"Үкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаттары мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімін және лауазымдық коэффициенттерінің кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 359 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 29 қырқүйектегі N 424 Бұйрығы

      1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Үкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаттары мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды басқару мәселелері бойынша жергілікті консультанттардың лауазымдар тізілімін және лауазымдық коэффициенттерінің кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 359 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3910 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (А.Т. Теңізбаева) осы бұйрықтың көшірмесін заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                              Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады