Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 56-IV Конституциялық Заңы

      1-бап . "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 11, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "нышандары", "нышандарының", "нышандарын", "нышандарына" деген сөздер тиісінше "рәміздері", "рәміздерінің", "рәміздерін", "рәміздеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап . Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады