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген рұқсат болмаған кезде, жол берiлмейдi.
      5. Қызметтiк қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.".

      12. "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшадағы "дәрiхана пунктi, дәрiхана дүңгiршегi" деген сөздер "алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiханалық пунктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "(витаминдер, витамин тәрiздiлер, макро және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және басқалар)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) биоэквиваленттiк - олардың бiрдей тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне сенiм артуға мүмкiндiк беретiн, бiрдей дозада және бiрдей жағдайда енгiзгеннен кейiн бiрдей биожетiмдiлiгiн (жылдамдығы мен сiңiрiлу дәрежесiн) растайтын екi дәрiлiк заттың салыстырмалы сипаттамасы;";
      8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылау - фармацевтикалық қызметтi регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуын анықтауға әрi жолын кесуге және фармацевтикалық қызметтi Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар айналымы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiруге бағытталған iс-қимылдар кешенi;";
      14) тармақша 21-2) тармақша болып есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-2) медициналық иммунобиологиялық препараттар - жұқпалы және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзiндiк профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, иммунологиялық әдiстердiң көмегiмен басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердi диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектiлерiнде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерiн индикациялауға арналған препараттары, иммундық жүйе арқылы емдiк әрi профилактикалық әсерiн тигiзетiн (алу тәсiлiне қарамастан) қан препараттары;";
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу мақсаттары үшiн пайдаланылатын бұйымдар;";
      мынадай мазмұндағы 21-1), 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21-1) дәрiлiк формуляр - тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттардың жеткiлiктi мөлшерi болуға мiндеттi ұйымның бейiнiн ескере отырып қалыптастырылған дәрiлiк заттардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiтетiн тiзбесi;";
      "21-3) медициналық техника - аурулардың профилактикалық, диагностикалау, емдеу, медициналық сауықтыру, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшiн жекелеген, кешендi немесе жүйелi түрде медициналық мақсатта қолданылатын аппараттар, жабдықтар, аспаптар, құрылғылар, соның iшiнде сериямен өндiрiлетiн протездер мен импланттар;
      21-4) дәрiлiк заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрiлiк заттың атауы;";
      30) тармақшадағы "және ұйымдарға" деген сөздер алып тасталсын;
      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "36) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсетудiң сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      2) 4-баптың 2) тармақшасындағы "қызмет түрлерiн" деген сөз "қызметтердi" деп жазылсын;

      3) 5-бапта:
      5) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) дәрiлiк заттардың айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн тауарлар мен қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      8-2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;";

      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) дәрiлiк заттар айналымы саласында азаматтардың денсаулығын сақтаудың бiртұтас мемлекеттiк саясатын жүргiзедi және iске асырады;
      2) фармацевтика ғылымын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды және бекiтедi;
      3) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) фармацевтика қызметiн жүзеге асыратын мамандарды қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн айқындайды;
      5) дәрiлiк заттардың адам денсаулығына нормативтiк құжаттарда көрсетiлмеген қауiптi жанама әсерi анықталған жағдайда, оларды мемлекеттiк тiркеудiң, қайта тiркеудiң және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алудың тәртiбiн айқындайды;
      6) дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды жасау ережелерiн бекiтедi;
      7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фармакопеясын бекiтедi;
      8) Халықаралық фармакопеялардың жекелеген стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердiң дәрiлiк заттарына арналған фармакопеялық құжаттарды және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттарды тану туралы шешiм шығарады;
      9) дәрiлiк заттарды негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттарға жатқызудың тәртiбiн айқындайды;
      10) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде халықты қамтамасыз ету үшiн негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн бекiтедi;
      11) оларды амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен мамандандырылған емдiк тағам рецептер бойынша тегiн әрi жеңiлдiктi шарттармен босатылатын аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiтедi;
      12) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн тауарлар мен қызметтер көрсетудi сатып алу жөнiндегi тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
      13) дәрiлiк заттарды алып қою мен жою ережесiн әзiрлейдi;
      14) дәрiлiк заттарға рецепт беру, оларды есепке алу және босату ережелерiн бекiтедi;
      15) бiрегей дәрiлiк заттың атауын бекiтудiң тәртiбiн айқындайды;
      16) дәрiлiк заттарды дәрiгердiң рецептiмен және рецептiсiз босатылатын дәрiлiк заттар тiзбесiне жатқызу өлшемдерiн айқындайды;
      17) халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасының құрамын бекiтедi;
      18) дәрiлiк заттар мониторингiнiң тәртiбiн айқындайды;
      19) тәуелсiз сараптама жүргiзу, соның iшiнде лицензиялау кезiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiлiк тәртiбiн айқындайды;
      20) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.";

      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Мемлекеттiк органның функциялары

      Мемлекеттiк орган:
      1) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
      2) дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, сондай-ақ дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi кейiннен керi қайтарып алып, мемлекеттiк тiркеудiң қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы дәрiлiк заттарының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
      3) дәрiлiк заттар айналымы саласында дәрiханалық және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      4) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      5) дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъект қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы фармацевтикалық зерттеу актiсiн жасайды;
      6) медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейлерiнде дәрiлiк заттардың тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) дәрiлiк заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу мен әкетудi келiсудi жүзеге асырады;
      8) уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен қосылған құн салығынан босатуға жататын денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектiлерiне жеткiзiлетiн тауарлардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауды жүзеге асырады;
      9) дәрiлiк заттарға, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және баға белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      10) дәрiлiк заттарды өндiруге және көтерме сатуға байланысты қызметке және денсаулық сақтау жүйесiндегi есiрткi заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке: өндiруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткiзуге, пайдалануға, жоюға, лицензиялар бередi, оларды керi қайтарып алады және қолданылуын тоқтата тұрады;
      11) фармацевтикалық қызметте бiлiктiлiк талаптарының және оны лицензиялау ережелерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      12) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
      13) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердiң бiлiктiлiк деңгейге сәйкестiгiне тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзу үшiн заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүргiзедi;
      14) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын мамандарды бес жылда бiр рет кезеңдiлiкпен кәсiби бiлiктiлiкке аттестаттауды жүргiзедi;
      15) фармацевтикалық қызметкерлерге бiлiктiлiк санатын бередi;
      16) дәрiлiк заттар жарнамасына рұқсат берудi жүзеге асырады және оның жүзеге асырылуын бақылауды жүргiзедi;
      17) дәрiлiк заттар айналымы саласында сараптама жүргiзудi бақылауды жүзеге асырады;
      18) дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мониторингтi жүзеге асырады;
      19) фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар қатарынан тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн қалыптастырады;
      20) дәрiлiк заттарды сынауды және (немесе) зерттеудi жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тiзбесiн айқындайды;
      21) консультативтiк-кеңесшi және сараптама комиссияларын құрады;
      22) фармацевтикалық қызмет мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;
      23) дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi фармакопеялық құжаттарды және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтедi, сондай-ақ дәрiлiк заттар өндiрiсiнiң технологиялық регламенттерiн келiседi, олардың есепке алынуы мен жүйеленуiн жүргiзедi;
      24) өз құзыретi шегiнде дәрiлiк заттар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";

      6) 8-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезiнде тегiн әрi жеңiлдiктi шарттармен дәрiлiк заттарды қосымша беру туралы шешiм қабылдайды;";
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "дәрiхана пункттерiнiң, дәрiхана дүңгiршектерiнiң" деген сөздер "алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) дәрiлiк заттарды дайындауға және бөлшек саудамен өткiзуге байланысты фармацевтикалық қызметке лицензия бередi және керi қайтарып алады және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады.";
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Бюджет қаражаты есебiнен дәрiлiк заттарды бiр орталықтан сатып алған жағдайда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары конкурсты ұйымдастырушылар болып белгiленедi.
      4. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн тауарлар мен қызметтер көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк
              бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
              лауазымды адамдары

      1. Дәрiлiк заттар айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторы;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары;
      3) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары;
      4) тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары.
      2. Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиiс.
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      4. Уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      5. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген лауазымды адамдарды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      6. Тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi облыстар (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша мемлекеттiк фармацевтика инспекторларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      8) 10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "фармацевтикалық қызмет түрлерi" деген сөздер "фармацевтикалық қызметтiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) дәрiлiк заттардың айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;";

      10) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өндiру жағдайларын бағалау дәрiлiк затты мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiш берушiнiң есебiнен өндiрушi кәсiпорынға бару арқылы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.";

      11) 14-1-бапта:
      1-тармақтағы "ережелер мен нормаларды" деген сөздер "стандарттардың, ережелер мен нормалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Мемлекеттiк бақылау" деген сөздер "Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ анонимдiк хабарларды қоспағанда, оның iшiнде халықтың денсаулығы мен ұлттық қауiпсiздiкке қауiптi дереу жоюды талап ететiн шағымдар, өтiнiштер және басқа да ресми қатынастар түрлерi бойынша тексерулер;";

      12) 15-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "стационарлық емделу, төңiрегiндегiлер үшiн қауiп төндiретiн аурулардан емделу кезiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Дәрiлiк заттар азаматтардың жекелеген санаттарына және аурулар түрлерi бойынша тегiн және жеңiлдiктi шарттармен берiледi. Аурулар түрлерiнiң, азаматтар санаттарының және дәрiлiк заттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайды.";

      13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Клиникаға дейiнгi сынаулар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзiледі.";

      14) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Клиникалық сынаулар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзiледi.";

      15) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Фармакологиялық және дәрiлiк заттарды клиникалық зерттеулер мен (немесе) сынауларды:
      1) зерттелетiн дәрiлiк зат тек балаларды емдеуге ғана арналған немесе клиникалық сынаулардың мақсаты кәмелеттiк жасқа толмағандарды емдеуге арналған дәрiлiк затты неғұрлым дұрыс мөлшерлеу туралы деректердi алу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәмелеттiк жасқа толмағандарға жүргiзуге тыйым салынады. Соңғы жағдайда дәрiлiк заттарды клиникалық сынауларды кәмелеттiк жасқа толмағандарға жүргiзу алдында олар кәмелеттiк жасқа толған азаматтарға жүргiзiлуге тиiс. Дәрiлiк заттарды клиникалық сынауларды кәмелеттiк жасқа толмаған азаматтарға жүргiзген кезде, олардың заңды өкiлдерiнен жазбаша келiсiм алу қажет. Заңды өкiлдерi жоқ кәмелеттiк жасқа толмағандарға дәрiлiк заттарды клиникалық сынауларды жүргiзуге тыйым салынады;
      2) қажеттi ақпарат дәрiлiк заттарды жүктi әйелдерге клиникалық сынаулар кезiнде ғана алынатын және жүктi әйел мен ұрыққа зиян келтiру қаупi мүлдем жоқ кезде ғана жүктi әйелдерге арналған дәрiлiк заттарды клиникалық сынаулар жүргiзу жағдайларын қоспағанда, жүкті әйелдерге;
      3) әскери қызметшiлерге;
      4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар мен тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдарға;
      5) психикасы бұзылғандарды (ауруларды) емдеуге арналған дәрiлiк заттарды психикасы бұзылғандарға (ауыратындарға) клиникалық сынауларды қоспағанда, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға жүргiзуге тыйым салынады.";

      16) 21-бапта:
      1-тармақ "ұйымдарында" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 және 3-тармақтарда "Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлер", "дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлер" деген сөздер тиiсiнше "Денсаулық сақтау субъектiлерi", "денсаулық сақтау субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 24-бапта:
      тақырыбында "нұсқаулықтар" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Дәрiлiк заттар айналымға уәкiлеттiк орган бекiткен, оларды қолдану жөнiндегi мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нұсқаулықтармен қоса түсуге тиiс.
      Мамандар үшiн дәрiлiк заттарды қолдану жөнiндегi нұсқаулық мамандандырылған баспасөз басылымдары мен электрондық тасығыштарда орналастырылады.
      Тұтынушылар үшiн дәрiлiк заттарды қолдану жөнiндегi нұсқаулық (қосымша-аннотация) дәрiлiк заттың орамына салынады.
      Медициналық қолдану жөнiндегi нұсқаулықтың мәтiнiн жасау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.";
      2-тармақ "қысқартылмай" деген сөзден кейiн "тұтынушылар үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      18) 26-баптың 2-тармағында:
      "дәрiхана пункттерiнде, дәрiхана дүңгiршектерiнде," деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерiнде дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сатуға жол берiледі.";

      19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн
                 көрсету үшiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету

      1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету бекiтiлген дәрiлiк формулярға сәйкес және уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен Негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрiлiк заттар тiзiмiнiң шеңберiнде жүзеге асырылады.
      2. Дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атаулармен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.";

      20) 28-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген, функционалдық өлшемдерi бойынша ұқсас үлгiсi жоқ медициналық техникамен жарақтандыруға арналса, мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша жол берiледi;";
      4-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.";
      6-тармақтың 4) тармақшасындағы "жүзеге асыра алады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшiн денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.";
      7-тармақта ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да құжаттар" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 30-баптың 2-тармағында "мемлекеттiк органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн хабардар етедi" деген сөздер "мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне мәлiметтер бередi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      32-бап. Дәрiлiк заттардың жарнамасы

      1. Дәрiлiк заттардың жарнамасы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiлген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
      2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы жарнамалауға оларды өндiруге және (немесе) өткiзуге лицензия, сондай-ақ олардың жарнамасына рұқсат болмаған кезде жол берiлмейдi.
      3. Дәрiгерлердiң рецептiлерi бойынша босатылатын, оның iшiнде құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бap дәрiлiк заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырыла алады.
      4. Дәрiлiк заттардың жарнамасында басқа дәрiлiк заттармен салыстыру, тұтынушылардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы оларды жаңылыстыру, оның iшiнде дәрiлiк заттың құрамы, жасау тәсiлi, тұтыну қасиеттерi, құны (бағасы), қолданудың болжамды нәтижелерi, зерттеулер мен сынаулардың нәтижелерi сияқты сипаттамаларына қатысты жаңылыстыру болмауға тиiс.
      5. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелмеген дәрiлiк заттардың жарнамасына;
      2) дәрiгердiң рецептi бойынша босатылатын дәрiлiк препараттар үлгілерiн жарнамалау мақсатында таратуға;
      3) балаларға арналған дәрiлiк заттардан басқа, дәрiлiк заттардың жарнамасында балаларды, олардың бейнесi мен даусын пайдалануға;
      4) қоғамдық көлiкте, дәрiлiк заттардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда дәрiлiк заттың жарнамасын таратуға және орналастыруға;
      5) плакаттар, стендтер, жарық таблолар, билбордтар, транспаранттар, афишалар мен жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектiлерi түрiнде ұсынылған сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға;
      6) дәрiлiк заттар туралы ақпаратты ғылыми немесе бiлiм беру мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрiлiк заттарды тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiн жарнама таратушылар ретiнде пайдалануға тыйым салынады.".

      13. "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы" 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 13, 73-құжат):
      1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым мен бiлiм, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;";

      2) 7-баптың тақырыбындағы "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 11-баптың үшiншi бөлiгiндегi "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 16-баптың екiншi бөлiгiндегi "денсаулық сақтау саласындағы" деген сөздер алып тасталсын.

      14. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      12-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi ", мемлекеттiк органдардан" деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат):
      1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) медициналық оңалту - организмнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер кешенi;".

       2-бап.  Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы, 12-тармағының 18) тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацтары 2008 жылғы 1 шiлдеге дейiн қолданылады.
      3. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезден бастап стационарлық көмек көрсететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дәрiханалық киоскiлердiң, дәрiханалық пункттер мен дәрiханалардың қызметiне тыйым салынады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады