Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 180 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы № 582 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте № 4918 болып тіркелген) толықтырулар мен өзгерістер енгізілген «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 қыркүйекте № 2495 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 180 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы № 582 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 тамыздағы № 392 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 9 тамыздағы № 225 бірлескен бұйрығымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістер күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Білім және ғылым министрі
___________ Р. Түсіпбеков ____________ Ж. Түймебаев