Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы N 375 Конституциялық Заңы

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж, N 7-8, 71-құжат; 1998 жылы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1998 жылғы 6 қарашадағы конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан
      Республикасындағы сайлау туралы"
      2. Кiрiспесi алып тасталсын.
      3. 1-баптағы, 5-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 5-тармағындағы, 33-баптың 2-тармағының 2), 3) тармақшаларындағы, 34-баптың 1, 5, 6-тармақтарындағы, 39-баптың 2-тармағындағы, 41-баптың 6-тармағындағы, 43-баптың 1-тармағындағы, 45-баптағы, 50-баптың 2,3-тармақтарындағы, 54-баптың 1,2-тармақтарындағы, 55-баптың 1-тармағындағы, 56-баптың 3-тармағындағы, 59-баптың 2-тармағындағы, 59-баптың 7-тармағының 3) тармақшасындағы, 61-баптың 2-тармағындағы, 62-баптың 2-тармағындағы, 63-баптың 2-тармағындағы, 64-баптың 3-тармағындағы, 65-баптың 3-тармағындағы, 66-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 70-баптағы, 71-баптың 3, 6-тармақтарындағы, 72-баптың 3-тармағындағы, 73-баптың 2-тармағындағы, 73-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 76-баптың 2-тармағындағы, 78-баптың 3-тармағындағы, 79-баптың 2-тармағындағы, 80-баптың 2-тармағындағы, 81-баптың 3-тармағындағы, 82-баптың 2-тармағындағы, 83-баптың 1-тармағындағы, 86-баптағы, 87-баптың 5-тармағындағы, 89-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 93-баптың 2-тармағындағы, 94-баптың 3-тармағындағы, 95-баптың 2-тармағындағы, 96-баптың 2-тармағындағы, 97-баптың 3-тармағындағы, 98-баптың 2-тармағындағы, 99-баптың 1-тармағындағы, 102-баптағы, 103-баптың 8-тармағындағы, 104-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 107-баптың 2-тармағындағы, 108-баптың 3-тармағындағы, 109-баптың 2-тармағындағы, 110-баптың 2-тармағындағы, 111-баптың 3-тармағындағы, 112-баптың 2-тармағындағы, 113-баптың 1-тармағындағы, 115-баптағы, 117-баптың 9-тармағындағы, 118-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 121-баптың 2-тармағындағы, 122-баптың 2-тармағындағы, 123-баптың 2-тармағындағы, 124-баптың 2-тармағындағы, 125-баптың 2-тармағындағы, 126-баптың 2-тармағындағы, 127-баптың 1-тармағындағы, 129-баптың 1-тармағындағы, 130-баптың 1, 2-тармақтарындағы, 133-баптағы "Осы Жарлық", "осы Жарлықтың", "осы Жарлықта", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықты", "осы Жарлықпен" деген сөздер тиiсiнше "Осы Конституциялық заң", "Осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.".
      5. 4-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң," деген сөздерден кейiн "соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша," деген сөздермен толықтырылсын.
      6. 5-баптың 1-тармағы "әрқайсысының" деген сөзден кейін "бір сайлау бюллетеніне" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында:
      "егер кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамы дауыс берсе" деген сөздер "дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Бұл түзету қазақша мәтiнде осының алдындағы түзетуге енгiзiлiп отыр.
      "осы Жарлықтың Ерекше бөлiмiнде белгiленген шектен төмен болмауға тиiс" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      8. 12-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тізім бойынша сайланатын бөлігіне қатыстыру мәселесін қарайды;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;";
      5) тармақша саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнінде семинарлар өткізеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша "Президенттi және Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақшадағы ", сондай-ақ олар қайта сайланған жағдайда Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауын" деген сөздер алып тасталсын.
      9. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi
      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
      2. Аумақтық сайлау комиссиялары:
      1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;
      2) жетi адамнан құрылады.
      3. Облыстық сайлау комиссиялары облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады.
      Төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен құрылады.
      4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.".
      10. 14-баптың 7) тармақшасындағы "Парламент" деген сөзден кейiн "Сенаты" деген сөзбен толықтырылсын.
      11. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi
      1. Округтiк сайлау комиссиялары:
      1) Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуымен құрылады;
      2) сайлау округтерiнде Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
      2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
      3. Округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.".
      12. 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртiбi
      1. Учаскелiк сайлау комиссиялары:
      1) тиісті әкімдердің ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиісті сайлау комиссияларының шешiмiмен құрылады;
      2) тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етеді.
      3) жетi адамнан құрылады.
      2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін - жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады."
      13. 21-бапта:
      2-тармақ "астанасындағы" деген сөзден кейiн ", аудандық, қалалық" деген сөздермен толықтырылсын.
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады ".
      14. 23-баптың 1-тармағындағы "округтiк" деген сөз алып тасталсын.
      15. 27-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "кандидаттардың" деген сөзден кейiнгi "және" деген сөз алып тасталып, үтiр қойылсын және "олардың сенiм бiлдірген адамдарының" деген сөздерден кейiн, "және ынталы топтар мүшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      16. 28-бапта:
      3-тармақтағы "тиiстi облыстардың, қалалар мен аудандардың" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ:
      "өткiзу үшiн" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шараларды ұйымдастырып өткiзу үшiн" деген сөздерден кейiн партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiндерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
      5-тармақ "Тиiстi сайлау комиссиялары" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
      17. 33-бапта:
      1-тармақ "Президенттi," деген сөзден кейiн "партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "сәйкес" деген сөзден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "көпшiлiк шараларын өткiзуге," деген сөздерден кейiн "партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "кандидаттардың" деген сөздiң алдынан "партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздерментолықтырылсын.
      18. 34-бапта:
      1-тармақтағы "сайлау алдындағы үгiтiн" деген сөздерден кейiнгi "кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақтағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші азатжолда сөйлемнің басындағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;";
      4-тармақтағы "Кандидаттардың", "Кандидаттың" деген сөздер алып тасталып, екiншi сөйлемдегi "қорына" деген сөз "қорға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын;
      6-тармақта:
      "Кандидаттың" деген сөз алып тасталсын;
      "сайлау комиссиясы" деген сөздерден кейiн "партиялық тiзiмдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тек қана кандидатқа" деген сөздерден кейін "және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тиiстi сайлау комиссиясына" деген сөздерден кейiнгi "кандидаттардың" деген сөз алып тасталып, "шоттарына" деген сөз "шоттарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта "кандидатурасын алып тастаған" деген сөздерден кейін ", саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оны ұсыну не тiркеу туралы" деген сөздер "кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Арнаулы уақытша шот бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады.";
      9-тармақтағы:
      "кандидат" деген сөзден кейiн ", саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кандидатқа" деген сөзден кейiн ", саяси партияға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      "Кандидаттың" деген сөзден кейін ", партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кандидатты" деген сөзден кейін ", партиялық тiзiмдi" деген сөздермен толықтырылсын.
      19. 36-баптың 2-тармағында сөйлемнiң басындағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын.
      20. 37-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.";
      3-тармақтағы (Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссияларына)" деген сөздер алып тасталсын.
      21. 42-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға, не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағына орналасқан шаршыға кез келген белгi қояды.".
      22. 43-бапта:
      3-тармақ:
      "әрбiр кандидат" деген сөздерден кейiн ", әрбiр саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын;
      Мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Жәшiктердi ашу, дауыстарды санау кезiнде дауысқа түскен әр кандидаттан бiр сенiм бiлдiрiлген адам, куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болса, әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiрден өкiл- журналист, сондай-ақ Республиканың тиiстi сайлау комиссиясы жанында тiркелген қоғамдық бiрлестiктерiнен бiр-бiрден байқаушы, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады. Өкілдер мен байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.";
      4-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      4) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстардың саны;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген бюллетеньдердiң саны.",
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;";
      6-тармақ алып тасталсын.
      23. 44-баптың 5-тармағында:
      "иә деп" деген сөздер алып тасталсын;
      "әрбiр кандидат үшiн" деген сөздерден кейiн ", әрбiр саяси партия үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жарамды деп танылған, алайда дауыс санаған кезде есепке алынбаған" деген сөздер "сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.
      Президенттiкке, партиялық тiзiм бойынша дауысқа түскен кандидаттарды қоспағанда, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлау өткiзуге бөлiнген республикалық бюджет қаражатынан осы кезеңге орташа жалақысы мөлшерiнде шығындарының орны толтырылады.".
      25. 49-бапта "дауыс 6epy қарсаңында" деген сөздер "дауыс беруден бес күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      26. 50-бапта:
      1-тармақ "кандидатты деген сөзден кейiн, партиялық тiзiмдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "Кандидат" деген сөзден кейiн ",саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оған ескерту жасалады" деген сөздер "оларға ескерту жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оны тiркеу туралы деген сөздер "кандидатты, партиялық тізiмдi тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      27. 55-баптың 1-тармағындағы "осы Жарлықта белгiленген сайлаушылар қолдауы бар болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын.
      28. 59-баптың 2-тармағында:
      "депозит ретiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      "мың мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жүз мәрте мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сайлау қорытындысына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын.
      29. 60-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30. 63-баптың 1-тармағындағы "Президент сайлауы кезiнде дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын.
      31. 64-баптың 1-тармағындағы "өткiзiлген жоқ немесе" деген сөздер алып тасталсын.
      32. 65-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын.
      33. 68-бапта:
      1-тармақта:
      "Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Президентi сайлауының қорытындыларын шығару" деген сөздер "Президентiнiң қызметке кiрiсуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "қайта сайлау" деген сөздер "қайта дауыс беру" деген сөздермен ауыстырылсын.
      34. 69-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "және Мәжiлiс депутаттары сайлауынан кемiнде үш күн бұрын өткiзiлуге тиiс" деген сөздер "және мерзiмi бойынша Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды," деген сөздермен ауыстырылсын.
      35. 71-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихаты кемінде екі кандидат ұсынады" деген сөйлем алып тасталсын;
      3-тармақтағы ", осы Жарлықта белгiленген таңдаушылардың қолдауына ие болған" деген сөздер алып тасталсын.
      36. 72-бапта:
      1-тармақ "қолдауына" деген сөзден кейiн ", бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының елу процентiнен аспайтын дауысына" деген сөздермен толықтырылсын.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бір кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.".
      37. 73-баптың 2-тармағында:
      "жүз мәрте мөлшерiнде" деген сөздер "елу еселенген мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сайлау қорытындысына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын.
      38. 74-баптың 1-тармағындағы "үш тәулiк қалғанда және 2-тармағындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер тиiсiнше "жетi тәулiк қалғанда" және "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39. 77-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын депутаттардың жалпы санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады."
      40. 79-бапта:
      1-тармақтағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы "дауыс берудiң бiрiншi туры" деген сөздер "бастапқы дауыс беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын.
      41. 81-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "басқа кандидаттармен" деген сөздер "басқа кандидатпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ",бiрақ дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың жалпы санының кемiнде қырық процентiнiң" деген сөздер алып тасталсын.
      42. 84-баптың 1-тармағында:
      "Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжілiс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Сенат депутаттары сайлауының нәтижелерін қорыту" деген сөздер "сайланған Сенат депутаттарын тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
      43. 85-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Парламент" деген сөз "Мәжiлiс депутаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      "Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Парламенттiң iс үстiндегi сайланымы өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын және екi айдан кешiктiрмей Республика Президентi тағайындайды." деген сөйлем "Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi." деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      "Егер Республика Президентi депутаттар сайлауын көрсетiлген мерзiмде тағайындамаса, Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын Парламенттiң iс үстiндегi сайланымының өкiлеттiк мерзiмi бiткен күннен бастап үш ай iшiнде өткiзедi" деген сөйлем алып тасталсын.
      44. 87-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi."
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiстiң депутаты етiп сайлау үшiн адамдарды кiргiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялар партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқылы. Партиялық тiзiмiне бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжiлiстiң депутаты етiп сайлану үшiн кіргiзiлген адамның аумақтық сайлау округi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртiбiн дербес белгiлейдi Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзімдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттігі тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
      6-тармақ "округiнен" деген сөзден кейiн "және бiр партиялық тiзiмнен" деген сөздермен толықтырылсын.
      45. 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "88-бап. Сайлау жарнасы
      Мәжiлiстiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Енгiзiлген жарна кандидатқа қайтарылмайды және республикалық бюджет кiрiсiнiң айналысына түсiрiледi. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Енгiзiлген жарна саяси партияларға қайтарылмайды және республикалық бюджет кірісінің айналысына түсiрiледi.".
      46. 89-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар:
      1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлiгiнде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;
      2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;
      3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
      4) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi.
      Партиялық тiзiм бойынша кандидат етiп:
      1) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
      2) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      3) тiркеу уақытына қарай өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адам тiркелуге жатпайды.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Бiр саяси партиядан адамдардың кез келген саны енгiзiлген бiр тiзiмдi ғана тiркеуге жол берiледi.";
      мынадай мазмұндағы 9-11-тармақтармен толықтырылсын:
      9. Орталық комиссиясы:
      1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс істейтін және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
      2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
      3) Конституцияның және осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда партиялық тiзiмдi немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген нақты адамды тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешімнiң күшін жояды.";
      10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.";
      11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлауға екі ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.".
      47. 90-бапта:
      1 және 2-тармақтардағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.".
      48. Мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
      "92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
      1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
      2. Саяси партияның сайлау қоры:
      1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың есуден аспауы тиiс жеке қаражатынан;
      2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.".
      49. 94-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.".
      50. 95-саптың 3-тармағы алып тасталсын.
      51. 96-бапта:
      1-тармақтағы "сайлаушылардың қажеттi санының келмеу себептi сайлау өткiзiлмеген деп танылса немесе ол" деген сөздердiң орнына "сайлау" деген сөз жазылсын.
      Мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қайта сайлауға үш проценттiк кедергiден өткен және алдыңғы сайлауға қатысқан саяси партиялар да қатыса алады.".
      52. 97-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы", бірақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы дауыс санының кемiнде қырық процентiн" деген сөздер алып тасталсын.
      53. Мынадай мазмұндағы 97-1-баппен толықтырылсын:
      "97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу
      1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбір партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға - бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
      2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi. Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
      3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 2-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық, тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.
      4. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиiстi партиялық тiзiмге орналастырудың ретiне қатаң сәйкес бөлiнедi.
      5. Партиялық тiзiмдердi құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудiң нәтижесiнде сайланған депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен нақ сол партиялық тiзiм бойынша сайланған келесi кандидатқа берiледi.
      Тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.
      Саяси партия қайта құрылған немесе таратылған жағдайда осы партияның тiзiмi бойынша сайланған Мәжiлiс депутаттары өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
      54. 100-баптың 1-тармағында:
      "Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн қорыту" деген сөздер сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
      55. 101-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы "аяқталуы" деген сөзден кейiн ", заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "мен Мәжiлiсiнiң" деген сөздер алып тасталсын.
      56. 105-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      57. 109-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      58. 110-баптың 1-тармағындағы "Егер сайлау сайлаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмедi деп танылса" деген сөздер алып тасталсын.
      59. 111-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы ", бiрақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде отыз процентiнiң даусын алған" деген сөздер алып тасталсын;
      60. 112-баптың 1-тармағындағы "сайлау өткiзiлген күннен кейiн жетi күн мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын;
      61. 124-баптың 1-тармағындағы "Егер сайлау сайлаушылардың қажеттi санының келмеуі себепті өткізілмеген деп танылған болса" деген сөздер алып тасталсын.
      62. 125-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшілік санын алған кандидаттар берілген мандаттарға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайланған мүшелері болып саналады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады