1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаттары мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімін және лауазымдық коэффициенттерінің кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 359 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3910 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (А.Т. Теңізбаева) осы бұйрықтың көшірмесін заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев