Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 қаңтарда № 31698 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8585 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12727 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12782 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13567 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14213 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16456 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16759 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16853 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне кезектен тыс сыныптық шендер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17735 болып тіркелген).

      11. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20466 болып тіркелген).

      12. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 65 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20707 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады