1995 жылғы 15 наурызда Исламабадта қол қойылған Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының транзиттiк саудасы туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 18 қазан N 39-I

 


     1995 жылғы 15 наурызда Исламабадта қол қойылған Экономикалық

Ынтымақтастық Ұйымының транзиттiк саудасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi


              ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ (ЭКО)

                 ТРАНЗИТТIК САУДА ТУРАЛЫ КЕЛIСIМI


     Мүше-елдер арасындағы сауданы жеңiлдетуге жәрдемдесуге тiлек

бiлдiре отырып,


     мүше-елдер аумағы арқылы транзиттiк сауданы жетiлдiру басты

мәселе деп санай отырып,


     Измир Шартында белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн

бiртұтас жеңiлдетiлген және үйлестiрiлген әкiмшiлiк формальдылықтар,

соның iшiнде аймақтық сауда саласында, әсiресе, шекара бекеттерiнде,

теңiз және әуе айлақтарында кедендiк процедуралар қажет деп келiсе

отырып,


     мүше-елдер төмендегiлер туралы осы Келiсiмдi жасасты:


                        I-ТАРАУ

                     ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


                       (а) Атауы


                        1 БАП


     Бұл Келiсiм "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО)

Транзиттiк сауда туралы келiсiмi" деп аталады.


                       (б) Айқындамалар


                        II БАП


     (i) "Мүше-ел" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) мүшесi

болып табылатын мемлекет дегендi бiлдiредi.


     (ii) "Хатшылық" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының

Хатшылығы дегендi бiлдiредi.


     (iii) "Уағдаласушы Тарап" Келiсiмге қол қойған және оған

қосылған мүше-ел дегендi бiлдiредi.



 
       (iv) "Контейнер" iшiне жүк салынатын және бiрнеше мәрте пайдаланыла алатын тұрақты сипаттағы көлiк жабдығының бiрлiгi (алмалы ыдыс, көшпелi цистерна немесе осыған ұқсас кез келген басқа құрал) дегендi бiлдiредi.
 
      (v) "Тауарлар" тек қана коммерциялық тауарлар бөлiгiн бiлдiредi және жолаушылардың жеке заттарын қамтымайды.
 
      (vi) "Кепiлдiк берушi Ассоциация" уағдаласушы мүше-елдiң кедендiк органдары осы Келiсiм процедураларын пайдаланатын адамдар үшiн кепiлдiк ретiнде көрiнуге өкiлдiк берген ассоциация дегендi бiлдiредi.
 
      (vii) "Импорттық немесе экспорттық баждар және салықтар" тауарлар импортынан немесе экспортынан (немесе осыларға байланысты) алынатын, бiрақ бұған көрсетiлген қызметтер құнынан алынған төлемдер немесе баждар қосылмайтын кедендiк баждар мен кез келген орталық және жергiлiктi басқа да баж салықтары, төлемдер және басқа да алымдар

 

дегендi бiлдiредi.


     (viii) "Темiр жол вагоны" жүктердi тасымалдауға арналған кез

келген темiр жол вагоны дегендi бiлдiредi.


     (iх) "Автомобиль көлiгi" оларға тiркемелердi және жартылай

тiркемелердi қоса алғанда мотордың көмегiмен қозғалысқа түсетiн кез

келген көлiк құралы дегендi бiлдiредi.


                        (в) Мақсаты


                          III БАП


     Осы Келiсiмнiң мақсаты тасымалданатын жүк оның тасылу жолы

бойынша ЭКО-ның басқа мүше-елiнiң немесе басқа мүше елдерiнiң аумағы

арқылы өтетiн жағдайда ЭКО-ның екi мүше-мемлекетi арасындағы саудаға

жәрдемдесу болып табылады.


                        (г) Қолданылу саласы


                          IV БАП



 
       Осы Келiсiм бiр мүше-елдiң кедендiк жөнелту пунктi мен екiншi

 

мүше-елдiң кедендiк қабылдау пунктi арасындағы бiр немесе бiрнеше

шекаралар арқылы, сонымен бiр мезгiлде ЭКО-ның басқа мүше-елiнiң

немесе басқа мүше-елдерiнiң юрисдикциясы арқылы өте отырып, аралық

қайта тиеумен немесе онсыз-ақ тауарлар тасымалдауларына қолданылады.


                           V БАП


     Осы Келiсiмнiң ережелерi автомобиль, темiр жол, теңiз, әуе

көлiктерiмен немесе осы көлiктер түрлерiнiң жиынтығымен

тасымалданатын тауарларға қолданылады.


                        2 ТАРАУ


                       ПРИНЦИПТЕР


                         VI БАП



 
       Осы Келiсiм шеңберiнде тасымалданатын тауарлар үшiн импорттық немесе экспорттық баждар немесе салықтар төлеуге, сондай-ақ қандай да бiр мүше елдiң аумағы арқылы транзит кезiнде бұндай баждар мен салықтарға қардарлық енгiзуге жатпайды. Кепiлдiк берушi Ассоциация өз мойнына импорттық немесе экспорттық баждарды немесе салықтарды төлеудi, сондай-ақ осы Бап бойынша ереженiң бұзылғаны туралы аумағында тiркелген елдiң кеден заңдарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер орындалмаған кезде проценттер төлеудi өз мойнына алады.
 
                          VII БАП
 
      а) Осы Келiсiм шеңберiнде тасымалданатын тауарлар ереже бойынша тасымалдану жолында кедендiк тексеруге жатпайды. Заңсыз терiс әрекеттер болдырмау үшiн ерекше жағдайларда кеден органдары тек әлде бiр заң бұзушылық туралы күдiк келтiргенде ғана жүктi тексере алады.
 
      б) Осы Келiсiм шеңберiнде берiлетiн мүмкiндiктердi пайдалану үшiн тауарлар теңiз немесе әуе көлiгiмен, я болмаса пломбыланған жүк автомобильдерiмен, контейнерлермен, темiр жол вагондарымен немесе осы көлiк түрлерiнiң және Кепiлдiк етушi Ассоциация қабылдаған ережелерге сәйкес пломбыланған жиынтығымен тасымалдануға тиiс.
 
                          VIII БАП
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн Кепiлдiк етушi Ассоциация осыған байланысты тиiстi сертификат берген жағдайда пломбыланған контейнерлермен немесе вагондармен тасымалдауға болмайтын ауыр немесе сусымалы жүктерге қатысты қолданбауға болады.
 
                          IХ БАП
 
      а) Осы Келiсiмнiң ережелерi қолданыстағы заңдар шеңберiнде немесе дiни жағдайларға, қоғамдық мораль мен қауiпсiздiк, гигиена немесе қоғамдық денсаулық сақтау талаптарына, сондай-ақ экологиялық, ветеринарлық немесе фитопатологиялық жағдайларға байланысты мiндетi болып табылатын шектеулер енгiзуге және бақылау жүргiзуге кедергi

 

келтiрмейтiн болады.


     б) Осы Келiсiм оған қол қойған елдiң бiр тараптық негiзде я

болмаса екi тараптық немесе көп тараптық келiсiмдер шеңберiнде

жасағысы келетiн, егер мұндай мүмкiндiктер осы келiсiмнiң ережелерiн

қолдануға кедергi келтiрмейтiн жағдайда, үлкен мүмкiндiктерге кедергi

жасамайтын болады.


                        3 ТАРАУ


                     ЖҰМЫС ПРОЦЕСI


                         Х БАП



 
       а) Осы Келiсiм шеңберiнде берiлген мүмкiндiктердi пайдалану үшiн кедендiк жөнелту пунктi жүктiң сипаты мен мөлшерiн, сондай-ақ пайдаланылатын көлiк түрi мен мүмкiн болатын маршрут бағытын куәландыратын сертификат бередi.
 
      б) Мүше-елдердiң жүктiң тасымалдану жолы бойындағы кеден

 

пункттерi мұндай сертификаттың жарамды екенiн мойындауға тиiс.


                         ХI БАП


     Жүрiлетiн жол бойындағы елдiң немесе мүше-елдердiң тиiстi

мемлекеттiк органдары осы Келiсiм шеңберiнде және қолданыстағы

заңдарға сәйкес олардың аумағы арқылы өтетiн жүктердi тасымалдау үшiн

барлық мүмкiндiктердi жасайтын және қажет болған жағдайда оларды

көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне ауыстырып тиеудi жылдамдататын болады.


                         4-ТАРАУ


                         БАҚЫЛАУ


                         ХII БАП



 
       а) Осы Келiсiм шеңберiнде Транзиттiк сауда дамуының барысын бақылауды жүзеге асыру үшiн Келiсiмге қол қойған әрбiр мүше - елден құрамында бiр өкiлден болатын Транзиттiк сауда жөнiндегi ЭКО Комитетi құрылатын болады.
      б) Жоғарыда а) тармағында аталған Комитет осы Келiсiм

 

шеңберiндегi қызметтi бақылауды жүзеге асырудан басқа оны жүзеге

асыруға қажеттi процедураларды жасайтын болады. Комитет сондай-ақ

Келiсiмдi жүзеге асыру барысында туындауы мүмкiн кез келген даулы

мәселелердi шешетiн болады.


     в) Комитет жылына бiр рет жиналатын болады, бiрақ қажеттiлiгiне

қарай одан да жиiрек жинала алады.


                        5-ТАРАУ


                       ТҮЗЕТУЛЕР


                        ХIII БАП


     ХII Баптың а) тармағына сәйкес құрылатын комитет немесе мүше-ел

Министрлер Кеңесi бекiтуге тиiс кез келген түзетулер енгiзе алады.


                        6-ТАРАУ


               БЕКIТIЛУI ЖӘНЕ КҮШIНЕ ЕНУI


                         ХIV БАП



 
       а) Келiсiмге қол қойған әрбiр мүше-ел өзiнiң қолданыстағы заңдар мен конституциялық практикасына сәйкес осы Келiсiмдi бекiтуге және бұл жайында Хатшылыққа хабарлауға тиiстi.
 
      б) Осы Келiсiм оған мүше-елдердiң үшеуiнен астамы қол қойғаннан,

 

бекiткеннен және бекiту грамоталарын Секретариатқа бергеннен кейiн

алпысыншы күнi күшiне енедi.


     в) Егер осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн қандай да бiр мүше-ел

оған кiретiн болса, онда аталған мүше-елге қатысты Келiсiм оның

өзiнiң бекiту грамотасын ЭКО Хатшылығына тапсыра салысымен-ақ күшiне

енедi.


     Осыны куәландыру үшiн төменде аталған өкiлеттi өкiлдер осы

Келiсiмге қол қойды.


     1995 жылы 15 наурызда екi түпнұсқа данада ағылшын тiлiнде

жасалды, бұлар өз кезегiнде оның бiр дана куәландырылған көшiрмесiн

әрбiр мүше-елге жолдайтын ЭКО Хатшылығына тапсырылатын болады.


     Әзербайжан Республикасының атынан


     Иран Ислам Республикасының атынан


     Қазақстан Республикасының атынан


     Қырғыз Республикасының атынан


     Пакистан Ислам Республикасының атынан


     Тәжiкстан Республикасының атынан


     Түрiк Республикасының атынан


     Түркiменстан атынан





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады