Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі N 184-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 317-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы "пайдалану;" деген сөз "пайдалану түрінде жасалған бұзушылық, -" деген сөздермен ауыстырылып, 14) тармақшасы алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 317-2-баппен толықтырылсын:

      "317-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты
                  беру тәртібін бұзу

      1. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сараптаманың актісін жасауы және оны сараптама ұйымының беруі, -
      тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, сараптама ұйымдарына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауардың шығарылуы туралы тиісті түрде ресімделген сараптама актісі және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тарту, -
      аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруі, -
      аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді берудің мерзімін бұзуы, -
      аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат алу үшін техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын, бұрмаланған және (немесе) дәйексіз құжаттарды беру, -
      дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестатынан айыра отырып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына - қызметін тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, сараптама ұйымдарына айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 541-баптың бірінші бөлігі "317-1," деген цифрлардан кейін "317-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз жетінші абзацы "317-1," деген цифрлардан кейін "317-2," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
       39-бапта :
      1-тармақтағы "уәкілетті органы берген" деген сөздер "заңнамасына сәйкес берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі "тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат келісім-шарттың", "тиісті уәкілетті мемлекеттік орган береді" деген сөздер тиісінше ", егер тауардың шығарылуы туралы сертификат келісімшарттың", "осы аталған сертификат табыс етіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын.

      3. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 23, 141-құжат):
       7-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша тоқсан сайын табыс ететін ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асырады;".

      4. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 60-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;
      12) ішкі айналыс үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруге уәкілетті органды айқындау.";

      2) 7-баптың бірінші бөлігінде:
      11-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.";

      3) 16-бапта :
      тақырыбындағы ", тауар шығарылатын елді анықтау" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы "Тауар шығарылатын елді анықтау, сәйкестікті" деген сөздер "Сәйкестікті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елін
                 айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор

      1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың жасаған тауардың шығарылуы туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
      2. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
      3. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың құзыреттілігі тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.
      Біліктілік аттестатын алған тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.
      4. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкілетті орган құратын тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
      5. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.
      6. Аттестаттаудан өту үшін тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияға мынадай құжаттар табыс етілуге тиіс:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
      4) жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын оқу орталығы куәлігінің не сертификаттың көшірмесі;
      5) тауардың шығарылған елін айқындау жөнінде жұмыстар жүргізуге жеке тұлғаның қатысқанын растайтын, оның тағлымдамадан өткені туралы он есептің көшірмесі;
      6) жалпы еңбек стажы кемінде екі жыл екендігін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан үзінді көшірме.
      7. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      8. Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған актісін жасауына тыйым салынады.".

      5. "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 9, 25-құжат):

      1) 18-бапта :
      1-тармақтағы "өзге де заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңнамасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкісінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін дайындаумен байланысты шығыстарға ақы төлеуді қоспағанда, тауардың шығарылуы туралы сертификатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ақысыз негізде береді;
      2-2) тауардың шығарылуы туралы сертификаттың көшірмесін және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды тауардың шығарылуы туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтайды;
      2-3) кем дегенде жылына бір рет кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкілетті тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мекенжайларын жібереді;
      2-4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты тоқсан сайын табыс етеді;";
      "4-1) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;";

      2) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2-баптармен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат

      1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауарларға беріледі.
      2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мынадай құжаттардың:
      1) тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішінің;
      2) тауардың шығарылуы туралы сараптама актісінің;
      3) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың негізінде береді.
      3. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарларға тауардың шығарылуы туралы сертификат осы баптың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде беріледі.
      4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат үш дана етіп ресімделеді. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш иесіне беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
      Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың қолданылу мерзімі оның берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
      5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат, егер онда тазартылған, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулері болса, қажетті қолдары және (немесе) мөрлері болмаса, жарамсыз деп есептеледі.
      6. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың ресімделуі және куәландырылуы, тауардың шығарылуы туралы сараптама актісінің жасалуы мен берілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруіне тыйым салынады.
      8. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тиісті түрде ресімделген тауардың шығарылуы туралы сараптама актісі және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тартуға құқылы емес.

      18-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру мерзімі
                және оны беруден бас тарту

      1. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімі өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен, ал Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген жағдайларда екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден:
      1) тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тиісінше ресімделмеген актісі табыс етілген және (немесе)
      2) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілмеген жағдайларда бас тартылуға тиіс.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тартуға тиіс.";

      3) 19-бапта :
      1-тармақтағы "өзге де заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңнамасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерінің техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілер нысандарына сәйкес дайындалуын жүзеге асырады;
      10) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерін беру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды және аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерін беруін, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
      11) жылына бір рет техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкілетті тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мекенжайларын жібереді;
      12) Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердің, өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шет елдердегі халықаралық көрмелердің тізілімін жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және оның жарғылық қызметінің мақсаттарына сай келетін өзге де қызметті жүзеге асырады.";
      3-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады