"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Қазақстан Республикасы жекелеген тауарлар әкелуге квоталар берудің тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 11 мамырдағы N 130 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1537 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2001 ж. N 25, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (М.Ж. Сәлімгереев) осы бұйрықтың көшірмесін және осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген ресми баспасөз басылымын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Мыңбаев