Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 48-VІ ҚРЗ.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы жер қоры жерлерінің жекелеген санаттарын құқықтық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.";

      2) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;";

      "4-1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органының немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерінің қатысуымен тыңдау;";

      3) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту;";

      "10-2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға:

      жайылымдарды ұтымды пайдалану;

      жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      жайылымдардың оты-суының молдығы;

      жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;";

      4) 17-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

      8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;";

      5) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

      8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;";

      6) 19-баптың 2) тармақшасындағы "енгізу кіреді" деген сөздер "енгізу" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жатады.";

      7) 92-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ауыл шаруашылығы өндірісін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, онда мұндай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жайылымдарда – екі жыл бойы жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;";

      8) 97-баптың 4-тармағында:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи шабындықтар – шөп шабу үшін жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түбегейлi жақсартылған шабындықтар – шөп егу арқылы жаңа шалғын өсірілген шабындық учаскелерi.";

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Түбегейлі жақсартылған жайылымдар – көпжылдық шөптердің шығымдылығы жоғары соттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірілген жайылым учаскелері.".

      2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат):

      99-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар.".

      3. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат):

      1) мазмұнында 119-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау";

      2) 119-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Су қорғау аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті атқарушы органдар бассейндік басқармалармен келісу бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға беруі мүмкін.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат):

      39-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;".

      5. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат):

      23-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Шөп шабуға және мал жаюға болатын, шектеулі шаруашылық қызмет аймағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелері Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен шөп шабу және мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілуі мүмкін.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады