О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 "Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-36. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 апреля 2019 года № 18528. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 октября 2020 года № ҚР ДСМ-112/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 02.10.2020 № ҚР ДСМ-112/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с частью второй пункта 5 статьи 69 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 373 "Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 11465, опубликован 9 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах выписывания, учета и хранения рецептов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Рецепты выписываются в бумажном и (или) электронном виде медицинскими работниками организаций здравоохранения в пределах своей компетенции при наличии соответствующих медицинских показаний на бланках по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актах Республики Казахстан под № 6697).";

      части первую и вторую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Рецепты на получение лекарственных средств и медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) на амбулаторном уровне, выписываются, учитываются и мониторятся в автоматизированной системе в электронном виде.

      В случае отсутствия доступа к интернету выписка рецептов осуществляется вручную.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Рецепты выписываются на латинском языке под международным непатентованным наименованием лекарственных средств, в случае индивидуальной непереносимости пациента выписывается под торговым наименованием. Рецепты выписываются разборчиво с обязательным заполнением всех предусмотренных в бланке граф, способ применения прописывается в соответствующей графе на казахском и русском языках с указанием дозы, частоты и длительности приема. Не допускается ограничиваться общими указаниями ("Известно", "Внутреннее", "Наружное"). Исправления в рецепте не допускаются.

      Твердые сыпучие вещества выписываются в граммах (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), жидкие – в миллилитрах, граммах и каплях.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Рецепты на получение лекарственных средств, в том числе отпускаемых бесплатно и на льготных условиях, действительны в течении 3 месяцев.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Сроки хранения рецептов составляют 3 года, в том числе на лекарственные средства, отпускаемые в рамках ГОБМП.".

      2. Комитету фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

"Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18528 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.10.2020 № ҚР ДСМ-112/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсітілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.";

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.

      Интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда рецетілерді қолмен жазып беру жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен латын тілінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.

      Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшыларда жазылып беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі 3 жылды құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов