On approval of the Rules for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants

Order of the Minister of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan dated October 1, 2020 No. 366/НҚ. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on October 2, 2020 No. 21360

      Unofficial translation

      In accordance with subclause 9) of clause 2 of article 100-1 of the Entrepreneur Code of the Republic of Kazakhstan dated October 29, 2015, I HEREBY ORDER:

      1. To approve the attached Rules for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants.

      2. To recognize as invalid the order of the Minister of Investment and Development of the Republic of Kazakhstan dated December 9, 2015 No. 1191 "On approval of the Rules for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants" (registered in the Register of State Registration of Regulatory Legal Acts as No. 12989, published on March 2, 2016 in "Adilet" Information Legal System).

      3. The Department of Innovative Ecosystem of the Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan shall ensure:

      1) state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) placement of this order on the Internet resource of the Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan;

      3) within ten calendar days from the state registration of this order, submission to the Legal Department of the Ministry of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan of information about implementation of measures, stipulated by subclauses 1) and 2) of this clause.

      4. Control over execution of this order shall be entrusted to the supervising Vice Minister of Digital Development, Innovations and Aerospace Industry of the Republic of Kazakhstan.

      5. This order shall come into force upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Minister of Digital Development, Innovations,
and Aerospace Industry
of the Republic of Kazakhstan
B. Mussin

      "AGREED"
Ministry of Industry and Infrastructural Development
of the Republic of Kazakhstan

      "AGREED"
Ministry of Finance
of the Republic of Kazakhstan

      "AGREED"
Ministry of National Economy
of the Republic of Kazakhstan

  Approved
by the order of the
Ministry of Digital Development,
Innovations and Aerospace
Development of the
Republic of Kazakhstan
dated October 1, 2020 No. 366/НҚ

Rules for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants

Chapter 1. General Provisions

      1. These Rules for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants (hereinafter referred to as the Rules) have been developed in accordance with subclause 9) of clause 2 of article 100-1 of the Entrepreneur Code of the Republic of Kazakhstan and shall determine the procedure for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants.

      2. The following basic concepts are used in these Rules:

      1) authorized body in the field of state support of innovative activities (hereinafter referred to as the authorized body) - a central executive body carrying out management in innovative development as well as within the limits, stipulated by the legislation of the Republic of Kazakhstan, cross-sectoral coordination and participation in the implementation of state support of innovative activities;

      2) national development institute in technological development - a national development institute authorized for provision of measures of state support of industrial and innovative activities and coordination of the processes of innovative development;

      3) innovative grant – budgetary funds, provided to the subjects of industrial and innovative activities on a gratuitous basis for implementation of industrial and innovative projects within the framework of areas of the provision of innovative grant;

      4) applicant – an individual and (or) a legal entity, submitted an application for an innovative grant.

Chapter 2. Procedure for payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants

      3. Payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants shall be carried out according to the cost estimate specified in the contract concluded between the authorized body and the national development institute in technological development at the expenses, provided for by the budget program in the republican budget for the corresponding financial year.

      The cost of services of the national development institute in technological development shall include the costs of:

      1) informing the public about the start of accepting applications, e conditions for their submission, consultations and explanatory work with potential applicants;

      2) organizing the procedure of the provision of innovative grants;

      3) monitoring of the provided innovative grants in order to analyze the achievement of the planned goals for industrial and innovative projects for which innovative grants were provided.

      4. Payment for the services of the national development institute in technological development in the provision of innovative grants shall be carried out on the basis of a certificate of completion signed between the authorized body and the national development institute in technological development.

Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қазанда № 21360 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.03.2022 № 82/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.03.2022 № 82/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1191 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12989 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 366/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.03.2022 № 82/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

      2) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті берілген ұлттық даму институты;

      3) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруды салааралық үйлестіруді және оған қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) өтінім беруші – инновациялық грантты алуға арнаған өтінім берген жеке және (немесе) заңды тұлға.

2-тарау. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тәртібі

      3. Инновациялық гранттар беру жөніндегі инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу тиісті қаржы жылына бюджеттік бағдарламамен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен уәкілетті орган және инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалған шартта көзделген шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтерінің құны:

      1) гранттар берілген инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізуге;

      2) инновациялық гранттар беру рәсімін ұйымдастыруға;

      3) өтінімдер қабылдау, оларды беру тәртібі туралы жұртшылықты хабардар етуге, әлеуетті өтінім берушілермен консультациялар және түсіндіру жұмыстарына арналған шығыстарды қамтиды.

      4. Инновациялық гранттар беру жөніндегі инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде жүргізіледі.