"Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 180 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 582 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 тамыздағы N 392 және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 9 тамыздағы N 225 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4918 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 146 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 580 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2009.11.18 N 146 және ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.12.20 N 580 Бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 180 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 582 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2495 тіркелген) бірлескен бұйрығынамынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру туралы ережеде:

      43-тармақта "оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу" деген сөздерден кейін ", оқулықты сатып алу және жеткізу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады