Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 556-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 63-баптың 5-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгілейді және сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейді. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін өзге де міндеттерді жүктей алады.»;

      2) 64-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шартты түрде сотталған адам өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаса (бүлдірсе), сондай-ақ дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, сондай-ақ сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген органның ұсынымы бойынша сынақ мерзiмiн ұзартып, күшейтілген, бiрақ бiр жылдан аспайтын пробациялық бақылау белгілей алады.
      3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынымы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады.».

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18,  11-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      380-баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жасағанына кiнәлi деп танылған әрбiр қылмысы үшiн сотталушыға тағайындалған жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58, 60-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi көрсетілуге тиіс.
      Сот жаза шарасы ретiнде бас бостандығынан айыруды тағайындаған кезде үкiмде сотталған адамның жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде, үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн мерзімде оның қылмыстық-атқару инспекциясына есепке қою үшін келу міндеттілігін белгілейді;
      5) шартты түрде соттаған кезде сынақ мерзiмінiң ұзақтығы мен сотталған адамға жүктелетін міндеттер көрсетілуге тиіс, бұл ретте сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабында көзделген жауапкершілікті түсіндіреді;».

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):

      1) мазмұнында:
      7-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
      «7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация»;
      181, 182, 183-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
      182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысына пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
      183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылаудың есептелуі»;

      2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      «7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация

      Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация – сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған кезеңде әрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оларға қатысты жеке әзірлейтін және іске асыратын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені.»;

      3) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Шартты түрде сотталған адамдар, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету және олардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілерге бақылауды әскери бөлімдердің командованиесі жүзеге асырады.»;

      4) 77-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Түзеу мекемесіне іргелес жатқан аумақтың шекарасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.
      Түзеу мекемесіне іргелес аумақтағы жерді пайдалану режимін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді.»;

      5) 181182183184-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің
                жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Сынақ мерзімі ішінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды олардың әскери бөлімдерінің командованиесі жүзеге асырады.
      2. Шартты түрде сотталғандар әскери бөлімдердің командованиесіне өзінің жүріс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.

      182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысын
               пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға
               әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi

      1. Пробациялық бақылау – бұл сынақ мерзімі кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып, шартты түрде сотталғандарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің жұмысы.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
      1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
      3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тарту тәртібін түсіндіреді.
      Қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Шартты түрде сотталған адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
      4. Білім алуға, мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем беру шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары болып табылады.
      5. Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар жәрдем береді.
      6. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      7. Шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген іс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады.
      8. Шартты түрде сотталған адамдар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне айына екі рет, ал күшейтілген пробациялық бақылау кезінде төрт рет, сондай-ақ шақыру бойынша келуге мiндеттi. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.
      9. Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      10. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.

      183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылау мерзімінің
               есептелуі

      1. Сынақ мерзiмi және пробациялық бақылау мерзімі сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.
      2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына пробациялық бақылау тоқтатылады және ол қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебiнен шығарылады.
      3. Сотталған адамды мiндеттi әскери қызметке шақырған жағдайда жергілікті әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, ал қажет болған жағдайларда қызмет өткеретін орны бойынша шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру үшін талап етілетін өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне шартты түрде сотталған адамды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң – оның әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi.
      4. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіруді жариялау туралы қаулысы шыққан кезден бастап тоқтатылады және сот шешімі бойынша қайта басталады.

      184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауапкершілігі

      1. Шартты түрде сотталған адам өзіне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген), дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, сотталушыға сот жүктеген міндеттерді орындамаған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі сынақ мерзімін ұзарту және күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу, бірақ бiр жылдан аспайтын уақытқа белгілеу туралы сотқа ұсыным енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа сынақ мерзімін ұзарту және бір жылға дейін күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу туралы ұсыным жібереді.
      3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыным жіберіледі.
      4. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне тiркелу үшiн келмеген кезден бастап он бес күннен астам уақыт iшiнде орналасқан жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған адам деп танылады.
      5. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын зақымдаған (бүлдірген) жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі тиісті акт жасайды.
      Электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) жағдайда сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен материалдық жауапқа тартылады.».

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат;   21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; №  3, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 367-бапта:
      бірінші бөліктегі «Қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздер «1. Қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;

      2) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «336-бап (1-1 және үшінші бөліктері)» деген сөздер «336-бап» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      121-бапта:
      2-тармақта:
      7) тармақшадағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтағы жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелерінен, жер пайдаланушылардан алынбайды.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі «Аталған» деген сөз «Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтарды қоспағанда, аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтардың шекаралары мен жерлерді пайдалану режимі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің негізгі қоршауынан кемінде елу метр қашықтықта белгіленеді.».

      6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      156-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда) атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;».

      7. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мемлекеттік және өзге объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;»;

      2) 5-2-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылымында пробация қызметтері жұмыс істейтін қылмыстық-атқару инспекциялары;».

      8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет
              бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру
              ерекшелiктерi

      1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
      2. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.».

      9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;»;

      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;»;

      3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;».

      10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 2-тармағының он төртінші абзацындағы «адамдар жатады.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.»;

      2) 7-баптың 5-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;».

      11. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
      18-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта арқылы жіберуге кінәлі почта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.».

      12. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;».

      13. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      6-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;»;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады