Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2000 жылғы 28 қыркүйектегі N 393-Б Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 қазан N 1272 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 шілдедегі N 205 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.07.21 N 205 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қарашасындағы N 1357 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк меншiктiкте есептелетiн және оны ғылыми, коммерциялық, оқулық тағы да басқа мақсаттарға пайдаланудың тәртiбi туралы геологиялық ақпараттар жөнiндегi Ережесiнiң" талаптарын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпаратты беру Нұсқаулығы бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      3. Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетi қажеттi құжаттарды дайындап, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне табыс етсін.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      Министрдің міндетін
      атқарушы

     _____________________________________________________________
     Іске, Геология және жер қойнауын қорғау Комитетіне, РГАО-ғына АБ-рына жіберілсін.

Қазақстан Республикасының
Табиғи ресурстар және 
қоршаған ортаны қорғау
Министрінің      
2000 жылғы 28 қыркүйектегі
N 393-Б бұйрығымен   
бекітілген       

  Жер қойнауын пайдаланушылардың
Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар
бойынша геологиялық ақпаратты беру
Нұсқаулығы

      Ескерту: Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

1. Жалпы ережелер

       1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабына сәйкес, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қаржы көздерiне тәуелсiз, жер қойнауы туралы геологиялық және басқа да ақпарат мiндеттi түрде, тағайындалған тәртiп бойынша, ақысыз геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға сақтауға, жүйелеуге және қорытым шығаруға жiберiледi
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық
есеп беру кезеңдiлiгi

      3. Геологиялық есеп берудiң келесi кезеңдiлiгi белгiленедi:
      1) Жарты жылдық есеп беру;
      2) Жылдық есеп беру;
      3) Контрактi аумақтың бөлiктерi жер қойнауын пайдаланудан босатылған жағдайдағы есеп беру;
      4) Контрактiлiк аумақта барлық геологиялық барлау жұмыстар аяқталған соң есеп беру.

      4. Жарты жылдық геологиялық есеп беру, жер қойнауын пайдаланушының Контрактілік аумақтағы ағымдағы жылдың жарты жылдық зерттеулердiң нәтижесiн мазмұндайды, ол шiлде айының 15-не дейiн аумақтық басқармаға геология және жер қойнауын пайдалану (әрi қарай - аймақтық басқарма) жiберiлуi тиiс. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша, басқарманың жарты жылдық қызметiнiң нәтижесiн шығарып, жинақтық есеп құрастырады. Есептi қағаз және магниттiк сақтаушыда геология және жер қойнауын пайдалану Комитетiне (бұдан әрi - Комитет) шiлде айының 31-не дейiн жiбередi. Жарты жылдық есеп Комитетте қаралған соң "Қазгеоақпарат" Республикалық геологиялық ақпарат орталығына (әрi қарай - "Қазгеоақпарат" РГАО) сақтауға берiледi.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      5. Жылдық геологиялық есеп беру жер қойнауын пайдаланушының Контрактілік аумақтағы өткен жылдың геологиялық зерттеудiң нәтижесiн мазмұндайды. Есеп қаңтар айының 10-на дейiн есеп беретiн жылдың соңғы жылының геология және жер қойнауын пайдалану Комитетiне жiберiледi. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша, геологиялық зерттеудiң нәтижесi жөнiнде басқарма бойынша жинақтық есеп құрастырады. Жинақтық есеп қаңтар айының 31-не дейiн Комитетке жiберiледi. Аумақтық басқарма барлық жер қойнауын пайдаланушылардың есебi бойынша геологиялық зерттеудiң нәтижесi жөнiнде басқарма бойынша жинақтық есеп құрастырады. Жинақтық есеп қағаз және магниттiк сақтаушыда қаңтар айының 31-не дейiн Комитетке жiберiледi. Аумақтық басқарманың жылдық жинақтық есебi Комитетте қаралған соң "Казгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      6. Құзыреттi органмен жасалған Контрактiге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы аумағының бөлiгiнде геологиялық барлау жұмыстарын бiтiргеннен соң, осы бөлiктi жалпы пайдалануға босатады. Сонымен бiрге, жер қойнауын пайдаланушы босатылған Контрактi аумағында өткiзген жұмыстар жөнiнде аумақтық басқармаға бiр айдың iшiнде геологиялық есеп өткiзуi керек. Есеп Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесiнде қаралады (Аумақтық басқарудың Ғылыми техникалық кеңесінің хаттамасы (бұдан әрі - ҒТК) есепке қоса тiркеледi) және ҒТК-те қаралғаннан соң, бiр апта iшiнде Комитетке жiберiледi. Есеп геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органның Ғылыми техникалық алқасында (бұдан әрi - ҒТА) қаралады да "Қазгеоақпарат" РГАО-на сақтауға берiледi. Есеп сақтауға қағаз және магниттiк сақтаушыда тапсырылады. Сол түрде есептiң бiр данасы аумақтық басқарманың мұрағатына сақтауға берiледi. Және аумақтық басқармаға босатылған Контрактілік аумақтың бөлiгiнен жұмыс барысында алынған бастапқы құжаттар тапсырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аумақтық басқармаға тапсыратын бастапқы құжаттамаларының бiрыңғай тiзбесi қоса берiп отыр.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз). 

      7. Келiсiм-шартта көзделiнген барлық жұмыстар аяқталғаннан соң, жер қойнауын пайдаланушы, Келiсiм-шарттың әрекеттiк мерзiмi бiтпей тұрып, аймақтық басқармаға Келiсiм-шартты аумақта жүргiзiлген геологиялық зерттеулер туралы қағаз және магниттiк тасымал түрлерiнде кесiмдi есепнама ұсынады. Кесiмдi есепнама ҒТК қаралып, Комитетке жiберiледi. Комитет есепнаманы ҒTA қарайды да, ҒТА хаттамасын қоса берiп, оны "Қазгеоақпарат" РГАО сақтауға жiбередi. Есепнаманың бiр данасы сақталуға аймақтық басқармаға жiберiледi. Осы Нұсқаулыққа қоса берiлген Тұрпатты тiзбеге сәйкес, аймақтық басқармаға сақталуға және де бастапқы материалдар да жiберiледi.
      Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

3. Контрактiлiк аумақ бойынша геологиялық есеп
берудiң мазмұны

      8. Жер қойнауын пайдаланушының жарты жылдық геологиялық есебiн қысқаша ақпараттық жазулар, қажеттiлiгi бар кезде, жазулардың мәтiнiн дәлелдейтiн, сызбалық қосымшалар (суреттер) құрастырады. Жарты жылдық есептiң ақпараттық толтырылуы Контрактiлiк аумақтағы геологиялық зерттеудiң сатысына байланысты:
      1) аумақтық геологиялық зерттеуде келтiрiлетiн мәлiметтер:  
      Контрактiлiк аумақтың әкiмшiлiк жағдайы;
      Контрактiлiк аумақтағы есеп беру мерзiмiнде орындалған жұмыстардың түрi мен көлемi;
      кенбайлық белгiлерi орналасқан жердiң географиялық координаты;
      сызбанұсқаудағы және тереңдiктегi айқындалған кен байлық белгiлерiнiң мөлшерi;
      кенбайлық белгiлерiнiң сипаттамасы (тау-кен аудандары);
      айқындалған сыртқы ұңғымалық мұнайгаздық белгiлердiң табиғи резервуарлардың сипаттамасы (мұнайгазды аудандар) кенбай қорының болжау бағасы;
      2) айқындалған перспективтiк объект шегiндегi кен iздеу жұмыстары кезiнде 1-тармақшадағы мәлiметтерден басқа, мынадай мәлiметтер келтiрiледi:
      айқындалған рудаланудың топография-минералогиялық бейнелеуi (тау-кен аудандары бойынша);
      руда денесiнiң шамашарттары (тау-кен аудандары);
      перспективтi құрылымының терең құрылысының ерекшелiктерi (мұнайгазды аудандар);
      көмiрсутектi шоғырының шамашарттары (мұнайгазды аудандар);
      кен iздеу немесе шамашарттық ұңғылардың ағынына сынама алудың нәтижесi бойынша мәлiметтер (мұнайгазды аудандар);
      кен байлық қорын бағалау, оның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды шығару;
      3) кен iздеу-бағалау жұмыстарында 2-тармақшада көрсетiлген мәлiметтер мен қатар мынадай деректер келтiрiледi:
      кен орны рудаларының негiзгi түрлерi мен сорттары;
      оңтайлы байыту тәсiмiн көрсетуiмен кендi қайта өңдеу жөнiндегi жоспарланатын технология бойынша деректер;
      кен орнының қазу тиiмдiлiгi, оның өнеркәсiптiк және болжау қорлары жөнiндегi мәлiметтер;
      4) барлау кезеңiндегi объектiлер бойынша 3-тармақшада көрсетiлген мәлiметтермен бiрге мынадай деректер келтiрiледi:
      руда денесiнiң көлемi, пiшiнi және шамашарттары;
      кен қорын есептеу үшiн қолданылған мардымдылықтардың негiзгi шамашарттары (руда денелерi кесте түрiнде);
      кенбайлықтың қазу, су басу дәрежесiнiң гидрогеологиялық жағдайы;
      негiзгi сулы деңгей жиектер мен кешендердiң гидрогеологиялық шамашарттарын бағалау мәлiметтерi (жерасты суларын iздеу уақытында).

      9. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық геологиялық есебi, өткен жылдағы геологиялық зерттеулердiң нәтижесi жөнiндегi ақпараттарды құрастырады. Жарты жылдық ақпараттарға қарағанда олар нақтылау және толықтау болуы қажет. Жылдық есеп ақпараттық жазулар, оларды дәлелдейтiн сызбалық қосымшалар түрiнде берiледi. Жылдық есептiң мәлiметтiк толықтыруы Контрактiлiк аумақты зерттеу сатысына байланысты:
      1) Контрактiлiк аумақ бойынша қатты кенбайлықтарды геологиялық зерттеуде есепке келесi деректер енгiзiледi:
      әкiмшiлiк жағдай;
      Контрактiлiк аумақтың қысқаша геологиялық сипаттауы;
      аймақтық зерттеулердiң әдiстемесi, орындалған жұмыстардың түрлерi мен мөлшерi; жер қойнауын пайдаланушы арқылы айқындалған кенбелгiлерiнiң және минерализация нүктелерiнiң сипаттамасы: географиялық координаты, жоспар мөлшерi, геологиялық сипаттауы, айқындалған кенбелгiлерiнiң сипаттамасы (пайдалы құрамдастар және олардың мөлшерi, келешекте зерттеу перспективасы);
      айқындалған перспективтiк құрылымдардың сипаттамасы: географиялық байланыстыру, геодезиялық шамашарты, перспективтiк деңгей жиектердiң жату тереңдiгi, олардың стратиграфиялық байланысуы, қордың болжау бағасы (мұнайгазды аудандар). Аймақтық зерттеулер бойынша жылдық есептiң мәтiнiне келесi сызбалық қосымшалар бiрге ұсынылады:
      Контрактiлiк аумақтың аймақ масштабындағы геологиялық карта;
      перспективтiк құрылымдар, учаскелер, белгiлер, картада көрсетiлген геофизикалық және геохимиялық ауытқуы бойынша нақтылау масштабындағы геологиялық карта - бұрандалар (тау-кен аудандары);
      негiзгi қадабелгi бетiнiң құрылымдық карталары (мұнайгазды аудандар);
      айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша тiлiмдер (мұнайгазды аудандар);
      характерлi қиылыстар бойынша уақытша және тереңдiк тiлiмдер (мұнайгазды аудандар);

      10. Перспективалы учаскелердегi, кенбелгiлердегi және құрылымдардағы кен iздеу жұмыстарының нәтижесi бойынша геологиялық есепте 9-тармақтағы ақпараттарға қоса келесi мәлiметтер келтiрiледi:
      1) перспективалы учаскенiң, кенбелгiнiң және құрылымының географиялық-экономикалық жағдайы;
      2) айқындалған кен объектiнiң геологиялық құрылысының сипаттамасы, заттың құрамы (тау-кен аудандары);
      3) кен қыртысының, пайдалы құрамдастар мөлшерiнiң шамашарттары, Р1 категориялы қордың бағалауы, олардың ТЭК-сi деңгейiндегi геологиялық-экономикалық сипаттамасы (тау-кен аудандары);
      4) мұнай және газ жұмыстарында көрсетiледi: айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнiмдiк құрылымдардың, мұнайгаздылық белгiлердiң және көмiрсутектi белгiлерiнiң атаулары, битуммен кирларды қоса алғанда;
      негiзгi шағылдығыштық деңгей жиектер бойынша құрылымдық карталар, коллектордың белгiлерi бойынша мәлiметтер, iздестiру және шамашарттық төтелдердiң ағыны бойынша бұрғылау және сынамалаудың нәтижелерi, олардың көлемi, А+Б+С1 және С2 категория бойынша қордың бағалауы;
      төтелмен анықталған литологостратиграфиялық тiлiк, төтелдiң құрылысы, коллектордағы мұнай, газ, судың мөлшерi, төтелдiң қысқаша желiлеуi, кедергiлер және басқа, Контрактiде ескертiлген, мәлiметтер.
      Контрактiлiк аумақтың iздестiру сатысындағы зерттеулер бойынша жылдық есепке тiркелiнедi:
      спектрлiк талдаудың жанасқазба деректерiмен бiрге кендi аймақтың сынамалау жоспары (тау-кен аудандары);
      төтелдiң жынысөзегiнiң спектрлiк талдау нәтижесiн шығарумен бiрге барлама бұрғылау мәлiметтер бойынша геологиялық тiлiмдер (таукен аудандары);
      барлама төтелдердiң геологиялық ұстындары (тау-кен аудандар);
      мұнайгазды аудандар бойынша тiркелiнедi: негiзгi шағылдырғыштық деңгейжиектер бойынша жете құрылымдық карталар, характерлi бағыттар бойынша тереңдiк және уақытша тiлiктер, каротаж сызбаайшықтармен қоса бұрғыланған төтелдердiң геологиялық тiлiмдерi, олардың ағыны бойынша сынамалау нәтижесi.

      11. Контрактiлiк аумақты зерттеудiң iздестiру - бағалау сатысының нәтижесi 10-тармақтағы мәлiметтерге қоса (тау-кен аудандары) жылдық есепте келесi ақпараттар келтiрiледi:
      1) айқындалған кен орнының негiзгi түрлерi мен сорттары;
      2) кендi қайта өңдеудiң қолайлы пайдалану технологиясы;
      3) кен қазымының гидрогеологиялық және тау-технологиялық жағдайы;
      4) кен орнының өнеркәсiптiк және болжау қорлары, пайдалы құрамдастардың мөлшерi;
      5) кен орнының қазым тиiмдiлiгi.
      Жылдық есептiң мәтiнiне Нұсқаулықтың 10-тармағындағы мәлiметтерден басқа, келесi сызбалық қосымшалар келтiрiледi;
      жекеленген (типтi) барлау сызықтары бойынша геологиялық - есептеу тiлiмдерi;
      Р1 категорияны болжау, С1 және С2 категориялардың ең маңызды блоктар қорларының блокировкасы (тау-кен аудандары).

      12. Барлау және кен орындары өнеркәсiптiк игеруiне дайындау жұмыстары бойынша жылдық есепте келесi мәлiметтер келтiрiледi:
      1) кеннiң географиялық координаты;
      2) барлау әдiстемесi, жұмыстардың түрлерi мен мөлшерi;
      3) кен орнының геологиялық сипаттамасы;
      4) тау-кен аудандары бойынша: кен қыртысының мөлшерi, пiшiнi, шамашарттары, кеннiң минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациялар, пайдалы құрамдастардың белгiлеу пiшiнi туралы деректер; пайдалы құрамдастардың негізгi минералдар-сақтаушылары; қорды есептеу үшiн кондициялардың шамашарттары, кенбайлық қорды есептеудiң нәтижесi (руда денесi кесте түрiнде); кеннiң технологиялық қасиеттерi және заттың құрамы, кен шикiзатты қайта өңдеудiң ұтымды технологиялық тәсiмдерi; кен орнын игерудiң техника-экономикалық көрсеткiштерi;
      5) мұнай және газды барлауда: коллекторлардың сыналау аймағының, өнiмдiк деңгейжиектердiң геологиялық құрылымы, жыныс-коллекторлардың шамашарттары; төтелдi ағыны бойынша зерттеудiң нәтижесi; өнiмдiлiктiң коэффициенті; су-газды, мұнайсулы түйiспелердiң түрлерi; жойылған және тоқтатылған төтелдер туралы мәлiметтер.
      Кен орнын барлау және өнеркәсiптiк игеруге дайындау жұмыстары бойынша, 11-тармақта көрсетiлген сызбалық қосымшалардан басқа, келтiрiлетiн:
      Руда кенiнен: геологиялық бойлау жармалары; кен орнын бiркелкi
сипаттайтын геологиялық - есептеу тiлiмдерi; 2-i-3-i деңгейдегi горизонт жоспарлары; негiзгi кен сiлемi қорлардың блокировкасы;
      Мұнай және газ кенi бойынша: әрбiр өнiмдiк деңгейжиектердiң жете құрылымдық карталары, литология - геологиялық тiлiмдер, төтелдердi сынау нәтижесi.

4. Контрактiлiк аумақтың геологиялық барлау
жұмыстарынан босатылған бөлiгi бойынша есеп беру

      13. Геологиялық барлау жұмыстарынан босатылған Контрактiлiк аумақтың (жоспарлаған қайтарымы) бөлiгi бойынша жер қойнауын пайдаланушының геологиялық есебiнiң мазмұны, барлау жұмыстарының түрлерi бойынша геологиялық есептi құрастыру жөнiнде Комитет нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуi қажет.    

5. Контрактiлiк аумақтағы аяқталған барлық жұмыстар
бойынша ақырғы геологиялық есеп

      14. Ақырғы геологиялық есеп аумақты зерттеудiң барлық, Контрактiде ескертiлген, сатылардың нәтижесiн көрсетуi тиiс.

      15. Геологиялық есептiң мазмұны, оның мөлшерi, мiндеттi құрылымдық элементтерi, олардың орналасу тәртiбi, барлау жұмыстарының нәтижесi бойынша есептi құрастыру, оны безендiру жөнiндегi Комитет нормативтiк құқтық актiлерiне сәйкес келуi қажет.

Жер қойнауын пайдаланушылардың
Келiсiм-шарттық аумақтардағы
жұмыстар бойынша геологиялық
ақпарат беру туралы     
Нұсқаулыққа Қосымша    

      Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы Нұсқаулықтың  атауына өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).    

Жер қойнауын қорғау және пайдалану
Аумақтық басқармалар тарапынан сақтауға тапсыратын
бастапқы құжаттамалардың
БІРЫҢҒАЙ ТIЗБЕСI

      1. Далалық күнделiктер, журналдар, тiзiмдер пиккеттiк байқау кiтапшалары, өлшеулерi, айқындауы (соның iшiнде координаты, қатесi, түзетiлгенi) және сонымен әрi басқа да барлық жұмыс түрлерi мен топогеодезиялық далалық жұмыстарды қамсыздандыру материалдары.
      2. Тау жыныстары, ұңғы, су көздерiнiң пайда болуы және тағы да басқа құжаттамалар журналдары.
      3. Сынамалау (су айдау, су құю, су зерттеу), тасбаған, үлгiлер, тастiлiм жинағының журналдары.
      4. Жұмысшы әуе (ғарыш) фотоматериалдары, топонегiздерi.
      5. Ұңғылар, тау-кен қазбалары, кескiндер байланысы мен топографиялықтордың пункттерi геохимиялық, геофизикалық жұмыстарға және басқа да мақсаттардың координат каталогтары.
      6. Геофизикалық, геохимиялық және гидрогеохимиялық ауытқулардың каталогтары.
      7. Зерттеулер, сынақтар және тағы басқа талдау түрлерiнiң нәтижелерi.
      8. Спектограммалар.
      9. Тастiлiм, таскесiм сипаттамалары.
      10. Фауналар, флорлар мен шаңдатқыш кешеннiң сипаттамалары.
      11. Ұңғылардың геологиялық зерттеулер және ұңғылардың басқа да зерттеулерi, каротаждың диаграммаларымен материалдары.
      12. Геологиялық тыңғылықты (қабатсайынғы) қималар.
      13. Ұңғылардың қиманың бағаналары.(қималары)
      14. Нақтылы материалдар картасы.
      15. Тас материалдар (тасбаған, фауналар, үлгiлер) сынаманың екiншi даналары.
      16. Геологиялық мазмұндағы авторлық (жұмыс) картаның даналары.
      17. Әуегеофизикалық зерттеулердiң далалық материалдары:
      1) әуемагнитметрлерi, спектрметрлердiң әуемагнитметрлерi, анологиялық диаграмма таспалары мен журналдары;
      2) магниттiк вариациялардың таспалары мен магнит өрiсiнiң өзгерiстеу графиктерiнiң журналы;
      3) анологиялық таспалар және басқа материалдар аппаратуралық
бақылауға бағытталған операциялар;
      4) дискеттердегi учаске түсiрiмдерiнiң көшiрмелерi оның iшiнде дифференциалдық арналар бойынша санау жылдамдығының түзетiлген бастапқы деректерi бар, шкал (шәкiл) нөмiрi және жиналу уақыты, магниттiк индукция;
      5) топогеодезиялық (радиогеологиялық байланыстар, әуежолдарының ұшу схемасы, бастапқы және соңғы жолдарының координаталарының магниттiк таспалар паспорты, толық вектор модулi, топобелгiлеу деректерi бар).
      18. Сейсмобарлау зерттеулерге соның ішiнде тiгiнен сейсмокаратаждардың далалық материалдары:
      1) сейсмаграммалық тiркеу журналдары;
      2) операторлардың рапорттары;
      3) статикалық түзетулер, атқылау сызбасы;
      4) профильдiк уақытша және миграциалдық қималар;
      5)магниттiк таспалар түрiнде шыққан далалық мәлiметтерi немесе жинақы жазбалы кассеталар.
      19. Гравиметрикалық зерттеулердiң далалық материалдары:
      1)гравиметрикалық пункттердiң тiректiк және қарапайым каталогтары;
      2)карталардың далалық варианттарының қатты негiзi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады