Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 389-V ҚРЗ

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы заңына баспасөз релизі

      Мемлекет Басшысы 2016 жылғы 30 мауысымда «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды
      Қабылданған Заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығын іске асыруға бағытталған.
      Заңға сәйкес ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының қолданысқа енгізілуі тоқтатылады.
      Сондай-ақ, жылдың соңына дейін:
      - шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруді;
      - жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын берумен байланысты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы тоқтатылады.
      Тоқтатыла тұрған кезеңде арнайы құрылған Жер реформасы бойынша жер комиссиясы Жер кодексінің нормаларын талқылау және түсіндіру барысында оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз