Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 23-VIII ҚРЗ.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20 нормативтік қаулысын қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) 182-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы "заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады." деген сөздер "заңнаманың қолданылуын тоқтата тұруға байланысты;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына тексеру жүргізу кезінде тоқтатыла тұрады.";

      2) 249-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы "сатқан реттер кірмейді." деген сөздер "сатқан;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес мүлік мемлекет кірісіне айналдырылған реттер кірмейді.";

      3) 261-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тұлғаны адал иемденуші деп танудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талап бойынша ақшаны алып қою жүргiзiледі;";

      2) 830-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға – бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      81-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi." деген сөздер "тәркiленген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жер учаскесі мемлекет кірісіне айналдырылған реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.".

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) уақтылылық қағидаты – Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын алушылардың шоттарына бюджет қаражатын аудару;";

      2) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өз араларындағы өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстарын, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.";

      3) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар;";

      "5) мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.";

      4) 8-тарау мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:

      "52-4-бап. Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер

      Мыналар Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

      1) ақша, оның ішінде "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша;

      2) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша.";

      5) 58-баптың 1-тармағының 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және мәселелерді қарау;";

      6) 88-бапта:

      1-тармақ 15) тармақшасындағы "жұмсауына байланысты операцияларды есепке алуға (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) арналады." деген сөздер "жұмсауына (ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (Арнаулы мемлекеттік қордың шоты);

      17) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордың ақша түсімдерін есепке жатқызуға және оларды жұмсауға (тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.";

      7) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;";

      8) 92 және 94-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу

      1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.

      2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.";

      "94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу

      1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.

      Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнауды мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған қорытындыны жасайды және мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.

      Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.

      2. Бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік ететін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу есебінен есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады.

      3. Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді алуға, артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.

      4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

      Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.

      5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      9) 97-бапта:

      5-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының, Арнаулы мемлекеттік қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының арнаулы шотының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:";

      6-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-3. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу және оларды пайдалану кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалануға жауапты тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";

      10) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнаулы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына шығаруға жол берілмейді.";

      11) 104-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қордың ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.";

      12) 124-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстары туралы есепті;".

      5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 3-бапта:

      3) тармақ:

      "194," деген цифрлардан кейін "195," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "217-бапта – сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кіріс;" деген сөздерден кейін "218-1-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға ақша, мүлікке құқықтар және (немесе) өзге де мүлік;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "234-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны;" деген сөздерден кейін "235-1-бапта – валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) тармақ "218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында)," деген сөздерден кейін "218-1 (төртінші бөлігінің 1) тармағында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      38) тармақта:

      "218-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;" деген сөздерден кейін "218-1-бапта – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға ақша, мүлікке құқықтар және (немесе) өзге де мүлік;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "235-бапта – қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы;" деген сөздер "235-1-бапта – валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетелдiктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер осы іс-әрекет Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған, сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе экономикалық қызмет саласында қылмыс жасалған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.".

      3) 55-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы "218," деген цифрлардан кейін "218-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:

      "67-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттарын орындаған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату

      Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.";

      5) 71-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Ескіру мерзімінің өтуі сотқа немесе қылмыстық қудалау органына күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан немесе оның қорғаушысынан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезден бастап ол толық орындалған кезге дейін тоқтатыла тұрады.

      Тараптардың бірі кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартқан жағдайда ескіру мерзімінің өтуі қайта басталады.";

      6) 195-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі залал келтірсе, –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      7) мынадай мазмұндағы 218-1-баппен толықтырылсын:

      "218-1-бап. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдырудан жасыру, сондай-ақ оларды заңдастыру (жылыстату)

      1. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның ірі мөлшерде заңсыз иемденілген активтерді "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін активтерді ашып көрсету туралы декларацияда көрінеу анық емес, толық емес не бұрмаланған мәліметтер ұсыну арқылы мемлекет кірісіне айналдырудан жасыруы –

      мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген активтерді немесе олардан түскен кез келген кірістерді оларды иеліктен шығару, конверсиялау немесе аудару бойынша мәмілелер жасау, олардың шынайы сипатын, көзін, тұрған жерін, билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, активтерге құқықтарды немесе олардың тиесілілігін жасыру немесе бүркемелеу не жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаудағы делдалдық арқылы ірі мөлшерде заңды айналымға тартуы, сол сияқты "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды алдын ала немесе тиісінше не уақтылы хабардар етпей, активтерді кез келген нысанда ірі мөлшерде иеліктен шығару және (немесе) ауыртпалық салу, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру –

      мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) бірнеше рет жасалған;

      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса;

      2) қылмыстық топ жасаған;

      3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, ал осы бөліктің 1) тармағында көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта көзделген әрекеттердің дайындалып жатқаны не олардың жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      2. Осы бапта "активтер" деп Қазақстан Республикасындағы немесе оның шегінен тысқары жердегі мүліктік игіліктер немесе құқықтар (мүлік), оған қоса осы мүліктен алынған (алынатын) немесе осы мүліктің есебінен иемденілген кез келген мүліктік игіліктер немесе құқықтар түсініледі.";

      8) 235-бап алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 235-1-баппен толықтырылсын:

      "235-1-бап. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жөнелту және аудару

      1. Валюталық құндылықтарды тиісті мәмілелердің және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерінің шынайы құнынан (бағасынан) асатын көлемде (мөлшерде), оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың құнын (бағасын) жасанды түрде арттыру арқылы Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту немесе аудару –

      валюталық құндылықтардың заңсыз әкетілген, жөнелтілген немесе аударылған сомасының елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Тараптардың жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды беру туралы тиісті міндеттемелерді және ақы төлеудің өзге де қарсы міндеттемелерін орындау ниеті болмаған кезде валюталық құндылықтарды жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға және өзге де өтеулі шарттар бойынша ақы төлеу есебіне, оның ішінде жалған құжаттарды пайдалану, түр көрсету үшін мәмілелер және (немесе) әрекеттер жасау (нақты құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз) арқылы ірі мөлшерде Қазақстан Республикасынан әкету, жөнелту және аудару –

      жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, –

      жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      10) 367-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 368-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 373 және 374-баптар алып тасталсын;

      13) 430-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында жасалған, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтаруға байланысты істер бойынша сот шешімімен немесе үкімімен (қаулысымен) тәркіленген мүлікті, сол сияқты мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті не тыйым салу қолданылған мүлікті заңсыз иеліктен шығару, ауыртпалық салу –

      алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:

      1) 36-баптың бірінші бөлігіндегі "67-баптарында" деген сөздер "67, 67-1-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 58-баптың бірінші бөлігі "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері," деген сөздерден кейін "прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосының бірінші басшысы, оның орынбасарлары," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 136-баптың үшінші бөлігі "218," деген цифрлардан кейін "218-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 187-бапта:

      бірінші бөліктегі "373, 374," деген цифрлар алып тасталсын;

      үшінші бөлік "218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында)," деген сөздерден кейін "218-1 (төртінші бөлiгiнiң 1) тармағында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-1-бөліктегі "235," деген цифрлар "235-1," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4-1-бөліктің бірінші абзацындағы "195 (үшiншi және төртiншi бөлiктерінде)," деген сөздер "195 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөлік "218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында)," деген сөздерден кейін "218-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 192-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "туралы мәміле" деген сөздерден кейін "немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 201-баптың үшінші бөлігі 2) тармағындағы "беру сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайды." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық іс жүргізу барысында алынған активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға байланысты мәліметтерді ұсыну сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайды.";

      7) 291-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттары орындалмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарған сот прокурордың өтінішхаты бойынша осындай қаулының күшін жояды.".

      8) 565-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мүліктің меншік иесінің, иесінің туған күні мен жері, азаматтығы, айналысатын ісі, тұрғылықты жері немесе болатын жері туралы деректерді қоса алғанда, олар туралы деректер, ал заңды тұлғалар үшін олардың атауы және тұрған жері қосымша көрсетіледі.

      Тәркілеу нысанында құқықтық көмек туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта), егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) дұрыс және уақтылы қарау үшін қажет болса, өзге мәліметтер де, оның ішінде телефондардың, факстардың нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетілуі мүмкін.

      5. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген құжаттар қоса беріледі, ал егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделмесе, мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) шет мемлекет сотының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу көзделген үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің шетелдік сот куәландырған көшірмесі, сондай-ақ олардың заңды күшіне енгені туралы дәлелдемелер;

      2) тәркіленуге жататын мүліктің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғанын растайтын дәлелдемелер;

      3) осы бөліктің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы.";

      9) 577-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының құзыретті органдары сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге процестік шараларды да қабылдауы мүмкін.

      8. Сот осы бапта көзделген сұрау салуларды мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша, ал егер бұл тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері немесе тұрған жері болмаса не оның тұрған жері белгісіз болса, оның тәркіленуге жататын мүлкінің Қазақстан Республикасында тұрған жері бойынша қарайды.";

      10) 608-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 2-1, 7-1 және 7-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "1-1. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаны, меншігінде, иелігінде, пайдалануында немесе билік етуінде тәркіленуге жататын мүлік бар басқа да мүдделі тұлғаларды және (немесе) олардың өкілдерін не қорғаушыларын, шет мемлекеттің құзыретті органын және прокурорды сұрау салудың қаралатын орны, күні мен уақыты туралы хабардар ете отырып, сот отырысында жүзеге асырылады.

      Осы бөліктің бірінші абзацында аталған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүрген тұлғалар сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы сот отырысы өтетін күнге дейін отыз тәуліктен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын немесе жүрген тұлғаларға және шет мемлекеттің құзыретті органына хабархаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және заңнамасында көзделген тәртіппен сот отырысы өтетін күнге дейін алты айдан кешіктірілмей жіберіледі.

      Сот отырысына қатысуын сот міндетті деп таныған тұлғаларды қоспағанда, сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген адамдардың келмеуі шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қарауға кедергі келтірмейді.";

      "2-1. Соттың мүлікті толық немесе ішінара тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысында мыналар көрсетіледі:

      1) шет мемлекет сотының атауы, тәркілеу туралы үкімнің, қаулының немесе өзге де шешімнің шығарылған уақыты мен орны;

      2) шет мемлекеттің соты соттаған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, жұмыс орны және айналысатын ісі туралы мәліметтер;

      3) жасағаны үшін сотталған тұлға кінәлі деп танылған қылмыстың сипаттамасы және оны соттауға және мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдауға негіз болған шет мемлекеттің қылмыстық заңы;

      4) сотталған тұлға жасаған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы;

      5) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер;

      6) қаулыға шағым жасау тәртібі.

      Соттың мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан бас тарту туралы қаулысында мұндай бас тартудың негіздері көрсетілуге тиіс.";

      "7-1. Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан осы Кодекстің 569-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мынадай:

      1) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі заңды күшіне енбеген;

      2) тәркіленуге жататын мүлік Қазақстан Республикасының юрисдикциясы қолданылмайтын аумақта орналасқан;

      3) шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен мүлікті тәркілеу көзделген іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және (немесе) бұл іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайтын;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу тағайындалған іс-әрекетке ұқсас іс-әрекет үшін мүлікті тәркілеу көзделмеген;

      5) шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуында аталған тұлғаға қатысты дәл сол іс-әрекет үшін үкім заңды күшіне енген, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, сол сияқты алдын ала тергеп-тексеру органының қылмыстық істі тоқтату туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы күші жойылмаған шешімі болған;

      6) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе заңнамасында көзделген негіздер бойынша орындалмайтын;

      7) Қазақстан Республикасында сол бір іс-әрекетке байланысты мүлкін тәркілеу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы жіберілген тұлғаны қылмыстық қудалау жүзеге асырылып жатқан;

      8) шет мемлекеттің құзыретті органының тәркілеу туралы сұрау салуы келіп түскен мүлікке қылмыстық, азаматтық істер немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Қазақстан Республикасы сотының үкімімен, шешімімен немесе қаулысымен өндіріп алу қолданылған;

      9) шет мемлекет сотының үкімінде, қаулысында немесе өзге де шешімінде көрсетілген мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәркіленуге жатпайтын жағдайларда бас тартылады.

      7-2. Соттың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы заңды күшіне енген қаулысының негізінде сот шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің қарар бөлігі, сондай-ақ соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және толық немесе ішінара мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының қарар бөлігі көрсетілуге тиіс атқарушылық парақ береді.

      Атқарушылық парақ шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің көшірмелерімен және соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес орындауға жіберіледі.";

      11) 612-баптың бірінші бөлігі 2) тармағындағы "ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі." деген сөздер "– ынтымақтастық туралы келісім нысанында;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы келісім нысанында жүргізіледі.";

      12) мынадай мазмұндағы 617-1, 617-2, 617-3, 617-4 және 617-5-баптармен толықтырылсын:

      "617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар

      1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім мынадай шарттар болған:

      1) күдікті, айыпталушы, сотталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде тілек білдірген;

      2) күдікті, айыпталушы, сотталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанының қолда бар дәлелдемелеріне, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған кезде жасалуы мүмкін.

      2. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім, егер қылмыстардың ең болмағанда біреуі осы бапта және осы Кодекстің 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, қылмыстардың жиынтығына қатысты жасалмайды.

      617-2-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаудың салдары

      1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудың салдары мыналар болып табылады:

      1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы;

      2) осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес істің сот талқылауының жүргізілуі.

      2. Тұлғаның кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы жасалған процестік келісімнің шарттарын орындамауы тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды осы Кодекстің 291-бабында көзделген тәртіппен қайта бастауға алып келеді.

      3. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.

      4. Тараптардың кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартуы оны қайтадан жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге кедергі келтірмейді.

      617-3-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі

      1. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін кiнәнi мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәмiле нысанында процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiшхат мәлiмдеуге құқылы. Процестiк келiсiм прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкiн.

      2. Тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан не қорғаушыдан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алып, осы Кодекстің 613-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.

      Прокурор тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі талап етіп алдырады, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді орындайды, істе процестік келісім жасасу мүмкіндігі барын көріп, қорғаушы тарапқа оны жасасу туралы мәселені талқылауды ұсынады не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

      3. Прокурор процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы мәселені қарау кезінде:

      1) тұлғаның жасаған іс-әрекетінің кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім аясына жататын не жатпайтынын;

      2) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты тұлғаның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасасудың салдары туралы білетінін;

      3) тұлғаның жиналған дәлелдемелерге және іс-әрекеттің саралануына дауласпайтынын;

      4) тұлғаның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық талап қоюға келісетінін;

      5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға алып келетін мән-жайлардың жоқ екенін тексеруге міндетті.

      Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін прокурор күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны (күзетпен ұсталып отырғанды жеткізуді талап етеді), оның қорғаушысын және жәбірленушіні шақырады, олардың процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы пікірін анықтайды. Прокурор өтінішхатты берген тұлғаға процестік келісім жасасудың салдарын, оны жасасудан бас тарту құқығын түсіндіреді.

      4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға жәбірленушінің келісімін алу талап етілмейді.

      Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде қабылданады.

      Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, алайда бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.

      617-4-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі

      1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде:

      1) оның жасалған күні мен орны;

      2) прокуратура органының процестік келісімді жасасушы лауазымды адамы;

      3) процестік келісім жасасушы күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен жері, тұрғылықты жері және айналысатын ісі, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4) қылмысты оның жасалған уақытын, орнын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелденуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;

      5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылық көзделетін бабы, бөлігі, тармағы;

      6) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы және заңсыз иемденілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтерін өз еркімен қайтару міндеті;

      7) қайтарылуға жататын заңсыз иемденілген активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтердің тізбесі мен сипаттамасы, олардың тұрған жері;

      8) процестік келісімде көрсетілген шарттарды сақтаған және міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты қолданылуы мүмкін, қылмыстық жауаптылықты, жазалауды жеңілдететін мән-жайлар және қылмыстық заңнаманың нормалары;

      9) прокурор өтінішхат беретін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелері;

      10) процестік келісім жасасқаннан кейін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы жасауға міндеттенетін әрекеттер;

      11) заңсыз иемденілген активтерді Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға немесе басқарушы компанияға аудару (аударым жасау) немесе беру мерзімдері мен тәсілдері;

      12) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыстық тергеп-тексеру мәселелері және заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша прокурормен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу жөніндегі міндеті;

      13) процестік келісім жасасудың салдары және кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғаннан кейін прокурордың қылмыстық іс бойынша әрекеті;

      14) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттарын орындамауының салдары;

      15) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде тараптар келіскен басқа да шарттар мен міндеттер көрсетіледі.

      2. Процестік келісімнің шарттарында тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің, оның ішінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бәсекелестік емес қолайлы жағдайларына байланысты, сол сияқты тиісті тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер нарығында экономикалық ресурстарды, оның ішінде тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болатын және (немесе) ие болған нарық субъектілерінің акцияларын (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену жолымен іс жүзінде шоғырландыру нәтижесінде үстеме кірістерді алған жағдайларда, тұлға активтерді иеленген жалпы кезеңде алған осындай үстеме кірістердің сомаларын қайтару көзделуге тиіс.

      3. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жазбаша түрде жасалады және оған прокурор, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сондай-ақ оның қорғаушысы қол қояды.

      Процестік келісімге қол қойылғанға дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өз қорғаушысымен бірге оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.

      617-5-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін прокурордың, тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекеттері

      1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісімге қол қойылғаннан кейін прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды. Іс бойынша тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажет болған жағдайда прокурор істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.

      2. Тергеуші күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.

      3. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыс жасаудың процестік келісімде көзделмеген өзге мән-жайлары анықталған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 617-3 және 617-4-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.

      4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіні және оның өкілін (ол болған кезде) хабардар етеді.";

      13) 622-бап 2) тармағындағы "жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді." деген сөздер "жасалса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында не сот талқылауы барысында барлық күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталушылармен кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді.";

      14) 623-бапта:

      тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері

      1. Судья кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен және істі келісімдік іс жүргізуде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған процестік келісімнің заң талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:";

      екінші бөліктегі және үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "кінәні мойындау туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 625-баптың бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төрағалық етуші сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін кінәні мойындау туралы процестік келісімді, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қараудың басталғаны туралы жариялайды және прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.";

      "3. Төрағалық етуші сотталушының ұстанымын анықтап алып, қорғаушыға және прокурорға кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімге қатысты өз пікірлерін хабарлауын ұсынады, сондай-ақ олардың процестік келісімді қолдайтынын не қолдамайтынын нақтылайды.

      4. Сот отырысында төрағалық етуші қажет болған кезде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың заңда көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан, сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алуы мүмкін.

      5. Процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай мерзім қажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның заңсыз иемденілген активтерді қайтару бөлігінде процестік келісімді қандай мерзімде орындайтынын және оларды қайтару тәсілі мен тәртібін растайтынын не растамайтынын анықтайды.

      Сотталушыға сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы да берілуге тиіс. Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын хабарлайды.";

      16) 626-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын:

      "4-1) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;";

      17) 628-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

      Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғанынан кейін судьяға беріледі, ол оның заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай:";

      18) 629-баптың бірінші бөлігі "талаптарына" деген сөзден кейін "және 617-4-бабына" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Кодекстің ережелері Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді қайтаруға байланысты қатынастарға, оның ішінде басқарушы компанияны құруға және оның қызметіне қолданылмайды.";

      2) 80-баптың 4-тармағындағы "сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Сот "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі істерді қарау тәртібін "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүзеге асырады.";

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Меншік иесі болып табылатын субъектінің активтеріне тыйым салуды қолдану түріндегі алдын ала қамтамасыз ету шаралары "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3) 54-бапта:

      үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Прокурор квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктер жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану және мәмілелердің жарамсыздығы салдарын қолдану туралы; олардың мүлкін өзгенің заңсыз иеленуінен талап етіп алу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге келтірілген залалды өтеу туралы; квазимемлекеттік сектор, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде мемлекеттік қолдау алған банктерге қатысты органдардың шешімдеріне дау айту туралы талап қою беруге құқылы.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Талап қоюды берген прокурор "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу құқығынан басқа, барлық процестік құқықтарды пайдаланады, сондай-ақ онда талап қоюшының барлық процестік міндеттері болады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін берілген талап қоюдан бас тартуы осы тұлғаны ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Сотқа осы баптың үшінші бөлігі 3) тармақшасының екінші абзацында көзделген прокурордың талап қоюы, арыздары "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектілерге және (немесе) олардың үлестес тұлғаларына қатысты не активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активтерді іздеу және қайтару жөніндегі шараларды жүзеге асыруына байланысты өзге де тұлғаларға қатысты беріледі.";

      4) 3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 30-1-тараумен толықтырылсын:

      "30-1-тарау. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу

      301-1-бап. Арыз беру

      1. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, активтің меншік иесі болып табылатын тұлға активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға құқылы.

      Активтің меншік иесі болып табылатын тұлға "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін сотқа жүгіне алады.

      2. Арыз активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеті (әрекетсіздігі) жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.

      3. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі.

      4. Арызға активтің меншік иесі болып табылатын тұлғаның құқығы бұзылғанын куәландыратын дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

      301-2-бап. Арызды қарау

      1. Осы Кодекстің 301-1-бабында белгіленген мерзімдерде келіп түскен арыз жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      2. Арызды сот арыз берушінің және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен қарайды.

      Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың сотқа келмеуі істі қарауға және шешуге кедергі болмайды.

      301-3-бап. Соттың арыз бойынша шешімі және оның орындалуы

      1. Соттың шешімі осы Кодекстің 228-бабының талаптарына сәйкес шығарылады.

      2. Соттың шешіміне шешімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде апелляциялық шағым берілуі, апелляциялық өтінішхат келтірілуі мүмкін.";

      5) 466-баптың екінші бөлігі 10) тармақшасындағы "болған жағдайларда қарайды." деген сөздер "болған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда прокурордың талап қоюлары мен арыздары істерге негіз болған жағдайларда қарайды.";

      6) 476-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Шет мемлекеттердің соттары мен құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының соттарына жолданған құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды қабылдауды, егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де құзыретті органдары жүзеге асыра алады.".

      9. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      3-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы "заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды." деген сөздер "заңнамасында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.".

      10. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "195 (төртінші бөлігі)," деген сөздер "195 (төртінші және бесінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 26-баппен толықтырылсын:

      "26-бап. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл

      Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жедел-іздестіру қызметі барысында өздері алатын, оның ішінде:

      1) құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді;

      2) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, ақпарат алу көздері мен тәсілдері туралы мәліметтерді;

      3) егер заңда тыйым салынған әрекеттерді жасағаны туралы ақпарат болмаса, адамның жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.".

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      56-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;".

      12. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-баптың бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;";

      2) 14-2-бапта:

      бірінші бөлік 7) тармақшасындағы "өзгерген кезде енгізіледі." деген сөздер "өзгерген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі өзгерген кезде енгізіледі.";

      екінші бөліктегі "және 7)" деген сөздер ", 7) және 8)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:

      1-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4) банктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес бақылануға жататын экспорттық немесе импорттық операциялар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруі;";

      15) тармақшадағы "ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды." деген сөздер "ұсынуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салуы бойынша банктердің тізілімге енгізілген тұлғалар бойынша банк құпиясын құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі банк құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      14. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 17-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерді, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетілетін (берілетін) мәліметтерді қоспағанда, аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.";

      2) 20-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшадағы "коммерциялық" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына хабарлауға міндетті.";

      3) 21-баптың 2-тармағы 11) тармақшасындағы "сақтауға міндетті." деген сөздер "сақтауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетуге (беруге) міндетті.".

      15. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға;".

      16. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-4) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;";

      мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-5) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман – заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шартының негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;";

      2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2-2) тармақшасында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Клиенттің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингінің субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттарының және акцияларын ұстаушылар тізілімінің, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінің не басқа да көздерден алынған мәліметтердің негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын анықтайды.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, егер бенефициарлық меншік иесін анықтау кезінде заңды тұлға берген ақпарат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеген және мұндай заңды тұлғаның қызметі кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, қаржы мониторингінің субъектісі мұндай заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатуға немесе оларды орнатудан бас тартуға міндетті.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі

      1. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.

      2. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) заңды тұлғаның атауы;

      2) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;

      4) заңды мекенжайы;

      5) заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      7) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы;

      8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      9) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің меншік үлесінің мөлшері;

      10) бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).

      3. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган:

      1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;

      2) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруі;

      3) уәкілетті органның өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуі;

      4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі;

      5) қаржы мониторингі субъектілерінің өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі арқылы жүргізеді.

      4. Уәкілетті орган бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінен заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі туралы ақпарат пен мәліметтерді:

      1) өздерінің бақылауындағы субъектілер бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына;

      2) құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға;

      3) қаржы мониторингі субъектілеріне беруді жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган берген ақпарат дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.

      5. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      4) 12-3-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";

      5) 18-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Құқық қорғау органдары" деген сөздер "Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, құқық қорғау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен электрондық нысанда беріледі.";

      6) 19-4-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган шетелдік соттарға Қазақстан Республикасынан шығарылған ақшаның және (немесе) өзге де мүліктің құқықтық мәртебесін немесе меншік құқығын белгілеу туралы азаматтық талап қоюларды беру бойынша жұмыс жүргізеді.".

      17. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары, сондай-ақ соттардың алдын ала қамтамасыз ету шаралары немесе алдын ала қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы ұйғарымдары;";

      2) 75-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға не басқарушы компанияға беріледі.";

      3) 112-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төртінші кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар, заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылады.".

      18. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      83-бап "қаражаты" деген сөзден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты" деген сөздермен толықтырылсын.

      19. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-бапта:

      24-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-2) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;";

      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Тәркіленген мүліктің және мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің түсуі

      Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі осы Заңның 210 – 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады, мемлекет кірісіне айналдырылған мүліктің (активтердің) түсуі Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.";

      3) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) құқықтарды тоқтату

      Соттың мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге немесе мемлекет кірісіне айналдыруға негіз болған актінің күшін жоюы (тиісті бөлігін өзгертуі) тәркіленген мүлікке немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікке (активтерге) мемлекеттің мүліктік құқықтарын тоқтатуға негіз болып табылады.

      Тәркіленген мүлікті қайтару немесе оның құнын өтеу осы Заңның 213-бабы 5-тармағының қағидалары бойынша, ал басқарушы компанияның басқаруына немесе меншігіне берілген мүлік пен активтерді қайтару немесе олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.";

      4) 211-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған, басқарушы компанияға берілген мүлікті (активтерді);".

      20. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      21-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған, "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнің үзінді-көшірмесі қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;".

      21. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдалануға, зейнеткерлік активтерін сенімгерлік басқаруға;";

      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Жоғары аудиторлық палата жергілікті бюджет қаражатына мынадай негіздер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;

      2) мемлекеттік органдардың, ревизиялық комиссиялардың, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша;

      3) құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша аудит жүргізуге құқылы.

      6. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі хабардар етіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады.

      7. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;

      2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарауға құқылы.

      8. Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы тоқсан сайын берілетін ақпарат шеңберінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қараудың жүргізілгені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне хабар беріледі.";

      2) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) мыналарға:

      орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.";

      3) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 – 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сапаны бақылауынан өткен ішкі аудит қызметтерінің сәйкестігіне мемлекеттік аудиттің нәтижелерін таниды.";

      2-тармақ "орган" деген сөзден кейін "және ішкі аудит қызметтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтағы "мен ревизиялық комиссиялар" деген сөздер ", ревизиялық комиссиялар және ішкі аудит қызметтері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ "орган" деген сөзден кейін "және ішкі аудит қызметтері" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 53-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік аудиторларды осы Заңда белгіленген құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруге қатысу үшін жібереді.".

      22. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 12) тармақшасы "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 53-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен жүргізіледі.".

      23. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;";

      2) 5-бапта:

      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді.";

      3) 9-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша резиденттің бейрезидентке өзінің талап қою құқығын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның пайдасына беруіне, сондай-ақ резиденттің басқа бейрезидентке өзінің талап қою құқығын бейрезидентке өтеусіз беруіне жол берілмейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесе отырып, резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Осы мониторингтің мақсаттары үшін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қызмет көрсететін уәкілетті банк оған есептік нөмір береді, бұл кейіннен валюталық бақылау органдарына экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептерді ұсыну кезінде көрсетіледі.";

      6-тармақ "жағдайлар" деген сөзден кейін ", экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру тәртібі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 18-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы ұйымдарына қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Өзге тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) басқа да валюталық бақылау органдары құзыреті шегінде жүргізеді.";

      5) 19-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Валюталық бақылау органдары валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға құқылы.";

      "4. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз өкiлеттіктерiн жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгiлi болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.";

      6) 20-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы ұйымдарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, валюталық бақылау органының жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.

      Валюталық операцияларды жүзеге асыратын өзге резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты олар валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде валюталық бақылау рәсімдері, валюталық бақылау органының тексерулері және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.";

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ықтимал бұзғаны туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты валюталық бақылау органы сұратқан, валюталық операцияның жүргізілуіне байланысты ақпаратты, есептілік пен құжаттарды және Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылатын өзге де ақпаратты (есептілікті) талдау арқылы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақылаудың өзге де нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана жүзеге асырады.";

      7) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Мемлекеттік кірістер органының экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау жүргізу ерекшеліктері

      1. Осы Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің (бұдан әрі – тексерілетін резидент) экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауын валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік кірістер органы тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізеді және (немесе) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асырады.

      3. Тексеру жүргізу оны тағайындау туралы акт ресімдеуді талап етпейді.

      Тексеру тексерілетін резидентке бармай, оған валюталық операцияны жүргізуге байланысты, оның ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт шеңберінде міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру туралы жазбаша сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Жазбаша сұрау салуда мыналар көрсетіледі:

      1) тексерілетін резиденттің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, оның тұратын жері;

      2) тексерудің негізі;

      3) сұратылатын құжаттардың тізбесі (олардың көшірмелері);

      4) қажет болған кезде түсіндіруді талап ететін ақпарат (мәліметтер);

      5) сұратылатын ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру мерзімі.

      4. Тексерілетін резиденттің атына мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салудың жіберілуі тексерудің басталуы болып табылады.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген жазбаша сұрау салу тексерілетін резидентке мынадай жағдайларда:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде – пошта операторының хабарламасында тексерілетін резиденттің белгісі қойылған күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      жазбаша сұрау салу веб-қосымшада жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады;

      хабарлама пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Көрсетілген тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тексерілетін резидентке қолданылады.

      5. Тексерілетін резидент сұратылған ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) мемлекеттік кірістер органының жазбаша сұрау салуында белгіленген мерзімдерде, бірақ тексерілетін резидент жазбаша сұрау салуды алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      6. Тексерілетін резидентке қызмет көрсететін уәкілетті банкте бар ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) нақтылау үшін мемлекеттік кірістер органы осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген валюталық бақылаудың өзге нысанын пайдалана отырып, осындай банктің атына жазбаша сұрау салуды жібереді.

      7. Тексерілетін резидент тарапынан қол қою талап етілмейтін нәтижелер туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адамның қол қойған күні мемлекеттік кірістер органы тексеруінің аяқталуы болып табылады.";

      8) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті банктер жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялар бойынша резиденттердің (уәкілетті банктерді және шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен және ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банктің осы төлем және (немесе) ақша аудару туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруіне рұқсат берген кезде жүзеге асырады.

      2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін жекелеген валюталық операциялардың түрлері мен өлшемшарттары Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағын, 5-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13) тармақшаларын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 8-тармағының 2) тармақшасын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 12-тармағын, 13-тармағының екінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 14, 15-тармақтарын, 16-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын және 20-тармағын;

      2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 2) тармақшасын, 11-тармағын, 13-тармағының үшінші, төртінші абзацтарын және 23-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады