Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 5 мамырдағы N 159-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат):
      1) 145-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға;";
      2) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
      1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
      2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.";
      3) 159-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы:
      1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
      2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшін;
      3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
      4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде төленбейді.".
      2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 15, 106-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 ж., N 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "оралмандар" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар";
      2) 8-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақшадағы "кәсіптік оқуға" деген сөздер "кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
      7-2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді (бұдан әрі - толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер) кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға жіберуге;";
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "көрсетуге;" деген сөз "көрсетуге құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 9-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      "ұйымның таратылуына" деген сөздер "жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бір ай" деген сөздер "екі ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) уәкілетті органға қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алда болатын еңбек жағдайларының өзгеруіне дейін кемінде бір ай бұрын ақпарат беруге;";
      4) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған, қоғамдық жұмыстарға қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;";
      5) 19-бапта:
      тақырыбы мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
      1. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
      1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
      2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
      3) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді жібереді.";
      2-тармақтың бірінші бөлігінде "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі баланы бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтағы "Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ" деген сөздер "Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген," деген сөздермен, "жұмыссыздар" деген сөз "адамдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 20-бапта:
      3-тармақта:
      "жұмыссыздар" деген сөз "адамдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тіркелген" деген сөзден кейін "(өтініш берген)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған;";
      7) 21-баптың 2-тармағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат):
      1) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Артық төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару
      Төлеуші артық төлеген әлеуметтік аударымдар сомасы кейіннен оны Орталық төлеушінің банктік шотына банктік үш күн ішінде аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік он күн ішінде Орталықтың банктік шотына аударылуға тиіс.";
      2) 23-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "куәлігі" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы белгіленген үлгідегі анықтама";
      3) 23-2-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Бала бір жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге байланысты табысын жоғалтуына орай берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда, баланың мемлекет қарауына толық алынатын жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік төлем бала бір жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуді жүзеге асыратын адамға төленеді.";
      4) 24-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "есептеу" деген сөзден кейін ", қайта есептеу" деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап . Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы баптың үшінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары, 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы, 3) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары, 4) тармақшасы, 5) тармақшасының жетінші абзацы, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 4-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, ол тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген баптың 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      "4. Ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айрылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер:
      екі айға - ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      үш айға - ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      бес айға - ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      алты айға - ол үшін отыз алты айдан астам әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда тағайындалады.".

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                                Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады