Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 3 шілдедегі № 84-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат):

      1) мазмұнында:

      108, 109 және 215-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 380-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық";

      2) 3-баптың 38) тармағындағы "244-бапта – бюджетке түспеген төлемдердің екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы; 245-бапта – бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы" деген сөздер "244, 245-баптарда – бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 41-бапта:

      бірінші бөлік "құнына" деген сөзден кейін ", берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына, немесе алынған кіріс сомасына не бюджетке түспеген төлемдер сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "ал осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "245 (үшінші бөлігінде), 253 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде), 307 (үшінші бөлігінің 2) тармағында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "Бұл ретте осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "245 (үшінші бөлігінде), 253 (екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде), 307 (үшінші бөлігінің 2) тармағында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 44-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру нәтижесінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмi дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстырылады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.";

      5) 47-баптың бесінші бөлігіндегі "ерекше режимдегі түзеу колониясында" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 108 және 109-баптар алып тасталсын;

      7) 214-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      8) 215-бап алып тасталсын;

      9) 216-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы "ұштасса;" деген сөз "ұштасса, - " деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармағы алып тасталсын;

      10) 217-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бір мыңнан үш мың" деген сөздер "үш мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он екі" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 219-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      12) 221-бапта:

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      13) 222-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "бiрнеше рет жасалса немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацта:

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екi жүз қырық" деген сөздер "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс бес" деген сөздер "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "маркалауды" деген сөз "таңбалауды" деген сөзбен ауыстырылып, "бiрнеше рет жасалса немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацта:

      "екі жүз" деген сөздер "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз сексен" деген сөздер "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алпыс" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      14) 225-баптың екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 227-баптың екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 232-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "төрт жылдан жетi жылға дейiнгi" деген сөздер "үш жылдан алты жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 233-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      18) 234-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 235-баптың екінші абзацындағы "үш мыңнан" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 236-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 239-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 241-баптың екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 242-баптың екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 243-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 244-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы

      Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса,

      - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      26) 245-бапта:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдер сомасының үш еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.";

      27) 247-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз қырық" деген сөздер "бір жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс бес" деген сөздер "отыз бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "бес жүз" деген сөздер "екі жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 253-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы "мүлкі тәркіленіп," деген сөздерден кейін "берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының қырық еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы "мүлкі тәркіленіп," деген сөздерден кейін "берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының елу еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөліктің екінші абзацы "мүлкі тәркіленіп," деген сөздерден кейін "берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының жетпіс еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөліктің екінші абзацы "мүлкі тәркіленіп," деген сөздерден кейін "берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік құнының сексен еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 307-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "ал 3) тармақта" деген сөздер "төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда – мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға не алынған кіріс сомасының жиырма еселенген мөлшерінде айыппұл салуға, 3) тармақта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 379 және 380-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"379-бап. Билік өкіліне бағынбау

      Төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау –

      екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану

      1. Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –

      үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:

      1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездiкпен;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      31) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

"380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық

      1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін олардан кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

      2) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан;

      3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;

      4) аса қатыгездiкпен;

      5) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен;

      6) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған;

      7) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен ұштасқан;

      8) бірнеше рет;

      9) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      10) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет –

      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат):

      1) мазмұнындағы 249-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 32-баптың екінші бөлігіндегі "108, 109," деген цифрлар алып тасталсын;

      3) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.";

      4) 145-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты осы Кодекстің 148-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарылған қаулысына сәйкес кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.

      Күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктiнi, айыпталушыны күзетпен ұстаудан босатуды кепіл енгізілгенін растайтын құжатты алғаннан кейін жүзеге асырады, бұл жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, қадағалаушы прокурор және тергеу судьясы дереу хабардар етіледі.";

      5) 147-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының расталған көшірмелері қоса беріледі.

      Осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, сот алдында оны қолдануға санкция беру туралы өтінішхат қоса берілген барлық материалдармен бірге прокуратураға ұстап алу мерзімі өткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын қолдау, күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беру туралы мәселені шешу кезінде прокурор күзетпен ұстау үшін негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және ұстап алынғандарды ұстау орны бойынша күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға құқылы. Прокурор ұсынылған барлық материалдарды зерделеп, мынадай:

      1) өтінішхатты қолдау және бұлтартпау шарасына санкция беру жөніндегі мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы;

      2) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздердің болмауына байланысты күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы;

      3) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және қылмыс жасады деген күдіктің расталмауына байланысты күдіктіні босату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қолдаған жағдайда, прокурор қылмыстық қудалау органының қаулысына келісім білдіреді. Бас тартқан жағдайда, прокурор уәжді қаулы шығарады. Прокурор тергеу судьясына өзге бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат жіберуге құқылы.

      Күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күдіктіні күзетпен ұстаудан босату жөніндегі қаулы мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Көрсетілген қаулыға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жоғары тұрған прокурорға не өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.

      4. Прокурор сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау жөніндегі қаулысына келісім бергеннен кейін мүдделi тұлғаларды бір мезгілде хабардар ете отырып, оны растайтын материалдармен бірге сотқа ұстап алу мерзiмi аяқталардан бұрын он екi сағаттан кешіктірмей жібереді.";

      6) 148-бапта:

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.";

      жетінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша мынадай:

      1) күзетпен ұстауға санкция беру туралы;

      2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру туралы;

      3) күзетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Тергеу судьясы осы бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан жағдайда, осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.";

      "9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай:

      1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;

      2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасады, террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;

      3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;

      4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетті жалғастыруы туралы деректер болған;

      5) күдікті, айыпталушы тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгіленбейді.";

      7) 153-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тергеу судьясы санкция берген күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі.";

      8) 174-баптың екінші бөлігіндегі "жәбірленушінің өкілі, жекеше айыптаушы" деген сөздер "жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 176-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:";

      10) 187-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3) тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін.";

      екінші бөлік "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "215 (екiншi бөлігінің 3) тармағында)," деген сөздер алып тасталсын;

      3-1-бөлікте:

      "215 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 4) тармақтарында, үшінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "244 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер "244," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 191-бапта:

      екінші бөліктегі "379 (екінші бөлігінде)," деген сөздер "379," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      он жетінші бөліктегі "244 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      жиырма үшінші бөліктегі "379 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      12) 231-баптың 8) тармағы алып тасталсын;

      13) 249-бап алып тасталсын;

      14) 476-баптың 7) тармағы "қолданбай жазадан босату" деген сөздерден кейін "туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.

      Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен анықтау тағайындалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) мазмұнындағы 162-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi";

      2) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;";

      3) 88-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы "басқа мекемеге" деген сөздерден кейін "не қауіпсіздігі аралас мекемеге" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 89-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.";

      5) 136-баптың төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "алуға құқылы" деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.";

      6) 141-баптың алтыншы бөлігіндегі "138" деген цифрлар "140" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 144-бапта:

      үшінші бөліктегі "төтенше" деген сөз "толық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "орташа, толық қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары", "төтенше" деген сөздер тиісінше "орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз", "толық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 161-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "босатылғанға дейін бір ай қалғанда" деген сөздер "жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша – босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 162-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi";

      алтыншы бөлік "босату" деген сөзден кейін ", жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы техникалық құралдармен және аспаптармен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi";

      мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

      73-2-бап. Ұрып-соғу";

      667-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау";

      2) 31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы техникалық құралдармен және аспаптармен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi";

      3) 32-баптың бірінші бөлігі "652," деген цифрлардан кейін "667," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 64-баптың бірінші бөлігі "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптармен толықтырылсын:

"73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

      1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      73-2-бап. Ұрып-соғу

      1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      7) 462-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекстің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау –

      белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      8) 615-баптың бірінші бөлігіндегі "жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 667-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау

      1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру –

      ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      он тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      10) 684-баптың бірінші бөлігі "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      11) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "665," деген цифрлардан кейін "667," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) тармақша "652," деген цифрлардан кейін "667," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) тармақша "621 (үшінші бөлігі)" деген сөздерден кейін ", 667" деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) тармақша "652," деген цифрлардан кейін "667," деген цифрлармен толықтырылсын;

      45) тармақша "477" деген цифрлардан кейін ", 667" деген цифрлармен толықтырылсын;

      46) тармақша "606 (екінші бөлігі)" деген сөздерден кейін ", 667" деген цифрлармен толықтырылсын;

      12) 819-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтауды ескере отырып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.".

      5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат):

      248-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Президентінің" деген сөз "Үкіметінің" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;";

      2) 11-баптың 4-тармағы "5)," деген цифрдан кейін "6)," деген цифрмен толықтырылсын.

      7. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.".

      8. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;";

      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан адамдарды;

      16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;".

      9. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):

      50-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.".

      10. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат):

      1) 10-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.";

      2) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік куәліктердің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.";

      3) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін немесе белгіленген арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген немесе белгіленген өздерiнде бар арнаулы немесе әскери атақпен, сыныптық шенмен, біліктілік сыныбымен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады).

      Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені, біліктілік сыныбы осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының және 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына сәйкес келеді деп танылады.

      Бұрынғы арнаулы немесе әскери атақта, сыныптық шенде, біліктілік сыныбында болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.";

      4) 23-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы:

      генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы қызметкерге жоғары басшы құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында, 1-санатты біліктілік сыныбында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;

      генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін; генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.";

      5) 44-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысы беріле отырып оқып жатқан;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жалақысы сақталмайтын демалыста болған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.";

      6) 46-1-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.";

      7) 48-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      8) 65-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына есепке алынады.";

      9) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда, қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып және құқық қорғау органының кадрларында қалдырыла отырып, жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

      Жалақысы сақталмайтын демалысы аяқталғаннан кейін қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.";

      10) 77-баптың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің қарамағына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.".

      11. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      27-баптың 9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.

      Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға оларды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

      Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.

      Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында болу мерзімі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі.

      Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.

      10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.".

      12. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;".

      13. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады