Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 198-VІ ҚРЗ.

"Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы бойынша пресс-релиз

      2018 жылдың 8 желтоқсанында мемлекет басшысы "Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Көрсетілген халықаралық келісімдерді ратификациялаудың мақсаты (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ассамблеясының 39-ші сессиясының шешімін жүзеге асыру болып табылады.

      Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы 1963 жылғы Токио конвенциясы және оны өзгертетін 2014 жылғы Монреал хаттамасы әуе кемелерінің бортында тәртіпсіз мінез-құлықтың жолын кесу және тиісті тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған.

      Токио конвенциясы мен Монреал хаттамасына сәйкес Қатысушы мемлекеттер әуе кемесінің бортында жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты, егер олар тіркелген мемлекет болып табылса немесе әуе кемесінің қону мемлекеті ретінде өздерінің юрисдикциясын жүзеге асыруға құқылы.

      Конвенция мен Хаттамада әуе кемесінің командирлері мен экипаж мүшелерінің ұшу кезінде жолсыздыққа ұшыраған жолаушыларға қолданылатын шектеу шаралары бойынша өкілеттіктерін анықтады және кеңейтті.

      Аталған халықаралық келісімдерді жүзеге асыру әуе кемелерінің бортында деструктивті және тәртіпті емес жолаушыларға қатысты азаматтық авиация оқиғаларын шешуге ықпал ететін болады.

      Заңды қабылдау Қазақстан Республикасы тарапынан қосымша шығындар мен міндеттемелерді қажет етпейді.

      Қандай да бір негативті құқықтық және әлеуметтік салдар болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз