"Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар әкелуге квоталар берудің тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 130 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 91 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің "Қазақстан Республикасы жекелеген тауарлар әкелуге квоталар берудің тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 11 мамырдағы N 130 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1537 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған 2001 ж. N 25, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (М.Ж. Сәлімгереев) осы бұйрықтың көшірмесін және осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген ресми баспасөз басылымын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        С. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады