Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 156-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86-87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 жылғы 11 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 12 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) мынадай мазмұндағы 204-1-баппен толықтырылсын:
      "204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
                  заңнамасын бұзу
      1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -
      айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
      айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 576-8-баппен толықтырылсын:
      "576-8-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган
      1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 204-1-бабында, 357-2-бабында (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.";
      3) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының отыз тоғызыншы абзацындағы "317-1-бап" деген сөздер "158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасағанда), 317-1-бап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "576-7" деген цифрлар "576-8" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. "Аралық соттар туралы" 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 24, 151-құжат):
      1) 2-бапта:
      2) тармақша "тұрақты жұмыс істейтін аралық сот" деген сөздерден кейін ", биржалық төрелік" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "тұрақты жұмыс істейтін аралық соттың" деген сөздерден кейін ", биржалық төреліктің" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-бапта:
      1-тармақ "тұрақты жұмыс істейтін аралық сот" деген сөздерден кейін ", биржалық төрелік" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады.
      Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы аралық соттың регламентін, осы аралық сотта қызметін жүзеге асыратын аралық судьялардың тізімін бекітуге тиіс.";
      3) 7-баптың 1-тармағы "кезде," деген сөзден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат, N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат, N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      аталған Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 32-тармақпен толықтырылсын:
      "32. Сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
      4. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 11-баптың 27) тармақшасындағы "импорты салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс" деген сөздер "импорты;" деген сөзбен ауыстырылып, бап мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
      "28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс";
      2) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
      "37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
      1) тауар биржаларының қызметі;
      2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.".
      5. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 жылғы 27 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 26 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      бүкіл мәтін бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады