"Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 32-I

      1-бап. "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ ССР Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1991 ж., N 25, 328-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1992 ж., N 6, 125-құжат; N 13-14, 323-құжат; N 16, 401-құжат; 1993 ж., N 8, 159-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Заңның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
      2. Кiрiспе алынып тасталсын.
      3. 1-бапта:
      атауы мен бiрiншi бөлiктегi "Қазақ ССР-iнде" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасында", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер алынып тасталсын.
      4. 2-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "Әскери қызметшiлердi зейнетақымен қамсыздандыру туралы" СССР Заңы" деген сөздер "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басқарушы және қатардағы құрамының адамдарын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ең аз" деген сөз алынып тасталсын;
      екiншi бөлiктегi "ССРО-да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ССРО Заңы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      5. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Осы Заңның күшi
      Осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында күшi бар. Зейнетақы алмайтын адамдар, сондай-ақ Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасына көшiп келген зейнеткерлер үшiн осы Заңның шарттары бойынша еңбек зейнетақысын тағайындау мен қайта есептеу Қазақстан Республикасында талап етiлетiн жұмыс стажының (жалпы жеңiлдiктi немесе арнаулы) кем дегенде тең жартысы болған жағдайда жүргiзiледi.
      Басқа мемлекеттермен жасасылған әлеуметтiк қамсыздандыру туралы келiсiмдерде (шарттарда) осы Заңдағыдан өзгеше ережелер көзделген болса, тиiсiнше осы келiсiмдерде (шарттарда) белгiленген ережелер қолданылады".
      6. 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Зейнетақы төлеуге арналған қаражат
      Осы Заң бойынша зейнетақы төлеу Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаражатынан жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаражаты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң құрамына кiрмейдi және әлеуметтiк сақтандыру мақсаттары үшiн бекiтiлген тарифтер бойынша меншiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалар аударатын қаражат, жеке еңбек қызметiмен айналысатын адамдардың сақтық жарналары, азаматтардың белгiленген сақтық жарналары, азаматтар мен ұйымдардың ерiктi қайырымдылықтары, басқа да аударымдары есебiнен құралады.
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтiк қорғау жүйесiне енедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi Зейнетақы қоры басқару органдарының құрылымын, ведомстволық бағыныстылығы мен өкiлеттiктер айқындайды және ол туралы Ережені бекiтедi.
      Зейнетақы қорының қаражаты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банктерiндегi арнаулы шотта сақталады. Сақтағаны және қаражаттың еркiн қалдықтарын пайдаланғаны үшiн банктер зейнетақы қорына келiсiм-шарттарында белгiленген проценттердi төлейдi.
 
      9-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енетiн
             мәселелер
      Осы Заңда көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына, сондай-ақ зейнетақы тағайындау, қайта есептеу және төлеу тәртiбiне, азаматтардың жекелеген санаттарының стажын есептеу ерекшелiктерiн анықтауға, осы Заң белгiлеген кепiлдiктердi сақтай отырып, зейнетақыларға индекстеу мен қосымша төлемдер

 

жүргiзуге байланысты мәселелер де жатады".

     7. 10-бап мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы және

жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:

     "Зейнетақыға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген еңбек

стажы бар мына жастағы адамдардың құқығы бар:

     1996 жылғы 1 шiлдеден - жасы 60-тан 6 ай асқан еркектердiң, жасы

55-тен 6 ай асқан әйелдердiң;

     1997 жылғы 1 шiлдеден - жасы 61-ге толған еркектердiң, 56-ға

толған әйелдердiң;

     1998 жылғы 1 шiлдеден - жасы 61-ден 6 ай асқан еркектердiң,

56-ға толған әйелдердiң;

     1999 жылғы 1 шiлдеден - жасы 62-ге толған еркектердiң, 57-ге

толған әйелдердiң;

     2000 жылғы 1 шiлдеден - жасы 62-ден 6 ай асқан еркектердiң,

57-ден 6 ай асқан әйелдердiң;

     2001 жылғы 1 шiлдеден бастап және одан кейiнгi жылдар 63-ке

толған еркектердiң, 58-ге толған әйелдердiң.


 
       1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жасына байланысты зейнеткерлiк демалысқа мерзiмiнен бұрын шығуға құқығы бар адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады.
      Жұмыс iстеудi тоқтатқан жағдайда жасына байланысты зейнетақы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шарттар бойынша тағайындалуы мүмкiн. Мұнымен қатар зейнетақы осы баптың төртiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа жеткеннен кейiн толық төленуге тиiстi зейнетақының (асырауындағылар үшiн қосылатын үстемесiз) 60 процентi мөлшерiнде төленедi.
      Мемлекеттiк қызметтегi еркектер, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында оларға белгiленген мемлекеттiк қызметте болудың шектi жасына жеткен кезде, ол ұзарылмаған жағдайда және талап етiлетiн қызмет өткерген жылдары болмаған кезде, мемлекеттiк қызметтi тоқтатқан сәттен бастап, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шарттарға орай жасы бойынша зейнеткерлiкке құқығы бар".
      8. 11-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "ССРО Үкiметi", "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ "Жер асты жұмыстарында" деген сөздерден кейiн "жұмыстарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) шалғайдағы мал шаруашылығында iстейтiн қызметкерлер:
      еркектер - 55 жасқа толғанда және жалпы еңбек стажы кемiнде 25 жыл болып, оның кемiнде 20 жылын аталған жұмыста iстегенде;
      әйелдер - 50 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемiнде 20 жыл болып, оның кемiнде 15 жылын аталған жұмыста iстегенде.
      Шалғайдағы мал шаруашылығы қызметкерлерiнiң санаттары мен учаскелерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен белгiленедi;
      екiншi және төртiншi бөлiктердегi "ССРО Зейнетақы қорының Қазақ республикалық бөлiмшесi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "5, 7, 9" сандары "3, 5-9" деген сандармен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы баптың 1-13 тармақтарында көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады".
      9. 12-бапта:
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiк екiншi бөлiк болып саналсын және ондағы "ССРО" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10. 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Балалы әйелдердi зейнетақымен қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi
      Бес және одан да көп бала туып, оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердiң, оларды осы жасқа дейiн тәрбиелеген бала жасынан мүгедектердiң аналарының, сондай-ақ бала жасынан мүгедек аналардың 50 жасқа толғанда және жұмыс стажы балаларды күтуге кеткен уақытын қоса есептегенде кемiнде 20 жыл болғанда жасына байланысты зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқығы бар.
      Осы баптың шарттары бойынша жасына байланысты зейнетақы тағайындаған кезде ескерiлетiн балалардың қатарына егер жаңа отбасында олардың iс жүзiндегi тәрбиесi сегiз жасқа дейiн жүзеге асырылған болса, қайтыс болған ананың асырап алынбаған балалары да жатқызылуы мүмкiн.
      Сегiз жасқа дейiнгi асырап алынбаған балалардың iс жүзiндегi тәрбиесi сот тәртiбiмен айқындалады.
      1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы бапта көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады.
 
      15-бап. Соғыс мүгедектерiне, мерзiмдi әскери қызметтiң
              мүгедек әскери қызметшiлерiне, соғысқа және басқа
              да әскери қимылдарға қатысып мүгедек болғандарға
              жасы бойынша тағайындалатын зейнетақылар
      Бұрынғы КСРО-ны және Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде немесе әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) орындау кезiнде жарақаттануы, контузия алуы немесе мертiгуi салдарынан, яки майданда болуы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердiң аумағында әскери және қызмет борышын өтеуге байланысты немесе әскери қызметiн атқару кезеңiнде науқастануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, сондай-ақ тұтқында болған кезiнде жарақаттануы, контузияға ұшырауы, мертiгуi немесе науқастануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, еңбек ету кезiнде мертiгуiне, кәсiптiк, жалпы ауруы және денсаулығының өзге де зақымдануы (өзiнiң құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде мүгедек болған жағдайлардан басқа) салдарынан мүгедек деп танылған соғысқа, басқа да жауынгерлiк iс-қимылдарға қатысқан адамдар:
      еркектер - 55 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 25 жыл болғанда,
      әйелдер - 50 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемiнде 20 жыл болғанда зейнетақы алуға хақылы.
      1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы бапта көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады".
      11. 20-баптың екiншi бөлiгiндегi "дәрiгерлiк-еңбек сараптау комиссиясы (ДЕСК)", "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi", "Қазақ ССР" деген сөздер тиiсiнше "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясы (МӘСК)", "Қазақстан Республикасының Үкiметi", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 22-баптағы "Советтiк органдар және қоғамдық ұйымдар", "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi", "Қазақ ССР" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер", "Қазақстан Республикасының Үкiметi", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13. 23-баптың 1-тармағындағы "советтiк" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14. 24-баптың атауындағы және мәтiнiндегi "совет азаматтарына", "ССРО" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтарына", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-бап. 26-баптың үшiншi бөлiгiнiң 2-тармағында:
      "(ардақты аналар - жасына қарамастан)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы бапта көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады".
      16. 29-баптың төртiншi бөлiгiндегi "совет азаматтары", "ССРО" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының азаматтары", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17. 32-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зейнетақыдан үлес бөлу асыраушысынан айрылуына байланысты берiлетiн зейнетақыға құқығы болған күннен бастап жүргiзiледi, бiрақ ол зейнетақыдан үлес бөлуге өтiнiш жасағаннан бұрынғы 12 айдан аспауға тиiс".
      17-1, 34-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк қызметшiлердi еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттiк қызмет туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады".
      18. 35-бапта:
      1 және 3-тармақтардағы "ССРО" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады".
      19. 36-бапта:
      1, 3 және 5-тармақтардағы "ССРО" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы бапта 1-5-тармақтарында көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады".
      20. 39-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      "әйелдер - 55 жасқа толғанда" деген сөзден кейiн мына мазмұндағы: "1996 жылғы 1 шiлдеден бастап 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы бапта көрсетiлген адамдардың зейнеткерлiк жасы жыл сайын 6 айға өсiп отырады" деген сөйлеммен толықтырылсын.
      Екiншi бөлiктегi "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" сөздерiмен ауыстырылсын.
      21. 40-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi, үшiншi бөлiктiң 2 және 3-тармақтарындағы "ССРО қоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң 3-тармағының екiншi абзацындағы "ССРО", "ССРО не", "немесе басқа да одақтас республикалардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы "аумағында" деген сөздiң алдынан "бұрынғы" деген сөз қосылсын;
      15-тармақтағы "советтiк мекемелер" деген сөздер "бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасының мекемелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
      "17) Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтық жарналар төлеу шартымен шет елде жұмыс iстеу";
      төртiншi бөлiктегi "1991 жылғы 1 қаңтарға дейiн стажға есептеледi, ал бұл датадан кейiн - зейнеткер зейнетақы алмаған болса, есептеледi" деген сөздер "зейнеткер жұмыстан босағаннан соң, осы Заңның 68-бабында көзделген жағдайлардан басқа реттерде стажға есептеледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22. 41-бапта:
      1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жауынгерлiк iс-қимылдар кезiнде iс үстiндегi армияның құрамындағы, соның iшiнде әскери борышын орындау кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ жауынгерлiк iс-қимылдар кезiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сонымен қатар әскери қызмет кезiнде алған жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емделген уақыт әскери қызметшiлердiң еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындалар кезде осы қызметтiң мерзiмдерiн есептеу үшiн белгiленген тәртiпте";
      "6) негiзсiз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшырап, соңынан ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыратын жерлерде, айдауда болған, бостандығы шектелiп мәжбүрлi жұмыс iстеуге тартылған уақыты, арнайы жер аударылған және жүйке ауруларын емдеу мекемелерiнде күшпен емделуге жiберiлген уақыты - үш есе мөлшерде".
      7-тармақ "жұмыс" деген сөзден кейiн "және әскери қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтағы "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23. 43-бапта:
      екiншi бөлiктегi "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жеңiлдiктi шарттардағы зейнетақыны (11-13 баптар) және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыны (35-38-баптар) алу құқығын белгiлеген кезде соған құқық беретiн жеңiлдiктi және арнайы стаж күнтiзбе бойынша есептеледi".
      24. 45-баптағы "ССРО" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25. 46, 48 және 55-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "46-бап. Жасына байланысты зейнетақы мөлшерi
      Жасына байланысты зейнетақы табыстың 60 процентi мөлшерiнде (58 және 67-баптар) тағайындалады. Еркектер үшiн 25 жылдан, әйелдер үшiн 20 жылдан артық жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн, осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 12-бабында көзделген жұмыстарды iстейтiн қызметкерлерге (жер астында жұмыс iстейтiндерден басқа) еркектер үшiн 20 жылдан және әйелдер үшiн 15 жылдан артық iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы еңбекақының 1 процентiне, жер асты қызметкерлерiне - 1,2 процентiне өсiрiледi, бiрақ есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.
      Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 12-бабында көзделген жер асты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлерге жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беретiн әрбiр жылы үшiн зейнетақы еңбекақының 1,2 процентiне өсiрiледi, бiрақ есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс. Заңның 11-бабының 1-тармағында және 12-бабында көзделген жұмыстарда iстейтiн басқа қызметкерлерге - еркектер 10 жылдан және әйелдер 7 жыл 6 айдан астам уақыт жұмыс iстеген жеңiлдiктi шартпен зейнетақы алуға құқық беретiн жұмыс iстеген әрбiр жыл үшiн зейнетақы жалақының 1 процентiне өсiрiледi, бiрақ есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген талап етiлетiн жалпы еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн және осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жұмыс үшiн қосылатын жалпы сома есепке алынған еңбекақының 40 процентiнен аспауға тиiс.
      Осы Заңның 10-бабының төртiншi бөлiгiнде, сондай-ақ 40-бабының үшiншi бөлiгiнiң 1-5-тармақтарында көзделгендей, еңбек қызметiн одан әрi жалғастыруына байланысты жасына қарай зейнеткерлiкке шығуды кейiнге қалдырған әрбiр толық жыл үшiн, бiрақ ол жыл үш жылдан аспауға тиiс, зейнетақы мөлшерi зейнетақының негiзгi мөлшерiнiң 10 процентiне өсiрiледi, бiрақ ол жасына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс. Бұл жағдайда зейнетақы осы бапта көзделген шектеуден тыс көбейтiледi.
      Жасына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерi республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiштiң 100 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
      Еңбекақының 60 процентi мөлшерiнде есептелген жасына байланысты зейнетақы оның ең төменгi мөлшерiне жетпеген жағдайда, осы бапта көзделген көбейту, жасына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерiне қосылады.
      Егер табысы туралы дерек мүлде жоқ болса, онда жұмыс стажы үшiн зейнетақыны көбейту республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiшке сүйене отырып жүргiзiледi.
      "48-бап. Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне
               мүгедектiгiне байланысты берiлетiн зейнетақылардың
               мөлшерi
      Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне мүгедектiгiне байланысты зейнетақылар мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) Заңның 15-бабында көрсетiлген соғыс мүгедектерiне, басқа мүгедектерге, I және II топтағыларға еңбекақының (ақшалай үлес сомасының) 85 процентi, III топтағыларға - 50 процентi мөлшерiнде;
      2) I және II топтағы басқа мүгедектерге еңбекақының (ақшалай үлес сомасының) 75 процентi, III топтағыларға - 40 процентi мөлшерiнде".
      55-бап. Батыр аналарға және "Алтын алқа" алқасымен наградталған
              көп балалы аналарға берiлетiн зейнетақының ең
              төменгi мөлшерi
      Батыр аналарға және "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын зейнетақының, соның iшiнде жұмыс стажы толық болмаған жағдайда жасына байланысты, мүгедектiгi мен асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың мөлшерi жасына байланысты зейнетақының ең төменгi мөлшерiнiң 100 процентi мөлшерiнде белгiленедi".
      26. 56-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жасына, мүгедектiгiне, асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыларға, соның iшiнде ең төменгi мөлшердегi және стажы толық болмаған жағдайда есептелген зейнетақыларға, әлеуметтiк зейнетақыларға мынадай үстемелер белгiленедi";
      1-тармақтағы "(26 және 27-баптар)" деген сөздер "(26 және 27-баптардың 1-4 тармақтары)" деген сөздермен алмастырылсын;
      2-тармақтағы "жалғызiлiктi зейнеткерлерге" деген сөздердiң алдындағы "жасына байланысты" деген сөздер алынып тасталсын;
      27. 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) соғыс мүгедектерiне, әскери борышын орындау кезiнде еңбек жарақаты, кәсiптiк және жалпы ауруы салдарынан мүгедек деп танылған (заңға қарсы әрекеттерi салдарынан болған мүгедектiк жағдайынан басқа), соғысқа және басқа да жауынгерлiк iс-қимылдарға қатысушыларға, әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруы салдарынан мүгедек болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң мүгедектерiне берiлетiн жасына байланысты зейнетақылар, соның iшiнде ең төменгi зейнетақылар - "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басқарушы және қатардағы құрамының адамдарын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы белгiлеген соғыс мүгедектерiнiң тиiстi санаттары үшiн тағайындалатын зейнетақының ең төменгi мөлшерiне көбейтiледi".
      28. 58-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұнымен қатар зейнетақы есептеу үшiн республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнен аспайтын табыс сомасы алынады".
      29. 60-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "негiзгi қызметi бойынша толық қызмет окладын (ставка) алмаған болса және" деген сөздер алынып тасталсын;
      30. 66-бапта:
      атауы мен мәтiнiндегi "совет азаматтарына" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ССРО", "Қазақ ССР-i" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31. 67-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұнымен қатар осы Заңның 58-бабында республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арнап көзделген есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерi, сондай-ақ сол ауданның өндiрiстiк емес салаларының жұмысшылары мен қызметкерлерi үшiн белгiленген аудандық коэффициент қолданыла отырып есептеледi".
      32. 71-бапта: "26 және 27 баптар", "Қазақ ССР" деген сөздер тиiсiнше "26-баптың 1-4-тармақтары және 27-бап", "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      33. 72-бапта:
      "ең төменгi жалақы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем алынып тасталсын.
      34. 73-баптағы "Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      35. 74-бапта:
      үшiншi және бесiншi бөлiктердегi "кәсiпорындардың немесе ұйымдардың орналасқан жерiндегi әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi" деген сөздер "кәсiпорындардың немесе ұйымдардың орналасқан жерiндегi яки халықты әлеуметтiк қорғау органдары белгiлейтiн тәртiпке сәйкес өтiнiш жасаушының тұрғылықты жерi бойынша халықты әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы бөлiктегi "ССРО Зейнетақы қорының Қазақ Республикалық бөлiмшесiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      36. 75-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зейнетақыны тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде әкiмдер құратын зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялар тағайындайды. Комиссияның құрамына басқа мүшелерiмен қатар аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi енедi";
      үшiншi бөлiк екiншi бөлiк болып саналсын;
      37. 77-баптағы "халық депутаттары аудандық (қалалық) Советiне" деген сөздер "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38. 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "81-бап. Зейнетақы төлеудiң тәртiбi
      Зейнетақы мынадай тәртiппен төленедi:
      1) жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өткен ай үшiн - iс жүзiнде зейнеткердiң тұратын жерi бойынша қайда тiркелгенiне қарамастан зейнетақы төлейтiн халықты әлеуметтiк қорғау органы қызмет көрсететiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде.
      Зейнетақыларды жеткiзiп беру және жiберу Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;
      2) жұмыс iстейтiн зейнеткерлерге - егер алып жүрген жалақысы республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнен асатын болса, зейнетақысының 50 процентi мөлшерiнде (отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiне қосылатын үстемелерсiз), басқа зейнеткерлерге, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға, мүгедектердiң барлық санаттарына - әлеуметтiк сақтық жарналары есебiнен жұмыс орны бойынша алатын табысына (кiрiсiне) қарамастан толық мөлшерде (отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiне қосылатын үстемелерсiз) төленедi.
      Өткен ай үшiн зейнетақы айдың екiншi жартысындағы жалақымен бiр мезгiлде төленедi.
      Зейнеткер басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына көшiп келген кезде зейнетақы бұрынғы тұрған жерi бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылған күннен бастап төленедi, бiрақ жаңадан көшiп келiп тiркелген жерiндегi халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жазбаша өтiнiш берген күннен бұрынғы 6 айдан аспайтын уақытқа төленедi".
      39. 91-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнеткер қайтыс болған жағдайда оның отбасына оны жерлеу үшiн екi айлық зейнетақысы мөлшерiнде, бiрақ есептiк көрсеткiштiң он есе мөлшерiнен аспайтын мөлшерде, ал Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi қайтыс болған жағдайда республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн әлеуметтiк және өзге де төлемдерге арналған есептiк көрсеткiштiң отыз бес есе мөлшерiнен кем емес сомада жәрдем берiледi".
      40. 92-бапта:
      "ССРО" деген сөз тиiсiнше "Қазақстан Республикасында", "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгi "шетелге кетер алдындағы" деген сөздерден кейiн "зейнетақы төлейтiн халықты әлеуметтiк қорғау органына шетелге кететiнi туралы өтiнiш берген күнгi зейнетақы мөлшерiнен" деген сөздермен толықтырылсын.
      41. Заң мынадай мазмұндағы 98-баппен толықтырылсын:
      "98-бап. Ерiктi түрде қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету
      Азаматтардың ерiктi түрде зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
      Ерiктi түрде қосымша зейнетақымен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйым қызметiнiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен анықталады".
      43, 6, 34, 76-78, 80, 82-баптардағы "әлеуметтiк қамсыздандыру" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау" деген сөздермен, 52-баптағы "(10-бап)" деген сөздер "(10-баптың бiрiншi бөлiгi) деген сөздермен, "10, 37, 38, 42, 44-баптардағы "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен, 25, 59, 78, 86-баптардағы "ДЕСК" деген сөздер "МӘСК" деген сөздермен, 44, 61, 65-баптардағы "ССРО" деген сөз, ал 93-баптағы "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      38, 93-баптардағы "ССРО Үкiметi және" , "ССР Одағы және" деген сөздер алынып тасталсын.
      2-бап. "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13 және 37-баптарының күшi 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.
      3-бап. 1996-1998 жылдары зейнеткерлiкке шығатын адамдарға зейнетақы есептеу үшiн зейнетақы сұрап өтiнiш берер алдындағы соңғы 15 жыл iшiндегi қатарынан кез келген 12 айының орташа айлық табысы ескерiледi.
      Заңның 68-бабының шарттарына орай зейнетақыларды қайта есептеу кезiнде зейнетақының жаңа мөлшерi 2 жылғы жұмысының ұсынылған неғұрлым жоғары табысының соңғы 12 айындағы табысымен айқындалады.
      4-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiмде "Қазақ ССР-iнде азаматтарды Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiнде қажеттi актiлер қабылдасын.

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға сәйкес

келтiрсiн.

     5-бап. "Қазақ ССР-iнде азаматтарды Зейнетақымен қамсыздандыру

туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күнiнен бастап

күшiне енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады