Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 156-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 1-бапта:
      14) тармақшадағы «қатысу өтiлiне (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы мөлшерiне)» деген сөздер «қатысудың жалпы өтіліне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі – әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;»;
      2) 8-1-баптың 3) тармақшасы «(айқындау),» деген сөзден кейін «тағайындау,» деген сөзбен толықтырылсын;
      3) 10-1-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы «мiндеттi әлеуметтік аударымдары» деген сөздер «әлеуметтік аударымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;»;
      6) тармақшадағы «ұсынуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.»;
      4) 11-баптың 11) тармақшасы «(айқындау),» деген сөзден кейін «тағайындау,» деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;»;
      6) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қамтылымын қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.»;
      7) 17-бапта:
      тақырыптағы «Мiндеттi әлеуметтiк» деген сөздер «Әлеуметтiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «мiндеттi» деген сөз алып тасталсын;
      2-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мiндеттi әлеуметтік аударымдарды» деген сөздер «әлеуметтік аударымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 20-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды және әлеуметтiк төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтiнiш берушiні бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етуге және ұсынылған құжаттардың тұпнұсқаларын өтiнiш берушiге Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қайтаруға мiндеттi.»;
      4-тармақтың екінші сөйлеміндегі «табыс етiлген құжаттарды сараптамаға» деген сөздер «мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық екендігі туралы сұрау салуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.»;
      10) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем кейіннен өтініш жасалған кезде, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып, тағайындалады.»;
      11) 23-1-бапта:
      2-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр қаласының тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласының аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.»;
      12) 23-2-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
      13) 29-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат):
      1) 1-бапта:
      20) тармақшадағы «Ұлттық Банкiнiң талаптарына» деген сөздер «Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) кастодиандық шарт – кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;»;
      27) тармақшадағы «(бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары)» деген сөздер алып тасталсын;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақша;»;
      33) тармақшадағы «заңды тұлға» деген сөздер «жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-баптың 1-тармағындағы «заңнамалық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-бапта:
      3) тармақша «міндетті зейнетақы» деген сөздердің алдынан «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      6-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
      6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекітеді;»;
      4) 7-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;
      5) және 8) тармақшалар «әзiрлейдi» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      9-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
      9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;
      9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;
      9-5) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;
      5) 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;»;
      6) 11-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 
1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      1) ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда;
      2) әйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар.
      3. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың Орталықтан зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады.»;
      7) 13-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;»;
      8) 18-баптың 3-тармағы «жағдайда,» деген сөзден кейін «Орталықтан төленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 20-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша «агентке» деген сөзден кейін «және (немесе) Орталыққа» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      14-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;»;
      10) 24-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мыналар:
      1) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
      2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада аталған адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Агент осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.»;
      11) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
      Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
      Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тоқтатылады.»;
      12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
               және оларды жүзеге асыру тәртібі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған кезде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.»;
      13) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нақты төлем жасалған және қызметкер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе оларды әрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.»;
      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сома шегінде жүргізіледі;»;
      14) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Агент есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге ұсынуға мiндеттi.»;
      15) 32-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстардағы жұмыс өтілі кемiнде бес жыл болған және осы Заңның 59-бабының 4-тармағына сәйкес ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде елу жасқа толған;»;
      2) тармақшадағы «кеткен және» деген сөздер «кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 33-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «кеткен және» деген сөздер «кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 34-баптың 9-тармағында:
      9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және осы тізбені мақұлдау;»;
      19) 37-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      «37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік
               зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
               қамсыздандыру туралы салымшының (алушының) бiрыңғай
               жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары

      1. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейді.»;
      20) 41-бапта:
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;»;
      5-тармақтың 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 45-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қосылатын ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылған ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен берiлуге тиiс.»;
      22) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатын уәкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.
      Өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
      2) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;
      3) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн куәландыратын бухгалтерлiк баланс пен оған түсiндiрме жазба;
      4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісі;
      5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы қорларын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Осы тармақшада көрсетілген құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында бар бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған барлық лицензиялар бойынша міндеттемелердің жоқ екендiгiн растайтын құжатқа ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қоюға және олар ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының мөрiмен расталуға тиiс.»;
      23) 50-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 51-баптың 6-тармағындағы «негiзгi» деген сөз алып тасталсын;
      25) 73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.».
      3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      2-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «31-тармағының 1) және 2) тармақшаларын» деген сөздер «31-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 1) тармақшасының бірінші – алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасын;»;
      5-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi айдың iшiнде» деген сөздер «2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Инвестициялық портфельді басқарушының акционері болып табылатын және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейінгі күні «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  72-1-бабынасәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай келетін тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 8-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушылары және инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін өтініш білдірген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейді.»;
      «8. Заңды тұлғалардың өз атауларында «жинақтаушы зейнетақы қоры», «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерді қандай тілде болсын толық түрде пайдалануына тыйым салынады.
      Бұл талап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.».
      2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады