2008 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөнінде одан әрі ынтымақтастық жасау туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі
арасындағы Алматы қаласындағы
Қазақстан - Неміс Университетін дамыту
жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі,
өз мемлекеттеріндегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниеттене және осы ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижелерін бағалай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі перспективті және біртіндеп кеңейту қажеттігін сезіне отырып,
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының мемлекеттік және жеке әріптестерінің, жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлерінің барынша ауқымды топтарын тартудың маңызын көрсете отырып,
Қазақстан - Неміс Университетіне концептуалдық, ұйымдық және қаржылық қолдау көрсетуге мүдделілік білдіре отырып,
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 29 қаңтар - 1 ақпандағы Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізген келісімді ескере отырып,
«Мәдени ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 16 желтоқсандағы келісімді басшылыққа ала отырып,
Қазақстан - Неміс Университетіне (бұдан әрі - Университет) халықаралық мәртебе беру туралы ықыласын білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Жаңа мамандықтар енгізу
Тараптар осы Келісім шеңберінде тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Университетті әрі қарай дамыту және нығайту бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Осы мақсатта Университет төмендегі білім беру бағдарламаларын ұсынады, оның ішінде:
Инженерия бакалавры:
ақпараттық технологиялар/телематика бойынша;
ғимараттар мен инфрақұрылым техникасы бойынша;
энергия және қоршаған орта технологиялары бойынша.
Менеджмент бакалавры:
құнды қағаздар мен банк ісіне акцентпен қаржы бойынша;
маркетинг бойынша;
кәсіпорын менеджменті бойынша.
Экономикалық инженерия бакалавры:
қоршаған орта ресурстары менеджменті бойынша және қоршаған орта технологиялары бойынша;
көлік логистикасы бойынша;
экономикалық информатика бойынша.
Әлеуметтік ғылымдар бакалавры:
халықаралық қатынастар бойынша;
саясаттану бойынша.
Шебер дипломдары:
халықаралық кәсіпорындар менеджменті шебері;
инновативті технологиялар шебері;
өнеркәсіптік менеджмент /инжиниринг шебері;
аймақтану шебері: Орталық Азия.
2-бап
Дипломдарды тану
Университетке қазақстандық жоғары білім беру бағдарламаларының құрылымын ескере отырып құрылған герман оқу бағдарламалары бойынша жаңа мамандықтарды оқытуды жүргізу мүмкіндігі беріледі.
Қолданыстағы ережелер шеңберінде Тараптар Университет дипломдарының Қазақстан Республикасында да, Германия Федеративтік Республикасында да жоғары білім туралы ресми диплом ретінде танылуына ықпал етеді.
3-бап
Мамандықтарды аккредиттеу
Мамандықтар Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзырлы ұйымдарында аккредиттеуге жатады. Тараптар бұл үшін қажетті рәсімдерді қолдайды және рәсімдер мәселелері бойынша ақпарат алмасады
4-бап
Университет мәртебесі
Университет халықаралық жоғары оқу орны мәртебесіне ие.
5-бап
Кедендік төлемдер мен салықтар
Техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық көмек корсету мақсатында әкелінетін акцизделінетіндерді қоспағанда тауарлар импорты, сондай-ақ Университтердің қажеттіліктері үшін сатып алынатын мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің желілері бойынша гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосымша құнға арналған кедендік төлемдер мен салықтардан босатылады.
6-бап
Басқа мекемелермен ынтымақтастық
Тараптар Университеттің білім және инновация саласындағы жобаларды жүзеге асыратын қазақстандық және герман мемлекеттік және жеке мекемелерімен және ұйымдарымен стратегиялық және тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуі үшін қолайлы жағдайларды жетілдіруге қолдау көрсетеді.
7-бап
Герман академиялық алмасулар қызметінің қолдауы
Германия Тарабы қолда бар бюджеттік қаражат шеңберінде 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Герман академиялық алмасулар қызметі арқылы Университетке қолдау көрсету және оның қызметін одан әрі кеңейту үшін 3,5 миллион еуро көлемінде қаржыландыруға дайын екенін растайды.
8-бап
Ғимарат беру, тұтынуға арналған шығыстар
Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысанда ақысыз Университетке Алматы қаласы Пушкин көшесі, 111/113 мекен жайында орналасқан бүкіл ғимаратты ақысыз пайдалануды ұсынады.
Қазақстан Тарапы аталған ғимаратты ұстау және қызмет көрсету жөніндегі коммуналдық қызметтер мен шығыстарды төлеуді мойнына алмайды.
9-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін жазбаша нысанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
10-бап
Қолданылу мерзімі
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Анықтаушы соңғы хабарламаның келіп түскен күні болып табылады. Келісім күшіне енгеннен соң 10 жылдан ерте емес мерзімге дейін бұзылмайды.
Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тарапты Келісімді бұзу ниеті туралы жазбаша хабарлаған соң жиырма төрт айдан кейін күшін жояды, сонымен қатар екінші Тарап Келісімді бұзу туралы хабарламаны алған күн шешуші күн болып табылады.
Келісім 2008 жылы 3 қыркүйек Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және неміс тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей. Қазақ және неміс тілдеріндегі мәтінді түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, шешуші орыс мәтіні болып табылады.
Қазақстан Германия Федеративтік
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні неміс тілінде берілген.