Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облысы) жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы № 436-IV Заңы

      2010 жылғы 10 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облысы) жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

(2011 жылғы 11 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Жапонияның Қазақстан
      Республикасындағы Елшілігі
      Космонавтар көшесі 62, 5 қабат
      Астана
      Тел. 97-78-43
      Факс 97-78-42

2010 жылғы 10 тамыз

      Жоғары Мәртебелі,

      Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесін қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесі бойынша Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы таяуда қол жеткізілген төмендегі Келісімді растау құрметіне ие болып отырмын:
      1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бір миллион жапон йенасы (Ұ 6,361,000,000) болатын қарызды (бұдан әрі - «Қарыз» деп аталатын) Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапонияның тиісті заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін реконструкциялау жобасын (бұдан әрі - «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретін болады.
      2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келісімге сәйкес пайдалану үшін қолжетімді болады. Қарыз кезеңі мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі рәсімдер, қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келісімге сәйкес айқындалатын болады:
      (а) Төлеу мерзімі жеті (7) жыл жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін он сегіз (18) жылды құрайтын болады;
      (б) Пайыздық ставка жылдық бір бүтін оннан жетіні (1,7 %) құрайтын болады; және
      (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін тоғыз (9) жылдың ішінде берілетін болады;
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ЖХЫА қарап, оң баға бергеннен кейін жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз беру кезеңі екі Үкіметтің уәкілетті органдарының келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттіктің келісімшарттар бойынша қолайлы елдердің өнім берушілері және/немесе мердігерлері алдындағы Жобаны орындау үшін қажетті өнімді және/немесе қызметтерді сатып алудан туындауы мүмкін төлемдерді олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнімдер шығарылуы және/немесе қызметтер көрсетілуі шартымен өтеуі үшін қолжетімді болады.
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердің тізбесі екі Үкіметтің уәкілетті органдары арасында келісілетін болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген өнім және/немесе қызметтер қазіргі кезде Азия Даму Банкі мен ЖХЫА арасында қолданылатын және басқаларымен қатар, мұндай рәсімдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиіс рәсімдерді айқындайтын Азия Даму Банкі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы АДБ-мен Жедел бірлесіп  қаржыландыру схемасын іске асыру үшін Негіздемелік Келісімге сәйкес сатып алынатынына кепілдік береді.
      5. Қарыз шеңберінде сатып алынған жүк және теңіз тасымалы мен өнімді сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі көліктік және теңіз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулер салудан тартынады.
      6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнімді және/немесе қызметтерді жеткізуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтері талап етілуі мүмкін Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшін Қазақстан Республикасына келуі мен онда тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан;
      (б) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберінде өнім жеткізуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетін кіріске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан;
      (с) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшін қажетті өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық баждар мен салықтық алымдардан; және
      (d) жобаны іске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтін төлемдерден алынған жеке кірістеріне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
      (а) қарыздың тиісті түрде және тек қана Жобаны орындау үшін пайдаланылуын;
      (б) Қарыз шеңберіндегі объектілерді салу және осы объектілерді пайдалану кезінде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негізгі халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оны қолдауды; және
      (с) Қарыз шеңберінде салынған объектілердің осы Келісімде сипатталған мақсаттар үшін тиімді және тиісті түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі сұрау салуға сәйкес Жапония Үкіметі мен ЖХЫА-ны:
      (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен; және
      (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.
      10. Екі Үкімет осы Келісімнен туындауы немесе онымен байланысты болуы мүмкін кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткізетін болады.
      Мен сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелім, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімнің жасалуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.
      Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.

________________________
      Сигэо Нацуи      
Жапонияның Қазақстан 
Республикасындағы Төтенше
және Өкілетті Елшісі  

      Жоғары Мәртебелі
      Нұрлан Ермекбаев
      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер
      министрінің орынбасары

2010 жылғы 10 тамыз

      Жоғары Мәртебелі,

      Жоғары Мәртебелім, мен Сіздің мынадай мазмұндағы нотаңыздың бүгін алынғанын растау құрметіне ие болып отырмын:
      «Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесін қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесі бойынша Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы таяуда қол жеткізілген төмендегі Келісімді растау құрметіне ие болып отырмын:
      1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бір миллион жапон йенасы (Ұ 6361000000) болатын қарызды (бұдан әрі - «Қарыз» деп аталатын) Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапонияның тиісті заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін реконструкциялау жобасын (бұдан әрі - «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретін болады.
      2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келісімге сәйкес пайдалану үшін қолжетімді болады. Қарыз кезеңі мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі рәсімдер, қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келісімге сәйкес айқындалатын болады:
      (а) Төлеу мерзімі жеті (7) жыл жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін он сегіз (18) жылды құрайтын болады;
      (б) Пайыздық ставка жылдық бір бүтін оннан жетіні (1,7 %) құрайтын болады; және
      (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін тоғыз (9) жылдың ішінде берілетін болады;
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ЖХЫА қарап, оң баға бергеннен кейін жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарызды беру кезеңі екі Үкіметтің уәкілетті органдарының келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттіктің келісімшарттар бойынша қолайлы елдердің өнім берушілері және/немесе мердігерлері алдындағы Жобаны орындау үшін қажетті өнімді және/немесе қызметтерді сатып алудан туындауы мүмкін төлемдерді олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнімдер шығарылуы және/немесе қызметтер көрсетілуі шартымен өтеуі үшін қолжетімді болады.
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердің тізбесі екі Үкіметтің уәкілетті органдары арасында келісілетін болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген өнім және/немесе қызметтер қазіргі кезде Азия Даму Банкі мен ЖХЫА арасында қолданылатын және басқаларымен қатар, мұндай рәсімдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиіс рәсімдерді айқындайтын Азия Даму Банкі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы АДБ-мен Жедел бірлесіп  қаржыландыру схемасын іске асыру үшін Негіздемелік Келісімге сәйкес сатып алынатынына кепілдік береді.
      5. Қарыз шеңберінде сатып алынған жүк және теңіз тасымалы мен өнімді сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі көліктік және теңіз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулер салудан тартынады.
      6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнімді және/немесе қызметтерді жеткізуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтері талап етілуі мүмкін Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшін Қазақстан Республикасына келуі мен онда тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын
және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан;
      (б) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберінде өнім жеткізуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетін кіріске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан;
      (с) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшін қажетті өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық баждар мен салықтық алымдардан; және
      (d) жобаны іске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтін төлемдерден алынған жеке кірістеріне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
      (а) қарыздың тиісті түрде және тек қана Жобаны орындау үшін пайдаланылуын;
      (б) Қарыз шеңберіндегі объектілерді салу және осы объектілерді пайдалану кезінде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негізгі халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оны қолдауды; және
      (с) Қарыз шеңберінде салынған объектілердің осы Келісімде сипатталған мақсаттар үшін тиімді және тиісті түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі сұрау салуға сәйкес Жапония Үкіметі мен ЖХЫА-ны:
      (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен; және
      (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.
      10. Екі Үкімет осы Келісімнен туындауы немесе онымен байланысты болуы мүмкін кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткізетін болады.
      Мен сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелім, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімнің жасалуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.
      Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.».
      Мен сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан аталған уағдаластықты растау және, Жоғары Мәртебелім, Сіздің Нотаңыз бен осы жауап Нота Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімнің жасалуына келісім беру құрметіне ие болып отырмын.
      Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.

_____________________
Нұрлан Ермекбаев 
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер   
министрінің орынбасары

      Жоғары Мәртебелі
      Сигэо Нацуи
      Жапонияның Қазақстан
      Республикасындағы Төтенше
      және Өкілетті Елшісі

      Осымен 2010 жылғы 10 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадр жұмыстарын үйлестіру
      және бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Ахметжанова

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады