Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру гранттары мен қаражаттарына байланысты үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімін және лауазымдық коэффициенттерінің кестесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 359 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3910. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 29 қырқүйектегі N 424 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.09.29 N 424 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 337-тармағы 5) тармақшасына сәйкес республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру гранттары мен қаражаттарына байланысты үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының мақсатты пайдаланылуы үшін бақылауды жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру гранттары мен қаражаттарына байланысты үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімі;
      2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру гранттары мен қаражаттарына байланысты үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдық коэффициенттерінің кестесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы Министрінің     
2005 жылғы 7 қазандағы   
N 359 бұйрығына қосымша  

Жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімі

      1. Жобаларды үйлестіруші-консультант
      2. Жобаның техникалық мәселелері жөніндегі бас консультант
      3. Жобаның техникалық мәселелері жөніндегі консультант
      4. Аудармашы

                                          Қазақстан Республикасы
                                             Қаржы Министрінің
                                          2005 жылғы 7 қазандағы
                                         N 359 бұйрығына 2-қосымша

              Жергілікті консультанттардың лауазымдық
                     коэффициенттер кестесі

N

Жергілікті консультанттардың лауазымдар тізіліміне сәйкес санат

Лауазымдық коэффициент Fr

1

2

3

1.

Жобаларды үйлестіруші-консультант

14 дейін

2.

Жобаның техникалық мәселелері жөніндегі бас консультант

12 дейін

3.

Жобаның техникалық мәселелері жөніндегі консультант

11 дейін

4.

Аудармашы

12 дейін

      Жергілікті консультанттың жалақысының орташа айлық мөлшерлемесі мына формула бойынша есептеледі:
      F = R x Fr, мұнда:
      F - жергілікті консультанттың жалақысының орташа айлық мөлшерлемесі;
      R - жергілікті консультанттың жалақысының базалық мөлшерлемесі;
      Fr - лауазымдық коэффициент.

      Жергілікті консультанттың жалақысының базалық мөлшерлемесі (R) "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74  қаулысына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерiнің базалық мөлшерлемесіне тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады