Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 ақпандағы № 301-VІ ҚРЗ.

      1925 жылғы 17 маусымда Женевада жасалған Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы
ХАТТАМА

      (2020 жылғы 20 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2020 ж., № 4, 17-құжат)

      Француз Республикасы Ішкі істер министрлігінің архивінде сақталған түпнұсқаның куәландырылған көшірмесі

      Париж, 2018 ж. 7 қараша Архив директоры

      Иерве Марго

      Бейресми аударма

Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы
ХАТТАМА

      Өздерінің тиісті Үкіметтерінің атынан төменде қол қойған Уәкілеттік берілгендер:

      Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдарды, сол сияқты түрлі ұқсас сұйықтықтарды, заттар мен процестерді соғыста қолдануды өркениетті әлемнің қоғамдық пікірі әділетті түрде айыптады деп есептей отырып; және

      Оларды қолдануға тыйым салу әлем державаларының көпшілігі қатысушылары болып табылатын шарттарда тұжырымдалды деп есептей отырып; және

      Осы тыйым салуды сол сияқты халықтың ар-ожданы мен практикасы үшін міндетті халықаралық құқыққа енгізілген деп жаппай тану мақсатында;

      МЫНАЛАРДЫ МӘЛІМДЕЙДІ:

      Осы қолдануға тыйым салатын шарттардың қатысушылары болып табылмайтындықтан, Жоғары уағдаласушы тараптар бұл тыйым салуды таниды, осы тыйым салуды соғыс жүргізудің бактериологиялық құралдарына қолдануға келіседі және өздерін бір-біріне қатысты осы мәлімдеменің шарттарымен байланысты деп есептеуге уағдаласады.

      Жоғары Уағдаласушы Тараптар басқа мемлекеттердің осы Хаттамаға қосылуына түрткі болуға өздерінің барлық күш-жігерін жұмсайды. Осы қосылу туралы - Француз Республикасының Үкіметі, ал соңынан барлық қол қойған және қосылған державалар хабардар етіледі. Қосылу Француз Республикасының Үкіметі хабардар еткен күннен бастап жүргізіледі.

      Француз және ағылшын мәтіндері теңтүпнұсқалы деп есептелетін осы Хаттама мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде ратификацияланады. Оған сол күнгі дата қойылады.

      Осы Хаттаманың ратификациялау грамотасы Француз Республикасының Үкіметіне жіберіледі, ол әрбір қол қойған немесе қосылған державаны мұндайдың сақтауға қабылданғаны туралы дереу хабардар етеді.

      Осы Хаттамаға ратификациялау грамоталары және қосылу туралы құжаттар Француз Республикасы Үкіметінің архивтерінде сақталатын болады.

      Осы Хаттама әрбір қол қойған держава үшін ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді және осы кезден бастап әрбір держава өздерінің ратификациялау грамоталарын тапсырып қойған басқа да державаларға қатысты байланысты болады.

      Осыны куәландыру үшін Уәкілеттік берілгендер осы Хаттамаға қол қойды.

      Бір мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылғы он жетінші маусымда Женевада бір данада жасалды.

      Осыны куәландыру үшін өкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды

      Германия үшін

      Америка Құрама Штаттары үшін

      Австрия үшін

      Бельгия үшін

      Бразилия үшін

      Британ империясы үшін

      Канада үшін

      Ирландияның Еркін Мемлекеті үшін

      Үндістан үшін

      Болгария үшін

      Чили үшін

      Қытай үшін

      Колумбия үшін

      Дания үшін

      Египет үшін

      Испания үшін

      Эстония үшін

      Абиссиния үшін

      Финляндия үшін

      Франция үшін Греция үшін Венгрия үшін Италия үшін Жапония үшін Латвия үшін Литва үшін Люксембург үшін Никарагуа үшін Норвегия үшін Панама үшін Нидерланды үшін Персия үшін Польша үшін Португалия үшін Румыния үшін Сальвадор үшін Сиам үшін Швеция үшін Швейцария үшін

      Сербтар, Хорваттар және Словендықтар Корольдігі үшін

      Чехословакия үшін

      Түркия үшін

      Уругвай үшін

      Венесуэла үшін

      "Тұншықтыратын, улы немесе басқа да осыларға ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманың (Женева, 1925 жылғы 17 маусым) ағылшын тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.

      Б.Ө. Құтыбаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми ұйымдардың қызметін үйлестіру басқармасының басшысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады