On approval of the Rules for awarding extraordinary ranks to officials of the prosecution system of the Republic of Kazakhstan

Order of the General Prosecutor of the Republic of Kazakhstan dated November 9, 2018 No. 130. Registered in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on November 14, 2018 No. 17735. Abolished by the Order of the Prosecutor General of the Republic of Kazakhstan dated January 13, 2023 No. 18

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Order of the Prosecutor General of the Republic of Kazakhstan dated January 13, 2023 No. 18 (effective after ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with paragraph 4 of Article 26 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On Law Enforcement Service” as of January 6, 2011, subparagraph 4) of Article 37 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On the Public Prosecutor’s Office” as of June 30, 2017, I hereby ORDER:

      1. To approve the appended Rules for awarding extraordinary ranks to officials of the prosecution system of the Republic of Kazakhstan.

      2. The Human Resources Development Department of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan shall:

      1) ensure state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days of the state registration of this order, send its copy to the Republican State Enterprise with the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan for its official publication and inclusion into the Reference Control Bank of Regulatory Legal Acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) place this order on the official website of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan.

      3. Control over execution of this order shall be entrusted to the Human Resources Development Department of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall take effect after the day of its first official publication.

      General Prosecutor of
      the Republic of Kazakhstan K. Kozhamzharov

  Approved by
Order № 130 of
the General Prosecutor of the
Republic of Kazakhstan
as of November 9, 2018

Rules for awarding extraordinary ranks to officials of the prosecution system
of the Republic of Kazakhstan

      1. These Rules for awarding extraordinary ranks to officials of the prosecution system of the Republic of Kazakhstan are developed in accordance with paragraph 4 of Article 26 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On Law Enforcement Service” as of January 6, 2011 and establish the procedure for awarding extraordinary ranks to officials of the prosecution system of the Republic of Kazakhstan.

      2. A decision to award an extraordinary rank is made by the General Prosecutor of the Republic of Kazakhstan.

      3. An extraordinary rank is awarded to officials on the basis of submissions from the heads of structural units of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan, regional prosecutors and those equated to them (except for the Chief Military Prosecutor), Chairman of the Committee on Legal Statistics and Special Accounts of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan, President of the Law Enforcement Academy at the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the head of the unit) as a reward for exceptional service of officials with at least one-third of time of service in their current ranks, but a new rank they are promoted to may only be one rank higher than that they currently have.

      In case of exceptional service, an extraordinary rank is awarded regardless of the length of service in a current rank, but a new rank an official is promoted to may only be one rank higher than that he/she currently has.

      4. Extraordinary ranks may not be awarded more than twice within the entire time of service in the prosecution system.

      5. The running of the time of service in a rank shall be calculated from the day it is awarded to an official.

      6. The submission on awarding an extraordinary rank (hereinafter referred to as the Submission) is sent to the Personnel Department of the General Prosecutor’s Office of the Republic of Kazakhstan in accordance with the form in the Appendix to these Rules.

      7. Control over the reliability of information specified in the Submission is entrusted to the heads of units.

      8. An extraordinary rank may not be awarded:

      1) if a disciplinary action hasn’t been removed;

      2) during an internal investigation;

      3) in case of a pre-trial investigation or initiation of an administrative violation case.

      9. Submissions are considered by a commission chaired by a deputy of the General Prosecutor of the Republic of Kazakhstan.

      Following the Submission’s consideration, it is decided either:

      1) to recommend awarding an extraordinary rank; or

      2) to refuse to allow the Submission.

      10. A decision to award an extraordinary rank shall be documented by an order of the General Prosecutor of the Republic of Kazakhstan.

  Appendix to
the Rules for awarding
extraordinary ranks to officials of
the prosecution system of the
Republic of Kazakhstan
Form

SUBMISSION on awarding an extraordinary rank

      __________________________________________________________________________

      (a rank)

      To________________________________________________________________________

      (last and first names, patronymic (if any)

      __________________________________________________________________________

      (date of birth)

      Position___________________________________________________________________

      (prosecution agency)

      The highest rank for the indicated position

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Current rank

      __________________________________________________________________________

      was assigned by Order___________________________ as of _____"___________________

      №__________ ______________________________________________________________

      (brief description, merits)

      Reasons preventing the award of an extraordinary rank

      _________________________________________________________________________.

      Head

      of the Personnel Department signature Last and first names, patronymic (if any)

      Representative of the

      Internal Security Department signature Last and first names, patronymic (if any)

      Prosecutor of

      (name) a region/

      Chairman of the Committee

      on Legal Statistics and Special Accounts/

      President of the Law Enforcement Academy/

      Head of a structural unit of

      the General Prosecutor’s Office signature Last and first names, patronymic (if any)

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қарашада № 17735 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 130 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде кезектен тыс сыныптық шендерді беру тәртібін айқындайды.

      2. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қабылдайды.

      3. Кезектен тыс сыныптық шен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың (Бас әскери прокурорды қоспағанда), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының (бұдан әрі – бөлімше басшысы) ұсыныстары негізінде осы сыныптық шенде белгіленген еңбек сіңірген жылдар мерзімінің кемінде үштен бірі өткен соң қызметтегі айрықша жетістіктері үшін марапаттау, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес тәртібімен беріледі.

      Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі болған кезде, кезектен тыс сыныптық шендер осы сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, бірақ қызметкер алған сыныптық шенінен бір шеннен артық емес беріледі.

      4. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру прокуратура органдары жүйесінде қызмет еткен барлық кезеңінде екі реттен артық емес жүргізіледі.

      5. Сыныптық шенде болу мерзімі қызметкерге тиісті сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі.

      6. Кезектен тыс сыныптық шендерді беру туралы ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадр қызметіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      7. Ұсыныста көрсетілген мәліметтердің анықтығын бақылау бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

      8. Кезектен тыс сыныптық шен:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде;

      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайда берілмейді.

      9. Ұсыныстар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарларының бірінің төрағалық етуімен комиссияда қаралады.

      Ұсынысты қарау қорытындылары бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) кезектен тыс сыныптық шен беруге ұсыну;

      2) ұсынысты қанағаттандырудан бас тарту.

      10. Кезектен тыс сыныптық шенді беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ресімделеді.

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің қызметкерлеріне
кезектен тыс сыныптық
шендер беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Кезектен тыс сыныптық шен беру туралы ҰСЫНЫС

      __________________________________________________________________________

      (сыныптық шен)

      Кімге _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      (туған күні, айы, жылы)

      Лауазымы _________________________________________________________________

      (прокуратура органы)

      Көрсетілген лауазым үшін шекті сыныптық шен _________________________________

      Алған сыныптық шені _______________________________________________________

      __________жылғы "____________"_____________№ ____________________________

      бұйрығымен берілді ________________________________________________________

      (қысқаша сипаттамасы, сіңірген еңбегі)

      Кезектен тыс сыныптық шен беруге кедергі келтіретін негіздердің болуы

      __________________________________________________________________________

      Кадр қызметінің басшысы             қолы       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ішкі қауіпсіздік

      бөлімшесінің өкілі            қолы             Тегі, аты, әкесінің аты бар болған кезде)

      Облыс (атауы) прокуроры/

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің

      төрағасы/ Құқық қорғау

      органдарының

      Академиясының төрағасы/

      Бас прокуратураның

      Құрылымдық

      бөлімшесінің бастығы             қолы       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)