Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 17 шілдесіндегі N 690 жарлығы мен "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1 бабына сәйкес "Жерқойнауын пайдаланушылардың жерқойнауын пайдалану үшін операциялар жүргізу есепнамасын беру Ережесінің" бекітілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрінің ҚР табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2000 жылдың 28 қыркүйектегі N 393-п "Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау Министрлігіне Келісімшартты аумақтағы жүргізілген жұмыстар бойынша жерқойнауын пайдаланушылардың геологиялық ақпараттарды беру тәртібін бекіту туралы" бұйрығының күшін жойғаны жөніндегі бұйрықтың жобасы дайындалсын.
2. Осы бұйрықтың көшірмесі ҚР Әділет Министрлігіне жіберілсін.
3. Бұйрықты ресми баспаларда жариялау қажет.
4. Бұйрық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.
Министр С.Мынбаев